Құрметті достар!   Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Президиумы 2015 жылғы 17-18 қазанда Астанада өтетін дәстүрлі конференцияға дайындығын бастап кетті. Конференцияның жалпы бағыты: «Жанның экологиясы». Бұл тақырып біздің досымыз Сесьто Кастаньоли ұйымдастырған Швейцариядағы кездесуде туындады және ғаламшарымыздың экологиясына арналды.

02.06.2015

III. Рухани Мәдениет пен БАҚ

Жаһандану жағдайындағы Түркі әлемінің мәдени-рухани ынтымақтастығы

1991 жылы КСРО-ның жойылып, түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздік алуы Түркі әлемінің қайта жандануына түрткі болды. Аталған елдердің барлығы да жетпіс жыл бойы кеңестік саясат салдарынан Түркиямен байланысын үзіп алған болатын. Түп тарихы мен тілі, мәдениеті мен діні ортақ осы елдердің басын біріктіруге түркітілдес мемлекеттердің барлығы мүдделі болғанымен, бұл ретте негізгі міндетті Түркия Республикасы атқарды. Осы орайда академик Әбдуәлі Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлы: «Советтер одағы тарағаннан кейін «түркі әлемі», «түркі дүниесі», «түркі қауымдастығы» деген ұғымдар қалыптасып, тарала бастады.
Бұл идеяның түпкі мақсаты – сонау ерте кезде бір ұядан түлеп ұшып, көптеген Еуразия елдеріне өз үстемдігін жүргізіп, көшпелілер мәдениетін таратқан, алайда тағдырдың тәлкегімен жер бетіне тарыдай шашылып, шөре-шөре болып, арасы алшақтап кеткен миллиондаған түркі халықтарының бүгінгі жаңа заман толқынымен қайта жаңғырып (тегін анықтап, рухани байлығын түгендеп), тұтастығын тану, тіл бірлігі, дін бірлігі, діл бірлігі ортақ мәдениет негізінде жаңа ғасырда «түркі дүниесі» болып жаңаланып бару.