Пікірлер

Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына қатысушы Сюзанна Робертстің хатын жариялаймыз

Менде барлығымыз үшін көптен күткен, қажетті ақпарат бар. Біз ІІ Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумын ұйымдастыруға БРМФ Президиум мүшесі Светозар Дарневтен 500000 ресей рублі көлемінде алғашқы салым алдық. Осыған байланысты Светозар Дарневке барлығымыздың атымыздан жіберген хатымды жариялап отырмын.

Рухани мәдениеттің дамуына ат салысып жүрген барша азаматтардың және өзімнің атымнан конференцияға қатысушыларға тамаша баяндамалары үшін, конференцияның жұмыстарына белсенді түрде қатысқандары үшін және біздің қозғалысымызды әрі қарай жалғастыруға байланысты нақты ұсыныстары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Бәрекелді! Сізді мақтан тұтамыз, досым. Бұл, әлбетте, Сенат депутаты Төлегенге және Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына шын ынтамен қатысатын біздің барлығымызға оң әсерін тигізеді.