Нұржамал Үсенбаваға туған күнге арналған құттықтау тілектер

Қазақстанның халы әртісі Н.Үсенбаөваға

Қымбатты Нұржамал!

Өмірдің өнегелі белесін бағындырған төл мерекең - Туған күнің құтты болсын!

Осы күні қабырғалы халқымыз Өзіңді өнердің «өз тілін» меңгерген қайталанбас дарын иесі ретінде төрткүл дүниеге қазақ операсы мен эстрадасын кемел қырынан танытып жүрген дара түлға деп біледі.

¥зақ жылдар бойы әлемнің түрлі сахналарында өнер көрсетіп, бойыңцағы ерекше сұлулық пен әсемдіктің, шеберлік пен әсерліктің үйлесімін паш еттің. Осы арқылы тыңдарманыңды тауып, ел мен жүрт
тарапынан ыстық ықыласқа бөленумен келесің. Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, еліміздің түрлі марапаттары мен шет елдердің атынан берілген құрметті дәрежелерің, соның ішінде Татарстанның халық
әртісі атағың, осының айшықты айғағы.

Міне, осынау ерелі де енегелі жолдың арқасында Сен бүгінде халықтың сүйіспеншілігіне ие ел еркесі ғана емес, аяулы жар, бақытты анасың. Қазақ музыкасына өшпес із салған тарлан композитор, ардақты
досым Телегенмен бірге - бірің шаңырақтың тірегі, бірің — шырағы болып, ел мақатанар ұрпақ тәрбиелеп, есірдіңдер.

Осының барлығы — езге емес, ең алдымен ез еліміздің игілігіне қосылған елшеусіз үлес деп білемін. Олай болса, осы жолдағы шабытың сарқылмасын! Өмірің қашан да жақсылық пен жасампаздыққа, қуаныш пен
шапағатқа толы болғай! 

Телеген екеуіңе зор денсаулық, үзақ та баянды ғумыр, әулеттеріңе амандық, шығармашылықтарыңа мол табыстар тілеймін!

Изгі тілекпен,

Иманғали Тасмағамбетов
Мәскеу,
4 маусым, 2018 жыл.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ