Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістері
ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық баспасөз құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады. Негізгі пікірталас та нақ осы мәселе төңірегінде қозғалады.
Американдық газет редакторларының қоғамы 1923 жылы бекіткен, қазірге дейін маңызын жоймаған «Журналистика дәстүрі» тұжырымдамасында баспасөз бостандығы туралы алғаш рет БАҚ қызметкерлерінің өздері нақты анықтама берді. Онда: «Баспасөз бостандығы – адамзаттың ажырамас құқықтарының бірі. Мұның өзі заңмен тиым салынбағандардың бәрін ... талқылау бостандығына ие болу» делінген.
Заң шеңберіндегі осы бостандық жарияланатын ақпараттың әділ, шын, дұрыс, нақты және анық болуымен, оқырманға адалдықпен, ешкімді алаламайтын туралықпен,моральдық жоғары парасаттылықпен дәйектелуге тиіс.
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті.
Елімізде өткен жылдардың ұзына бойында баспасөз бостандығы жолында атқарылып келген демократиялық сипаттағы шаралардың бәріне шолу жасасақ, тәуелсіз журналистика жөніндегі көшқұлаш ғылыми сараптамаға айналар еді. Сондықтан осы бағыттағы негізгі қадамдарға ғана тоқталайық.
Қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. 1993 жылы БАҚ қаламгерлеріне арнаған сөзінде өтпелі шақтағы қиындықтарға тоқтала келіп: «Республикада қалыптасып отырған жаңа экономикалық, әлеуметтік ахуалда мұндай сыннан өтудің сөзсіздігін түсіндіруде журналистер сөзінің жауапкершілігі зор. Нарықтық қатынастар мен қоғамды одан әрі демократияландыруға бұдан басқа парасатты балама жоқ екенін баршаның түсінуі керек» - деген еді.
БАҚ ұжымдары, елдің көрнекті баспасөз өкілдері Президентті қолдады, ақпарат тасқынында тәуелсіздік рухымен суарылған, жігерді жаныған, келешекке сендірген жаңа лептегі мазмұнды мақалалар басым болды. Бұған республика таңдаған саяси-экономикалық бағыттың дұрыстығы, Елбасының журналистер қауымымен жиі кездесіп, олардың ой-ұсыныстарын барынша қанағаттандыруға ұмтылуы, ақпарат қызметінің алғы мұраттарын дер кезінде дәл айқындап бере білуі айрықша ықпал етті. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ақпарат жүйесін қаржылық дағдарыстан неғұрлым тез алып шығу үшін жасалған батыл қадам еді.
Сол бір кездесуде Президент баспасөз жетекшілерін ТМД және шалғай шетелдердің ақпарат қуаттарымен тең түсетін қазақстандық БАҚ құруға шақырды. Соған қажетті алғышарттардың бәрі жасалуына ұйтқы болды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді. Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін барынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақ елі күрмеуі қиын сонау 1992 жылдың өзінде БАҚ еркіндігі туралы әлеммен бетпе-бет сұхбаттасты. Республика Президентінің ұйғарымымен Қазақстан Үкіметі ЮНЕСКО-мен бірігіп, Алматы қаласында тәуелсіз ақпарат құралдарының халықаралық конференциясын өткізді. Оған дүниежүзінің 160-тан астам елінен делегаттар келді. Бұлардың дені жаһанға белгілі аса ірі телерадиокомпаниялар мен газет-журналдардың, баспалардың жетекшілері, әйгілі тілшілері еді. Осы беделді шығармашылық топпен бірге қазақстандық журналистер баршаға мәлім «Алматы Декларациясын» қабылдады, жаһандағы әріптестеріне цензурасыз, шектеусіз әділ БАҚ туралы мәлімдеді. Әлі бұғанасы бекіп үлгермеген жас мемлекеттің сөз бостандығын біржола таңдағаны және сол жолда батыл қадамдарға баратыны туралы ашық жария етті. Бұл нық шешімді Нұрсұлтан Әбішұлының осы конференция өткен соң бір жылдан кейін баспасөз жөнінде айта келіп: «Демократияның тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ» - деп айқын баяндауы да дәйектей түсті.
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты.
Республика Президенті 2006 жылғы 18-тамызда «Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Ол өтіп кеткен ғасырдың 90-жылынан бергі уақытта баспасөзді жаңа заманға сай бейімдеу мен халықаралық талаптарға сәйкес өркендету жолында жүргізілген жұмыстарды жүйелеп, мазмұн жағынан одан әрі тереңдету, елімізде жүргізілген және жалғасын тауып отырған саяси-әлеуметтік реформалармен үйлестіру мақсатын көздеді.
Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:
1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
3. Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
Сандық теледидарды енгізу.
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті. Мемлекет осы заманғы әлемдік стандарттарды ескере отырып ақпарат құралдарының сапасын жақсартуға бұрынғыдан да айрықша мән бере бастады. Бәсекелік ортаны ынталандыру ақпарат жөніндегі саясаттың негізгі нысандарының біріне айналды.
Қазақстан БАҚ еркіндігі, халықтың ақпаратты жан-жақты алуы және ХХІ ғасырдағы ақпарат алмасу мүмкіндігін молайту жөніндегі халықаралық талаптарды кеңінен жүзеге асырып келеді. Бұл, екінші жағынан, республиканы осы заманғы ақпараттық өркениетке қосудың ықпалды жолы. Қазіргі таңдағы ақпарат жаһандық ақыл-ойдың әлемге барынша жедел ортақ болуының құралы. Ғаламда бүгінде шын мәнінде ақпарат революциясы қаурыт жүріп жатыр. Мәдениет, технология т.б. салалардағы соңғы жетістіктердің планетаның түкпір-түкпіріне тез жетуі микроэлектроника жүйесін ғаламат шапшаңдықпен дамытуға, бұл өз ретінде ғылымға негізделген өндірісте еңбек өнімділігін миллион есе арттыруға әсер етті.
Бұқаралық дегеніміз – ақпаратты көпшіліктің қабылдауына қолайлы етіп тарату. Жаңалық, саяси немесе әлеуметтік хабарлар қарапайым тілде белгілі бір түсініктемелерсіз қазқалпында беріледі. Көпшілікке мәдени шоу түріндегі танымдық бағдарламалар жиі ұсынылады. Элиталық бұған керісінше аналитикалық талдау хабарларына құрылады. Саяси сараптамалық, мемлекеттік талдау т.б. бағдарламаларына басымдық беріледі. Егер дамыған елдерде белгілі осындай арналар түрлі тақырыптарға басыбүтін бейімделсе, Қазақстанда жекелеген телеарналар саналуан тақырыптағы бағдарламаларды араластыра беруге мәжбүр. Мұны ақпараттық мүмкіндіктің белгілі дәрежеде шектелуі десек, оған Үкімет пен тиісті министрліктерден бұрын Республика Президенті назар аударып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына берген сұхбатында осы мәселеге арнайы тоқталды. Журналистердің шетелдік ақпаратты еркін таратудың идеологиялық салдары туралы сауалына жауап бере келіп: «Шетелдік арналардың бәрінен шошынта сөйлеу дұрыс емес,- деп атап көрсетті. – Кейбір арналар арқылы қаншама тартымды хабарлар беріледі. «Дисковери», «Культура», «История» сияқты арналардың танымдық құндылығы ерекше жоғары. Өзімізде ондайлар жоқ. Елдің білімін көтеретін, көп мағлұмат беретін сол арналардан үйренуіміз керек. Бара-бара ондай тақырыптық арналарды біз де ашатын боламыз. Мен жақында «Жас Отан» жастар қанатының съезінде қазіргі «Еларнаның» негізінде мәдениет, спорт және жастардың рухани – имандылық құндылықтары мәселелеріне арналған телеарна құру туралы мәселені шешуді тапсырдым».
Президенттің бұл ұйғарымы оның барлық бастамалары секілді мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау тауып отыр. Мұның нақты дәлелі – 2009-2011жылдарға арналған республика бюджетінде сандық телеарналарды құру арнайы баппен қаралып, мақсатты қаржы бөлінуі.
Сандық теледидардың іске қосылуы бір ғана «Қазақстан» арнасының жанынан бірнеше жаңа арна ашуға мүмкіндік туғызады. Сол кезде Республика Президенті алға қойып отырған маңызды міндеттердің бірі – қазақ тіліндегі теледидар хабарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты түбегейлі жүзеге асады. Мемлекеттік тілде тәулік бойы хабар тарататын жеке арна ашу мұраты да орындалады.
Елбасы отандық БАҚ-ты осы заманғы деңгейде ұдайы дамыту қажеттігіне мән бере отырып, тағы бір маңызды міндет жүктеді. Ол - Республиканың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық аренада, нақтырақ айтқанда ғаламдық ақпараттық кеңістікке ілгерілету мақсаты.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегенде Президент әлемде жүріп жатқан ірі өзгерістерді назарда ұстап отырғаны белгілі. Бұл өзгерістердің ішінде ортақ ақпараттық кеңістік құру мұраты мемлекеттердің үндесе және үйлесе дамуы үшін пайдалы болары анық. Ел ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасында бұл мәселе нақты ескерілген болатын. Ақпараттың жаһандық жазирасына біз телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту арқылы жетеміз.
Қазақстан өзінің өркендеу жолында талай асқарды еңсерді, оның келешекте ақпарат әлемінде де бой көрсететіні даусыз. Осы өрелі мақсатқа ұдайы талпына отырып, ішкі ақпарат жүйесін одан әрі жетілдіру мақсаты күн тәртібінен түспек емес.
Республикадағы баспасөз еркіндігі жайында қозғаған осы аз-кем әңгімемізде алдымен сол саладағы халықаралық құжаттарға иық тіреп едік. Олардың бәрінің екі тұғыры бар екенін көрдік: бірі – сөз бостандығы, бірі - әділдік. Қазақстан сөз бостандығын беріп отырып, әділдікті талап етуге құқылы. Елбасының сөзімен айтсақ: «Қоғамға шынайы ақпарат керек. Біріншіден, азаматтардың нақты өмірдің , сондай-ақ, көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден, іскерлік, парасат, сондай-ақ пысықайлық қайда екенін, төртіншіден, халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік беретін ақпарат керек».
Иә. Баспасөз еркіндігінің мұраты – ақиқат пен әділдік. Ақиқат тұлғаланған ортада әділдік заңғарланады.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ
ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Елімізде білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, соған байланысты тұжырымдар мен білімге байланысты заңдар да қабылданып, жүзеге асуда. Алайда кәсіптік білім-тәрбие беру саласында оқушылардың имандылық тәрбиесін қалыптастыру мен үшін маңыздырақ. Жалпы имандылықтың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ұлы педагогтар: Әл–Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбергенов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин А.Мұхтар т.б. өз шығармаларында құнды ой–пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен.
Жалпы, ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар: діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Сондай-ақ, әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.
Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды.
Жалпы, дін мен дәстүрдің өзара байланысы аса қажет. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігі, әрбір іс-әрекеті Исламмен астасып жатыр деуге толық қақымыз бар. Мәселен, қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі - шілдехана. Баланың дүниеге келуі - тек бір ғана отбасының емес, бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған. Бала - өмірдің қызығы. Атам қазақтан: «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деген аталы сөз қалған. Сондықтан да, ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа» деп аталады. Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша «қалжа» делінеді. Атаулары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа» қойы ер балаға екі, не, бір қой соятын болған. Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға қарағанда қомағайлау болатындықтан, (анасын көбірек емеді) екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар, бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп, өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп. Ата-бабаларымыз босанған әйелді 40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Асыл дініміз Исламда да әйел босанған уақыттан бастап, 40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни, етеккірі кезінде намаз оқымайды, ораза ұстамайды, күйеуіне жақындаспайды. Тағы бір мәселе - ақиқаға сойылатын малдың үкімі жайында. Сойылатын қойдың барлық жағынан алғанда семіз әрі күтімді болуы тиіс.
Қазақтың ең үлкен дәстүрлерінің бірі - шілдехана тойы да Ислам дінімен тығыз байланысты. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады. Осы тұста шілдехана сөзінің қайдан шыққандығына тоқтала кетсек. Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил - «40», хана - «той» деген мағынаны білдіреді. Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні ел жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Діни тұрғыдан айтар болсақ, босанған әйелге 40 күн аяқталған соң намаз оқып, ораза тұтуы, қажылыққа баруы, Құран кітабын ұстауға, күйеуімен жақындасуына рұқсат етіледі. Біздің қазіргі қоғамда, әртүрлі діндер мен түрлі өркениеттер тоғысқан тұста мұндай елдік, діндік дәстүрлер толыққанды сақтала бермеуі мүмкін. Немесе дінді ұстанғансып, ділдік дәстүрлерімізден қалып қоятын жағдайларға жол беріліп жатады. Керісінше, салт-дәстүрлерді ұстандым деп, діни қайшылыққа да орын берілетін кездер аз емес.
Жалпы, жоғарыда айта өткендей, дәстүрдің дінімізбен, діліміз дәстүрімізбен өзара астасып жатса нұр үстіне нұр.Осындай біздің дәстүрлеріміз көп жылдар бойы сақталып келген тәлім – тәрбиенің үздіксіз процесі. Бұл үздіксіз процес кәсіптік білім беру мектептеріндегі оқушылардың иманы берік болып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге үйретеді.
Тұлғаның имандылық, рухани–адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде де өзекті мәселе болып келген. Оның өнегелі үлгілерін жастар тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық–педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, келесі ғалымдар еңбектерінде жалғасын тапты. (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А. Сухомлинский, А.С.Макаренко, Б.С.Гершунский, И.П.Подласый, Н.Е.Щуркова т.б.). Заманымыздың арқалы ақындары Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова. Т.Айбергенов т.б. еңбектерінде имандылық, құрмет пен сыйластық, қадір–қасиет, кішіпейілділік, адамгершілікті ту етіп жырлаған.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту, соның ішінде менің тоқталатыным кәсіптік білім беруде оқушылардың имандылық тәрбиесін қалыптастыру. Кәсіптік білім беру мектептеріндегі оқушылардың өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазірігі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіруге тәрбиелеу маңызды шара. Адамның тәндік, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуын рухани дамудың өлшемі ретінде алуға болады.
Жалпы даму дегеніміз – адамның тәндік, жандық және рухтық сипатының біртұтас үйлесімділікте өрбуі, яғни дүниедегі адам болмысының көздеген мақсаты. Егер әр түрлі ғылым салалары, мәселен, тәнтану, физиология, психология, әлеуметтану адам дамуының мүмкіндігін, оның тетігін анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы жүзеге асырылатынын сипаттап, көрсетеді. Даму күрделі, қозғалмалы үрдіс болғандықтан, тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәжірибесі өзара
Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі болып табылады. сабақтасады. Ал рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін – өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру болып табылады.
Тәрбие бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамды дамытады. Тәрбие барысында адамның дамуына басшылық жасалады, оны тәрбие арқылы жеделдетуге немесе өзгертуге болады. Нәтижелі тәрбие тұлғаны дамытады. Осы орайда ХХI ғасырдың алғашқы жылдары діни –имандылық мәселелеріне байланысты А.Елемесова «Абай мұрасындағы рухани имандылық тәрбие» (2010ж.), Н.С.Әлқожаева «ХХI ғасыр Екінші жартысындағы ағартушылар мен мұраларындағы имандылық идеяларының дамуы» (2001ж.) тақырыптарында кандидаттық диссертациялар қорғап, ұлы демократ - ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларындағы имандылық идеяларды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын көрсетті. Бұл еңбектерді педагогика ғылымындағы жаңа бағыт, тың арна деп қабылдауңа болады. Ислам дінінің мән–мазмұнын, оның тәрбиелік қырларын қазақ халқының салт - дәстүрлерімен сабақтастыра зерттеген ғылыми–педагогикалық еңбекке педагогтар қауымы бүгінгі күні өте зәру. Балабақшаға, мектепке, жоғары оқу орындарына арналған рухани имандылық тәрбие берудің нақты бағдарламалары, оқу - әдістемелік құралдары әлі жасалынған жоқ. Бұл мәселе жөнінде Ресейдегі оқу – тәрбие ісі көш ілгері. Мысалы, Ресей үкіметі сыныптан тыс уақытта православие мәдениетін тәрбие жұмысына пайдалануды жоспарласа, Татарстан әлдеқашан Ислам дінінің қағидаларын мектептің оқу – тәрбие ісінде пайдаланады себебі, «…біздің дініміз біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті,тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. Адам баласының иманжүзділігі, өзінің жеке басының тәрбиелілігі жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну- өте бір психологиялық, ол –сенім,бір нәрсеге сену... Бірақ адам баласының миында бір-ақ сенім бар. Олай дейтініміз-миды бөлшектеп тастауға болмайды. Бұл –дінге байланысты, сенімге байланысты, яғни Аллаға сену. Жалпы, Алла әрқайсымыздың жүрегімізде деген мәселе. Адамның арына, ұлтына сену керек. Осыдан барып басқа сенім көрсеткіштері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену... Діннің қуаты, күшті жері –адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу» дейді ғалым – ұстаз Арын Мұхтар Ғалиұлы «Бес анық» еңбегінің ішіндегі дін туралы ой толғамында.
Имандылық тәрбиесі – ұлағатты іс.
Бүгінгі мақалада ғалым – ұстаз Арын Мұхтар Ғалиұлының «Бес анық» еңбегінің ішіндегі дін туралы ойтолғамына тоқталғалы отырмыз. Өйткені, осы еңбегінде ол дінді ұлттық рухқа тікелей қатысты бар, ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші,тәртіпке салушы ерекше күш бар нәрсе деп қарастырады. Әсіресе, діннің ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға тәрбиеге үлкен әсерін тигізетіндігін айта келе «Дінсіз ұлт халық болмайды» деп тұжырымдайды және ол еліміздің тәуелсіздігіне, халқымыздың азаттығына байланысты туындаған ой, ойлау еркіндігі мүмкіндігін ескере отырып дін туралы төмендегідей пайымдаулар жасайды.
«Ислам діні – Жалпы өзінің толғамдарының атауын Шәкәрім ізімен «Бес анық» деп атап, оған «дінді» қосуынан Шәкәрімнің «Үш анығымен» байланыстылығын аңғаруға болады.
Шәкәрім мен М.Арынның имандылық, иманжүзділік, сенім ұғымдары бір- бірімен үндесіп жатыр.
Шәкәрім өлеңдеріндегі ойшылдық, философиялық пікір танымдары «Үш анық» деп аталатын қолжазба-көшірмелерінде жатса, М,Арын діни танымнан, наным сенімдерден алатын тәрбие туралы ой толғай отырып өзімнің шариғатқа қатысты пікірін былайша өрбітеді... «Адамаралық қарым-қатынаста жалпы заңдылықтар болуы керек. Өйткені, қауымдасып, қоғамдасып өмір сүргеннен кейін белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынбаса болмайды».
Негізінен, Мұхтар Ғалиұлы да діннің даму деңгейін, тарихы мен теориясын терең талдайды. Оқып көрейік: «Мың бір хадисте ғылымды.білімді бірінші орынға қойған. Онда білім екі түрлі болады: біреуі жүректегі білім, ол өте пайдалы; екіншісі, тілдегі білім, ол жүрекпен қабылданбаған, оны шын мәніндегі білім деуге болмайды».
Жастарды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудегі ұлттық ерекшеліктер
Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», - деп атап көрсеткен болатын [1]. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін жастар тәрбиесінде, соның ішінде жастардың еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Жаһандану жағдайындағы Түркі әлемінің мәдени-рухани ынтымақтастығы
1991 жылы КСРО-ның жойылып, түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздік алуы Түркі әлемінің қайта жандануына түрткі болды. Аталған елдердің барлығы да жетпіс жыл бойы кеңестік саясат салдарынан Түркиямен байланысын үзіп алған болатын. Түп тарихы мен тілі, мәдениеті мен діні ортақ осы елдердің басын біріктіруге түркітілдес мемлекеттердің барлығы мүдделі болғанымен, бұл ретте негізгі міндетті Түркия Республикасы атқарды. Осы орайда академик Әбдуәлі Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлы: «Советтер одағы тарағаннан кейін «түркі әлемі», «түркі дүниесі», «түркі қауымдастығы» деген ұғымдар қалыптасып, тарала бастады.
Бұл идеяның түпкі мақсаты – сонау ерте кезде бір ұядан түлеп ұшып, көптеген Еуразия елдеріне өз үстемдігін жүргізіп, көшпелілер мәдениетін таратқан, алайда тағдырдың тәлкегімен жер бетіне тарыдай шашылып, шөре-шөре болып, арасы алшақтап кеткен миллиондаған түркі халықтарының бүгінгі жаңа заман толқынымен қайта жаңғырып (тегін анықтап, рухани байлығын түгендеп), тұтастығын тану, тіл бірлігі, дін бірлігі, діл бірлігі ортақ мәдениет негізінде жаңа ғасырда «түркі дүниесі» болып жаңаланып бару.
Біз – Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының әлем бойынша 70 елден келген делегттарымыз, жаңа заманға сай аса маңызды сұрақтарды және адамзатты және тіршілік көзін, бейбітшілікті, достастықты күйретіп жатқан рухани-өнегелі дағдарыстың алдын-алу жолдарын талқылау үшін кездесу өткізіп отырмыз. Жер шарындағы үндестікті қалпына келтіру және болашақ ұрпаққа өнегелі құңдылықтарымызды дамыту мәселесін шешу үшін жиналдық.
Адамзат барлық зіл-залалдардан, көптеген табиғи апаттардан, адамзатты ойландыратын әлемде болып жатқан қақтығыстардан сақтану жолдарын іздеуде. Ең сорақысы қазіргі замандағы діни қақтығыстар салдары, осы мәселелерге жауап табу үшін осындай әлем бойынша жиын өткізіп отырымыз. Біздің алға қойған мақсатымыз жер шарындағы тұрғындармен ортақ деп есептейміз. Халықаралық, қоғамдық және жеке тұлғалардың пікірлерін ортаға салып сраптамадан өткізіп санасуымыз өте маңызды болып отыр. Олардың әрқайсысы адамзатты жалпы әр мемлекетті үйлесімділік пен мәдениетті дамытуға өзіндік ой-пікірлерін қоса алады. Олармен тығыз байланыс орнатып, халықпен санасу біздің басты мақсатымыз болып табылады.
Рухани Мәдениет - ол барлық адамзаттың қарым-қатынасының берік, әрі түсінушілікпен қарайтындығы, адамзат құңдылықтарының асылы болып айқындалады . Сол себептен барлық адамзатты көмектерін беруге, үлестерін қосуға шақырамыз!
Рухани Мәдениетке жетелейтін төмендегідей асыл құңдылықтарды ұсынып отырмыз:
1. Сүйіспеншілік, махаббат – жер шарындағы бірден-бір Игі түсініктің бірі. Рухани келісім, қарама-қатынас және шыдамдылық сүйіспеншіліктің белгілері, өмір заңдылықтарының өнегелі мағынасы. Рухани Мәдениет осы заңға бағынады, тұрмыстық тіршіліктің негізін анықтаушы. Бейбітшілікті орнату және оны сақтау махаббаттың күшімен ғана болмақ. Өмірдің бәрі махаббатан жаралған.
2. Мейірімділік – тіршілік көзінің үндесуі арқылы үйлеседі. Осы қағидада адамзаттың ақылгөйлігі бірінші орында тұр. Әр халықтың ақылшылары осы қағиданы ұстанып келеді. Оның барлығы дінге байланысты деп есептейді әр діни пайғамбарлар.
3. Наным – Жаратушының қолындағы белгі. Ол бар жерде қорғаныс пен тәртіп орнатылады. Жаратушы жер шарында болып жатқан лаңкестік қақтығыстар мен зіл-залдарды болдырмайтын күштің иесі.
4. Жаңа үрдіс – жаңа заман талабына сай барлық құқықтарға бағыну. Қмірді жақсарту. Жасалынған барлық зұлымдық әрекеттер жаратушы заңдылығына қайшы әрекет. Рухани күш осы мәселелердін шешуші жолы. Қарама-қайшы әрекеттерді тура жолға салу Рухани Мәдениеттің құзырында.
5. Рухани азықтылық–әлем болашағының кепілі. Болашақ ұрпақты Рухани Мәдениет құралдарымен тәрбиелеу керек. Мәдениеттің тәртібі мемлекетке толықтай дамыған адамзатты , ал қоғамға дені сау және ойлау қабілеті жоғары тұлғаларды беріп отыр. Рухани Мәдениет адамзат құңдылықтарының бірі. Ол барлық зұлымдықтан қорғайтын, өмірді үйлестіретін, бейбітшілікті сақтайтын, асылдардың бірі.
6. Әлемге беретін пайдасы – шын жүректен жасалынған ерлік. Адамның тұрмыстық тіршілігінде үйлесімді өмір сүруге толықтай құқығы бар делінген. Оның орындалуы әр азаматқа тән. Әлемді жақсарту біздің балаларымызға жақсы мүмкіндіктер және қолайлы жағдайларға жол ашады. Әлемді жақсы көру - жүректің әмірімен. Әлемге өз үлесін қосып, таңба қалдыру.
7. Бірлік – әлем халықтарының рухани бірлігі мен қарым-қатынасы. Адамзаттың барлығы бейбіт өмір сүруге ұмтылыс білдіреді. Олар жалпы өмірлік құңдылықтармен өмір сүреді. Олардың басты ұстанымдары: отбасы, балалар, отан, бақыт, қорғаныс, денсаулық, амандық, әділеттілік, махаббат, шындық, Жаратушы, сұлулық осының барлығы бір-біріне бағыну арқылы үйлесімділік табады. Осы белгілер арқылы адамзат болашаққа нық қадам баса алады. Осы қадамды сеніммен атқару үшін Рухани Мәдениетті қолдауымыз керек!
8. Әділеттілік – шындыққа бағыну. Заңға бағынбау адамзатты қауіп қатерге әкеп соқтыратын қағида. Әділеттілік басты атқарушы қызметтердің бірі - ол барлық халықтар мен ұлттарға тән мағына. Тек әділетті қоғамда ғана адам баласы өзін еркін сезіне алады.
9. Әлем бойынша бауырластық - алқалы жатақхана. Бірлесе отырып адамзат барлық нәрсеге қол жеткізе алады.
10. Халықтардың Рухани Мәдениеті – Өркениеттің даму сатысы.Жаратушыға деген махаббат мықты күштің бірі. Бұрынғы тіршілікті жаңа заман басып келеді. Жаңа құрылымдар пайда болып, заман талабына сай өзгертулер еніп келеді. Осыған орай адамзатты бізді қолдап, ойларымен бөлісуге шақырамыз!
Бүгінгі өмір көрсетіп отырғандай адамзат баласы өркениеттің рухани-танымдық дағдарысын өткеруде. Заманауи ғылым көрсетіп отырғандай, біз, яғни адамзат баласы өзімізді қоршаған ортаға салғырт қарап, ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасқа жүрдім-бардым көзқарас танытудамыз. Осының салдарынан табиғи апаттар саны көбейіп отыр. Табиғаттың бізге берген қатқыл жауабындай болып қатыгездіктер туғызуда, бұдан тыс адамзат баласына төніп тұрған қауіп-қатерді болдырмау және алдын-алу, өмірлік ұстанымдарды өзгерту қажеттігін ескерткендей.
Адамзат баласы түсінуге тиісті тағы бір жайт – бұдан әрі бұлай жалғаса бермейтінін ұғыну, әсіресе, тепе-теңдікті сақтай алмаған жер шарында апаттарды болдырмау және алдын алу керектігін түйсіну. Әрине, әлемдік қауымдастық ғаламшардағы бұл жағдайдағы алаңдаушылық туралы қоғамдық пікір туғызды. Дегенмен, өзіміз көріп жүргендей, төніп тұрған қатерлерге жүрдім-бардым қараушылық әлі де басым, оған дер кезінде жауап беруге біз әсте дайын емеспіз. Әлем жұртшылығы бірақ бұл жағдаятттарға салғырт қарап, қашан билік шаралар қолға алады деп жайбырақат күтіп отыра алмайды. Адамзат баласы бұл төнген қатерлердің зұлмат күшін ескеріп, ғарыштық эволиюциядағы адамзат баласының дамуы, планетааралық жобаларды жұмылдандыруға қайта оралу, бұл шарамен күреске тың екпін беруді қажетсінеді, осы арқылы бойкүйез салғырттықтан арыла аламыз. Біздің өркениеттегі бұл тың қағидаларды адамзат баласының рухани-шығармашылық зиялы қауымы бастама етіп көтеріп отыр. Бұл жерде әлем таныған өнер, мәдениет, ғылым мен дін, танымал әлемдік конфессиялар, саясаттағы гуманитарлық бағыттағы көшбасшылары сынды танымал тұлғалар енген. Оларды бір жерге шоғырлаған идея ол - өркениеттегі рухани даму бағытын тепе-теңдікте ұстану саясаты.
Рухани көшбасшылардың басын бір жерге шоғырлап, Рухани мәдениетті нығайтуға бағытталған, Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына шақырады. Рухани Мәдениет ол – өркениетке бет алған адамзат баласының құндылықтарын, өмірлік ұстанымдардағы тепе-теңдігін сақтау, тату көршілік, зорлық-зомбылықсыз өмір сұру, ақыл-ес пен сананы сенім билер қағидаға үндейді.
Бұл бастамалар рухани мұраттар қолдау тапқан Қазақстаннан бастау алуда және жер шарында өзінің пікірлестерін жинай алды. Бұл жерде 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен өткен Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгрессінен бастау алады. Қазақ елінде 18-ші қазан сол жылдан бері Рухани Келісім Күні ретінде атап өтілуде.
Сонымен қатар, Астана қаласында жетекші конфессиялардың кездесулерінің тұрақты өтетін де ерекше мақтанышпен айта аламыз.
Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумының рухани-танымдық және теориялық-идеялық негіздеріне мыналар жатады: әлемге, заманауи адамзат баласына Рухани Мәдениеттің басты құндылық екендігі туралы ой салу, Болашақты құруда оны басты қағида етіп ұстануға үндейді. Мәдениеттің басты шешуші функциясы- ол адамзат тудырушылығы. Ол біздің жоғары санамыздан бастау алады, адам баласын рухани мәдениет тудырады және қалыптастырады. Мәдениетсіз қозғалыстардағы теңдікті сақтау мүмкін емес. Ол тек Жарықтың рухани желісін қалыптастыра алады, жаңа саясаттағы реформаларды жүзеге асыра алады.
Мәдениет дей отырып бұл жерде саясатың негіздерін, оның ішінде мемлекетте жүргізетін саясатты жасайды, оның ғаламдық әділдігін, күшін және жан - жақтылығын қалыптастырады. Мәдениетсіз саясат деструктивтік мінезге ие бола алмайды және мәдениетті бұзатын күшке ие. Сол сияқты мәдениетте саясатпен әріптестік етпеген жағдайда жалаң қалады және күшінен айырылады. Бұл екі саланы біріктіру арқылы – адамзат баласының болашағын шешу кілтіне ие бола аламыз. Бұл болашақ тек техникалық немесе ғылыми проблемаларды ғана емес, этикалық проблемаларды да бірінші кезекке қояды.
Бүкіләлемдік Форум ғаламшарды тұңғыш рет Рухани Мәдениеттегі екі қанатты біріктіруге үндейді, діндегі руханият және заманауи руханиятты біріктіру, сол арқылы осы екі рухани ағынды қосуға шақырады. Осының салдарынан адамзат баласының болашаққа барар жолын жарық қылуға үндейді.