Халықаралық қауымдастығының президенті туралы
Өмірбаян
Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы 1948 жылы 27 шілдеде Семей облысына қарасты Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген.
Ол Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын, Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын және Чайковский атындағы Мәскеулік консерваториясының «Симфония, опера, камералық туындылар, музыка және кинофильмдер, театралдық қойылымдар, әндер, романстар және танымалды аспапты музыка авторы» класстары бойынша аспирантурансын бітірген. Ақын, поэтикалық жинақтардың авторы. 1987 жылы Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры. Төлеген Мұхамеджанов – «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі, қозғалыстың көшбасшысы жазушы О.Сүлейменовтің досы әрі жақтасы. Халық наразылығының ұранына айналған әйгілі «Заман-ай» әнінің авторы.
1990 жылдан бастап Т.Мұхамеджанов Халықаралық «Азия дауысы», «I Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресі», Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық іс-шаралар сияқты ірі мәдени және қоғамдық-саяси акцияларды ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.
1998 жылдан 2004 жылға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2004 пен 2007 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007 жылдан бастап ҚР Парламентінің Сенат депутаты. «Рухани Келісім Конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті.
Оның жас қазақ мемлекетінің өзіндік қоғамдық-мәдени болмысын сақтау және бекіту, ел жетістіктерін халықаралық деңгейде дәріптеу жолында атқарған еңбектері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жоғары бағаланды.
Төлеген Мұхамеджанов – ҚР мемлекеттік премия лауреаты, «Парасат» орденінің иегері.