2021 жылдың 18 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде, Рухани келісім күніне орай «Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өткізілуі жоспарлануда.

18.10.2021

I. Рухани Мәдениет. Оқу, өзге әсер ету жолдары

Жастарды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудегі ұлттық ерекшеліктер

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», - деп атап көрсеткен болатын [1]. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан  қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін жастар тәрбиесінде, соның ішінде жастардың еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.