Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қадірлі қонақтар!
Ең алдымен баршаңызға Астанаға қош келдіңіздер деймін!
Бүгінгі жиынның біздің елордамызда өтуі кездейсоқтық емес. Астана - өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мол үлес қосқан және халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ұдайы өтетін диалог орталығы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысында тұрған Қазақстан алуан түрлі ұлттар мен діндердің жарасым тапқан ортақ мекені болды.
ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ: БАТЫС-ШЫҒЫС АРАСЫНДАҒЫ
ҮНДЕСТІКТЕР ДИАЛЕКТИКАСЫ
Шығыс пен Батыс – Ғаламның екі жартысы.
Бұл – саналы адамзаттың
Отаны аталатын біздің Жер шарымыз.
Олжас Сүлейменов
Батыс пен Шығыс әлемі. Түйткіл ғаламның екі жартысы тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда.