09.02.2012

Ақпанның 7-9 аралығында Тегеранда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығы басшысының арнайы өкілі, сенатор Төлеген Мұхамеджанов ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің биыл Астанада мамыр айында өтетін аталған алқалы жиынға ресми шақыру хатын Ислам білімі институтының Президенті Сейед Мохаммад Хаменеиге, Исламдық мазхабтарды жақындату Әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мохаммад Әли Тасхириге, Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының Президенті Мохаммад Бағер Хорамшадқа табыстады. Иран тарапы шақыру хаттарды үлкен ықыласпен қабыл алды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф пен Қазақстанның Ирандағы Елшісі Бағдат Әмреев қатысты. Сонымен қатар, қазақстандық делегация 25-ші халықаралық Ислам бірлігі конференциясына қатысты. http://www.din.gov.kz/kaz/novosti_i_sobytija/?cid=0&rid=80