Құрметті достар!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Алдағы жыл сіздерді жақсы өзгерістер, қуанышты кездесулер, бақытты оқиғаларымен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін ақтарып жүрген еңбегіңізге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Қоғамымыздың игілік жолындағы күрделі де жауапты қызметтеріңіздерде абырой биігінен көріне беріңіздер.
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Ізгі тілекпен,
Т. Мұхамеджанов