АҢДАТПА
Құрметті достар!
Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Президиумы 2015 жылғы 17-18 қазанда Астанада өтетін дәстүрлі конференцияға дайындығын бастап кетті. Конференцияның жалпы бағыты: «Жанның экологиясы». Бұл тақырып біздің досымыз Сесьто Кастаньоли ұйымдастырған Швейцариядағы кездесуде туындады және ғаламшарымыздың экологиясына арналды.
Сол жерде біз әріптестерімізбен Жерімізді сауықтыруды өзімізді сауықтырудан, өз жанымыздың экологоиясын емдеуден бастауымыз керек деген қорытындыға келдік. Сыртқы оқиғалар мен адамның ішкі жан дүниесі өзара тығыз байланысты. Олар өзара байланысып қана қоймай, бір-бірінің соңынан ілесе жүреді. Әлем экологиясы жан экологиясынан басталады. Үшінші мыңжылдықтың басталуы әлемдік өркениет дағдарысының өзегі – адам жаны екендігін айқындап берді.
БРМФ 2010 жылы қоғам руханиятын өркендету және ғаламшарымызда болып жатқан өзгерістердің мән-маңызын ұғына алатындардың басын қосу бойынша үлкен бағдарлама бастады. Біз бірігіп, дағдарыстардың рухани-адамгершілік себептерін, оларды болдырмау жолдарын іздеп келеміз.
Астанада конференция барысында өмір сүруге қажетті тиісті шешімдер – қазіргі адамның РУХАНИ құндылықтарға негізделген Жаңа Санасын қалыптастыру бойынша экология, философия, психология, биоэтика және басқа ғылым салаларында белгілі міндеттерді шешуге жаңа теориялық, ең бастысы – практикалық жолдар ұсынылып, қаралатын болады.
Біз БРМФ-ның барлық тұрақты қатысушыларын, мамандар мен мүдделі тұлғаларды конференция аясындағы ортақ диалогқа шақырамыз. Конференция тақырыбы мен оның күн тәртібін нақтылау бойынша ұсыныстар жіберулеріңізді сұраймыз. Біздің жобаларымызды жүзеге асыруға көрсеткен кез-келген көмегіңіз бен идеяларыңызға біз риза боламыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз, сондай-ақ баяндамаларыңыздың мәтіндері мен тезистері БРМФ сайтында жарияланатын болады.
17-18 қазанда өтетін конференцияға қатысуға өтінім берулеріңізді мына e-mail: astanaforum@bk.ru арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.