Біздің ортақ жобаларымызды жүзеге асыра отырып, әрі сіздермен қарым-қатынаста бола отырып, мен бір сәтке де біздің әлемде өмір сүретін миллиардтаған жүректерге жету жолдарын іздеуді тоқтатқан жоқпын. Әлемімізді қалай көркемірек жасасақ, пақыр мен кедейлер болмас үшін, мықтылар әлсіздерге күш көрсетіп, оларды тонамас үшін, адамдар табиғаттың сыйына ұқыпты қарап, өздерінің сараңдықтарына бола жердің бар байлығын талай бермес үшін не істеу керек? Мұндай ғажайып болуы мүмкін бе, әлде бұл тіпті мүмкін емес утопиялық идея ма, әлде кішкене ғана үміттің оты бар ма? Әрине, бар, бірақ бұл көптеген күш-жігерді қажет етеді, тек біздің ғана емес, болашақ ұрпақтың да.
Осы уақытқа дейін ата-бабамыз қалдырған дүниені сақтап, көбейтіп, оны миллиондаған адамдардың санасына жеткізу үшін қолымыздан келгенін жасау – біздің парызымыз. Және осы мақсатқа жету үшін күнделікті тер төгіп, сапалы әрі мәнді жұмыс атқару қажет, ал өз кезегінде, атқарылатын жұмыстар кешені үздіксіз байланыс пен конференциялар мен Форумдардағы кездесулерде анықталады.
Біздің ортақ мақсатымызға жету жолындағы жұмыс неге негізделеді?
Біріншіден, интернет-кеңістікті толыққанды қолдану. Бүгін дүниежүзілік ғаламтор бүкіл әлемді жаулап алды, осы орайда, бізге ең танымал байланыс түрлерін, мейлі ол Фэйсбук, Твиттер, е-майл немесе веб-сайттар, плей-листтер, ютюбте жүктелген мини-роликтер, видеоконференциялар мен дискуссиялар болсын, қолдану керек.
Екіншіден, БАҚ. Сәті түскен кезде, аз ғана мүмкіндікті пайдаланып, біздің жұмысымыз жайлы мәліметтерді БАҚ-да басып шығару, және барлық маңызды оқиғаларға қатысты өзіміздің көзқарасымызды білдіріп, пікірлестеріміз бен жақтастарымыз арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру. Бұл жолда өздерінің бағдарламалары мен шоулары арқылы әрбір үйге және әрбір адамның санасына кіре алатын теледидардың атқаратын рөлі ерекше, біз сол бағдарламалардан өз орынымызды табуымыз қажет.
Үшіншіден, әлемдегі, өз елдеріңіздегі, континеттеріңіздегі, аудандарыңыздағы танымал адамдардың қатарынан жақтастар іздеу. Дәл сол адамдар өздерінің басқа адамдардың ой-саналарына тигізетін ықпалын қолданып, біздің идеямыздың алға басуына екпін бере алады. Оның үстіне, олардың әрқайсысы жеке осы бағытта жұмыс атқаруда, егер біз олармен біріге алсақ – бұл үлкен жетістік болмақ.
Төртіншіден, бұл біздің берік бірлігіміз бен адамның руханилық болмысының қалыптасуы, оның нағыз ізгілік пен әділеттілік жолында еңбек атқаруы идеясына адалдығымыз.
Егер әрқайсысымыз, және бізді қолдайтындардың барлығы махаббат пен жанашырлық алауын жақсақ, адамның және барлық адамзат өмірінің нағыз мәнін іздеу жолын, және ақыр аяғында, күмәнсіз, сәттілікке әкелетін жолды нұрландыратын ең қуатты шамшырақ жасай аламыз.