Болашақты болжау туралы мәлімдеме Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы Астана, Қазақстан
Біз өмір сыйына разымыз. Біз бүгінгі өркениетке тікелей байланысты ғылымды, технологияларды және әлеуметтік ұйымды жауапсыз пайдалану – табиғи жүйені жоятындығын сезінеміз. Біз мұхиттар мен ауа климаты табиғи қалпының жойылу алдында екендігі, тіпті планетамыздың тынысы – тропикалық ормандарға қауіп төндіреміз. Мемлекеттік қауіпсіздікті сақтаймыз десе де, бір-бірін ядролық қаруды қолдану арқылы жойып жіберу қауіпін тудыруда.
Рухани мәдениетті нығайту – бұл шешімнің бір бөлшегі екендігіне сенімдіміз. Рухани мәдениет біздің жоғары құндылықтарымыз болвп табылады. Жүректер мен ойларды шабыттандырып, сабақтастырып жұмыс атқару үшін біз негізгі сенімдерімізді анықтап алуымыз қажет.
Біз сенімдіміз:
Адамзат жанұясы – біртұтас. Ұлтқа, нәсілге, діни сенімге, жынысқа немесе этникалық түріне тәуелсіз – барлығымызды өлшемсіз өмір күші қолдап тұр. Бұл күш бізге жақсы көру мен жанашырлықты, өз-өзімізді тану мүмкіндігін, табиғи бейбітшілікті сақтауға және қамқорлық етуге, әсемдікті көрсетуге, әділеттілікке жетуге және әр адам бойындағы осы қасиетті күштің құрметіне жетелейді.
Алуантүрлілік ұлтты нығайтып, рухтың шығармашылық келешегін көрсетеді. Әр адамның өз ерекшелігі болады, және оны тұлға ретінде сыйлау керек. Әр түрлі ұлттар мен діндердің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болады, олар да құрметтеуге тұрарлық. Бақтың кереметтей жайнап тұруы үшін, көптеген жарқыраған түстер қажет, ал ондай үйлесімділікке жету үшін, биіктігі және дыбысталуы әр түрлі ноталар керек, сол сияқты мәдениетте толыққанды болу үшін әр түрлі бағыттағы көзқарастар қажет.
Біз материалдық өндіріске негізделген ауқымды мәдениеттің бір бөлігі болып табыламыз. Материалдық байлық өздігімен адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, ол тепе-теңдікке де жеткізбейді. Біз адамзат дамуының қасиетті құрамдас бөлігін қадір тұтуымыз керек. Дәл осы рухани қайнар көзден біздің жоғарғы құндылықтарымыз қалыптасады. Бұл құндылықтар – адам құқығы мен адамгершілік қасиеттің, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбітшілік пен тыныштықтың, әділетті және билік етуші заңның негізі.
Әр адам есептеуге келмейтін, туламаған күшке ие. Бұл күшсіз дене ыдырайды. Бұл күшті сезініп тану мүмкін емес, оны ғылыммен немесе технологиямен бақылау мүмкін емес. Ол әр адамға өмір мен есті сыйлайды, оған қоса бізді шексіз тіршіліктің нәрімен және оның жеке бір бөлшектерімен біріктіреді. Бұл күшті ардақтамаса адам өмірінің зая кеткендігі.
Біз тіршілікте басқа адамдарды ардақтаймыз және олардың да бізге сондай құрмет тұтуын қалаймыз. Табиғат әлемімен үндес өмір сүргенде тату, бір-бірімізбді жақсы көріп өмір сүрсек оны ардақтағанымыз. Ал керісінше сол күшке ие болатын болашақ ұрпағымызға қалатын табиғатты қадірлемей, билікке ұмтылып, басқалардан жоғары болуға тырысу арқылы біз ол күштің қадірін түсіреміз. Осы рухани құндылықтардың арқасында өз-өзімізді дамытудың жоғары сатысына көтерілуге, ұлттық келісімге және көпшілікпен бірігіп әректтенуге мүмкіндік туады. Бұл құндылықтар балаларымыздың болашағы үшін ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы керек.
Біз барша әлемге рухани мәдениетте көрініс тапқан, шабыттандыратын рухани құндылықтарды ұсынуға дайынбыз, және барлығын оларды өз жеке өмірінде қоғамдық өмірде жетекшілікке алуға шақырамыз. Біз өзімізді осы мақсаттарға арнаймыз және барлығын бізге қосылуға шақырамыз.