Қазақстан және «Астананың Рухы» Рухани-мәдени синтездің тамаша мысалы!

Дороти Фрей-Бургхард, Германия, Вице-президент - «Мәдениет арқылы бейбітшілік Еуропа» халықаралық қауымдастығы (Дороти Фрей-Бургхард атынан Клаус-Дитер Бакпен ұсынылған) | «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 17-18 қазан 2017ж.

Мерекеңізбен! - Мен сіздерді осы жерден көргеніме қуаныштымын және бүгінгі маңызды мерекемен және айрықша Рухани Келісімнің Бірінші Халықаралық Конгресінің 25 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Мен Қазақстанның тамаша халқына, парасатты Елбасына, мемлекеттік органдарға, жас Астанаға, ұйымдастырушыларға және сонымен қатар, осы конференцияның қатысушыларына ағарту жолындағы, 3-нші мыңжылдықтың бейбіт және әлеуметтік үйлесімділігіне құрметімді білдіргім келеді!

Ұлтаралық және мәдениетаралық келісімнің тамаша мысалы бола отырып, Қазақстанды жаңашылдық пен дамуға қолжеткізудегі рухани-мәдени жетістіктердің бірегей үлгісі ретінде қарастыру қажет.
Дәл осы жерде «Рухани келісімнің» идеясы ерекше, нағыз және табиғи образбен өркендей бастайды. Осы елдің аса құрметті Президентіне, МЕМЛЕКЕТТІҢ НАҒЫЗ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫҒА ерекше құрмет, шынайы сүйіспеншілік пен алғыс білдіргіміз келеді, оның өзіндік әрекеттерінің арқасында Қазақстан шынымен үлкен болашағы бар елге айналды.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның, және оның шегінен тыс халқының игілігі үшін құрылған көптеген бастамалардың авторы болып табылады, және ол жоғары мәдени-рухани магнетизмге ие болып табылады. Бұл магнетизм барлық назарды аударады және әсіресе бейбітшілік ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ жолындағы көптеген басқа елдер үшін шабыттандыратын мысал болып табылады.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА қойылатын эволюциялық үрдіс пен талаптар!

Шынайы ынтымақтастыққа талап - бұл дамудың негізі болып табылады: ӘЛЕМДІ бейбітшілік және игілік арқылы ҚАЙТА ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН! Ынтымақтастықтың қағидаты барлық деңгейлерде диалогтар мен дөңгелек үстелдердің күшімен қолдануы тиіс. Ескішілдіктен аулақ бола отырып, жаңа жолдарды таба білу қажет. Рухани бірліктегі мәдени көптүрлілік ең жақсы нәтижеге қолжеткізеді. Кез-келген қинау мен зорлық-зомбылыққа тыйым салыну керек. Тіпті жаулап алудың, басудың және кемсітудің аздаған ізінің өзі құрдымға алып келеді. Ынтымақтастық бірінші кезекте тең құқықтардың қағидатынан құралған және олардың кез-келген бұзылуы жағымсыз салдарға, ал ол жағымсыз ұласпалы реакциясына алып келеді. Осы жағдайдан шығудың жолы, бірінші кезекте жүздеген миллион адамдар үшін өмірінің сапасын жақсарту болып табылады, олар көбіне өздері мен өздерінің туыстары үшін жарқын болашақтың үмітін үзді. Міндетті түрде мұндай жағымсыздықтың жолын азайтып, ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМҒА негізделген рухани-мәдени диалог арқылы САЯСАТ ПЕН ДІННІҢ САЛАСЫНДАҒЫ белсенді, нақты және құрылымдық ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ арқылы шешімдерді табу керек. Жалпы біз әлемдік үрдістің БІРЫҢҒАЙ АДАМЗАТ ЖАНҰЯСЫ құрған жолмен келе жатқандығын бақылай аламыз. Және барлық қауіптерге қарамастан, бұл үрдістерді тоқтату мүмкін емес! Ғылымның арқасында қадам қадаммен СИНТЕЗ арқылы осы жағдайды бейбітшілік жолмен жақсартуға мүмкіндік аламыз!


Синтез барлық есікті қағады!

Синтез әрбір есікті қағады! «Адамзаттың алтын ғасырындағыдай» мәдениет барлық саяси инстанцияларды маңызды және нақты рөлдерді атқаруы тиіс. Бақытымызға орай, бүгінгі таңда осы мақсаттарда ғылыми зерттеулердің көп көлеміне қолжеткізуге болады. Мәдениет бірегей этикалық үдерістердің қайта құрылуын нақты бір үлгіге алып келуі тиіс. Бұл соншалықты да үлкен міндет емес, себебі этикалық нормалар біздің ой-санамыз сияқты әр адамға тән құбылыс. Дәл осы позиция қарапайым цивилизацияны алдыңғы қатарлы және үдерісті мәдениетке айналдырады. АДАМЗАТТЫҢ БАРЛЫҚ ДАНАЛАРЫ ДІННІҢ БАРЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР бізге ұқсас әмбебап этикалық қағидаттарын қалдырды, олар уақыт шегінен тыс әрекет ететін ғарыштық энергияның заңдарына негізделген, адамдардың нақты бір кезеңіндегі ой-санасының пікіріне сәйкес болып табылады.

Үздіктің үздігі - Үздікке!

Күмәнсіз, Парасаттылықтың Шебері Платонның ұлы жұмыстарының айрықша ерекшелігі - келесідей: Үздіктің үздігі - Үздікке! Бұл СИНТЕЗ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙБІТШІЛІК ҒАЛАМДЫҚ ҮДЕРІС үшін мінсіз қағидат пен бірінші кезектегі міндет болып табылады. Бұл нақылға сондай-ақ, адамдардың арасындағы БЕЛСЕНДІ өзара қарым-қатынас, сонымен қатар, жеке немесе саяси деңгейдегі болсын, шешімдерді қабылдаудың мәдени үдерістерінің этикалық қағидаттарының негізіндегі маңыздылық болып табылады. Сонымен қатар, бұл ұран бейбіт саясат үшін ғылымның пайдалы рөлін анықтай түседі.

Осылайша, этикалық-мәдени синтезге арналған құралдар ретінде пайдаланылатын болады:

1. Әлемдік діндердің ұсынылуы тиіс саясатты қоса отырып, барлық қоғамдық ұйымдар үшін Этикалық кеңесті құру.
2. Барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін жергілікті дөңгелек үстелдерден бастап ұлттық этикалық желілерді құру.
3. Мектептрерде, университеттерде және басқа оқу орындарында этика саласындағы білімді насихаттау.
4. «Ойлау өнері» - БАРЛЫҒЫ ҮШІН философиялық мектептерге арналған негіз.
5. Университеттердегі «салыстырмалы дінтануды» оқытудың үкіметтік құрылуы мен қолдауы.
6. Платон, сонымен қатар, Фридрих фон Шиллер айтқандай: Назарыңызды «Қайырымды, Нақты және Тамаша нәрселерді» қайтадан аударуға тырысыңыз - мектептерде және барлық оқу орындарында, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мінез бен ой-сананың рухани-мәдениетті жетілдірілуіне аса назар аудару қажет.
7. Синтез факультетіне, сонымен қатар, Әлемнің проблемасын халықаралық зерттеу факультетіне арналған зерттеу және білім беру бағдарламалары үшін ғылыми институттарды енгізу.

Жолдау:

Құрметті достар,

Жас Астана өте аз уақытта құрылды және Еуразияның континентін біріктіретін нағыз МЕТРОПОЛИСКЕ айналды. Астана - орталық ИНТЕРФЕЙС сияқты - географиялық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан «дұрыс орында» орналасқан.

Әлемде бейбітшілікті іске асыру біздің болашағымыздың басты және ортақ міндеті ретінде қарастырылуы тиіс! Уақыт өте қымбат. Біз осы идеяны жүзеге асыру үдерісінде бір де бір минутты жоғалта алмаймыз. Өмір қасиетті, өліммен біржола қоштасатын кез келді! Біз зорлық-зомбылықсыз және соғыссыз ғаламшарымыздың болашағы үшін жауапкершілікті қабылдауда белсенді және шешуші рөлді атқаруымыз керек! Біздің жастар бұл бастамаға өте мұқтаж және сөзсіз Әлемде бейбітшілікті орнату идеясын қолдайды және бірыңғай Әлемдік Қоғамдастықтың идеясын жүзеге асыру үшін барлық күшін салады. Және осы жоғары мақсатты қолдау біздің әрқайсысымыздың міндетіміз болып табылады!

Құрметті достар «Дос» деген сөз - бұл біздің арамыздағы айырмашылықтарды және ғаламшарымыздың Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік екендігін және әртүрлі ұлттан екендігімізді ұмыттыратын ең мейірімді сөз. Адамзаттың бір ғана Әлемі, бір ғана Жанұясы бар! Осындай рухани, мәдениетті және этникалық өзара байланысты біз ӘМБЕБАПТЫЛЫҚТЫҢ қағидатын ұстануымыз керек. Және сол кезде мүмкін емес мүмкінге айналады!

Өзара Достығымыз біздің жүректерімізге жылулық сыйласын!
Жерде Бейбітшілік орнасын!