ҚҰРМЕТТІ ПІКІРЛЕСТЕР!

Біз Астанада, қалыптасқан дәстүр бойынша, 2012 жылдың 18 қараша күні I Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің 20-жылдығына арналған торқалы конференцияны өткізуді ұсынамыз. Онда өткен кезеңнің қорытындыларын шығарып, біздің қозғалыстың болашақ міндеттерін анықтау мәселелері сөз болады. Аталмыш конференция 2013 жылға белгіленген Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындықтың маңызды қадамы болмақ. Біздің көзқарастарымызға қосылатын және оларға жақын барша қауымды Астана қаласына шақырамыз. Біз бұрын соңды болмағандай бірлікте болуымыз керек, себебі біздің қатарымыз әлі ойдағыдай толыққан жоқ. Біздің әрқайсысымыздың алар орнымыз бөлек, әрқайсымыз өзіміз ойлағаннан да құнды, бағалырақпыз. Біз неғұрлым көп, неғұрлым әртүрлі, бір-бірімізге ұқсамайтын, бірақ бір мақсатпен, бір міндетпен біріккен болсақ, соғұрлым жұмысымыз жемісті болмақ. 20 жыл бұрын басталған ізгі іс өзіне лайықты жалғасын тауып, жарқын болашақта жүзеге асуы үшін қолымыздан келетіннің барлығын жасайық!