2017 жылғы 17-18 қазанда Астанада «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, дипломат, қоғам және саясат қайраткері Олжас Сүлейменов, КСРО және РФ Халық әртісі Иосиф Кобзон, қазақ композиторы және қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, сонымен қатар, Еуразия халық Ассамблеясының, халықаралық ұйымдар, ҚР министрліктерінің, Астана әкімдігінің өкілдері және ғылыми қызметкерлер қатысты.
Конференция түрлі елдердің ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің, дінбасылар мен мемлекет қызметшілерінің бас қосып, пікір алмасатын алаңына айналмақ. Негізгі тақырып аясында қазіргі дәуірді, оның ерекшеліктері мен өзіндік артықшылықтарын адамзат алдындағы бірқатар заманауи күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мен жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып байыптауға негізделген Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары қарастырылды.
Конференция барысында сөз сөйлеген Нұрлан Ермекбаев қазіргі күні жаһанда көптеген қақтығыстардың орын алып отырғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, түрлі жанжалдардың орын алуына қоғамда сенімнің болмауы себеп. Сенім бұл салиқали ұғым. Кез келген ұлттың мәдениетіне, ғылымына және халықтың рухани қажеттіліктеріне құрмет көрсетілетін жерде ғана сенім пайда болады. Бұл үшін интеллектуалдық және зияткерлік ортаны интеграциялық үдерістерге тарту үшін жаңа практикалық шаралар қажет. Сондықтан министр жыл сайынғы конференцияны өткізу осы міндетті шешу үшін тиімді алаң болатынын атап өтті.
Конференция аясында Еуразия халықтары Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Еуразия халықтарының Ассамблеясы - еуразиялық интеграция идеяларын дамыту тұрғысында халықтық дипломатиясының құралына айналған, Мәскеуде құрылған халықаралық қоғамдық қозғалыс болып табылады. «Көптеген саясаткерлер Қазақстан Президентін еуразияшылдықтың идеологы деп атайды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген бағдарламалар, міндеттер мен жобалар, оның ішінде еуразиялық ынтымақтастық саласындағы бастамалар өзекті болып табылады. Бұл ретте, «Қазіргі жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет» бағдарламасы айрықша маңызға ие... «Туған жер» бағдарламасы Ассамблеяның қызметіне де оң әсерін тигізеді. Бағдарлама патриоттық тәрбие мен азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған» - деді Нұрлан Ермекбаев.
Пленарлық отырыста конференцияға қатысушылардың атынан Үндеу қабылданды. Онда қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы, гуманизация, мәдени өсуі жолындағы әрекеттерді арттыра түсу керегі айтылады. Бұған қол жеткізудің құралы - қоғамдық сананы жаңғырту. Бұл Үндеу Еуразия халықтары қауымдастығының биыл жыл соңында Парижде өтетін отырысында да оқылады.
Сондай-ақ, шетелден келген конференцияға қатысушылар Астананың қоғам қайраткерлерімен кездесті. Мысалы, арабтанушы-шығыстанушы, «Russia Today» телеарнасындағы «Дәуір куәгерлері» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Халид Әл Рошд журналистермен кездесіп, «Әлемдік ақпараттық майдан жағдайындағы заманауи журналистиканың рөлі» атты шеберлік сыныбын өткізді. Салыстырмалы дінтануды терең зерттеу институтының қызметкері Мэри Пэт Фишер мен Сыртқы байланыс департаментінің жетекшісі Гобинд Садана (Үндістан) Еуразия ұлттық университетінде «Өз пайғамбарларыңның өсиеттеріне сүйене отырып, өз жолыңызды қалай табуға болады?» атты тақырыпта лекция өткізді.
Рухани келісім күні елімізде жыл сайын зор қайырымдылық шараларымен қатар аталып өтеді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, еріктілер әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларына мың азық-түлік жиынтығын таратып берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері шеберлік сыныбын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Рухани келісім күні мен «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты конференциясының аясында Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы, Рухани Мәдениеттің Әлемдік Форумы президиумының Дөңгелек үстөлі, Рухани келісім күніне арналған гала-концерт, қайырымдылық шаралары менәртүрлі шеберлік сыныптары өтті.