Бүгін Астана Дүниежүзілік рухани келісім күнін тойлауда. Осындай атаулы күннің аясында Елордада 2016 жылдың 16-18 қазанында Дели (Үндістан) қаласында өтетін дәстүрлі конференцияға дайындық мәселелері бойынша Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы Президиумының отырысы өтуде.
Форум мүшелерінің басқосуына жуырда ғана Астана көрермендерінің алдында Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған концертте өнер көсеткен СССР Халық әртісі Иосиф Кобзон қатысты. Ол өз сөзінде адамзат қауымының өз тарихының күрделі кезеңінде тұрғанын атап өтті.Бүкіләлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс қоғамды дүр сілкіндіріп, табиғаттың адамдардың мінез-құлқына мейлінше қатал қатынасы адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті бұзып, кеңістікті өзгертуде. Осындай жағдайларда рухани тепе-теңдік пен адамзат өркениетінің дамуы өте маңызды рөл атқарады.
«Астана – әлемнің рухани астанасы. Бұл жас қала өзінің әлемдік деңгейдегі көптеген рухани іс-шаралардың бастамашысы екенін бірнеше рет дәлелдеді. Рухани құндылықтар мәселесінің кезекті талқылауы зилы қауым мен өнер, ғылым және білім қайраткерлерін бүкіл әлемде болып жатқан үдерістерді бейбіт жолмен қабылдау арқылы адамзат мәселелерін шешудің түйісу нүктелерін табуға шақырды», - деп атап өтті Иосиф Кобзон.
Рухани мәдениет форумы қоғамның рухани өрлеуі мен ғаламдағы болып жатқан өзгерістердің маңызына бей-жай қарамайтын азаматтардың бірігуі жайлы үлкен бағдарламаны ұсынады. Форумның негізгі міндеті – өркениетті дамудың жаңа векторын жариялау. Тұтынушылық өркениеттің құндылықтары мен идеалдарының орнына келе жатқан жаңадан түрленген вектордың негізі Рухани мәдениет болуы керек.
Конференция жұмысы барысында Ресей, Қырғызстан, Германия, Австрия, Швейцария, Литва, Әзірбайжан, Үндістан мен АҚШ-тан келген қатысушылар тарапынан қазіргі қоғамдағы белгілі мәселелерді шешудің жаңа теориялық және практикалық жолдары қарастырылып, бірегей ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, өмірлік қажеттіліктерге сәйкес шешімдерді табуда рухани құндылықтарға негізделген заманауи адамның жаңа санасын қалыптастыру да назардан тыс қалмады.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар форумның «Әлем бірлігіне Рухани мәдениет арқылы» мазмұнында өтуі керек екендігін бірауыздан шешті.
ДРМФ Президиумы мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің жұмысына қатысып, «Астана Опера» театрында өткен Д.Вердидің «Реквием» концертін, дамуында ерекшеліктері бар балалардың қазақстандық дизайнерлерден үйренген көркемсурет, мүсіндеу мен аппликация жұмыстарының бірегей шығармашылық шеберханасын тамашалағанын атап өтуіміз керек. Содан кейін олар өздерінің шығармашылық туындылары арқылы «Бейбітшілікке қол жеткізу» мәселесіне жауап іздейтін болады.
Естеріңізге сала етейік, 2010 жылы Бірінші Дүниежүзілік рухани мәдениет форумы Астанада әлемнің 72 елінен 500 делегаттың басын қосты.