Еуразия халықтарының ассамблеясының бас хатшысы Бельянинов Андрей Юрьевич
Еуразия халықтарының ассамблеясының атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтуға және «Рухани жаңару - өркендеу мен келісімнің жолы» мерейтойлық конференциясының барлық қатысушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан, міне 25 жыл бойы рухани басымдылықтарға адал екендігін растап келеді, Қазақстанның ғана емес, барлық әлемнің халықтарының арасындағы бейбітшілік пен келісімнің идеалдарына берілгендігін көрсетіп келеді.
Мен біздің елдердің, барлық әлем шарының болашағы туралы ойлаған кезде, олардың тату-тәтті болатындығына сенемін. Өкінішке орай, әзірше нақты шынайылықта біз трагедияға толы жайларды, әскери қақтығыстарды көріп жатырмыз, кінәсіз адамдардың, оның ішінде балалардың жапа шеккендерін көрген кезде, еріксіз жүрегіміз ауырады және бұл мемлекеттік биліктің органдарын болсын, азаматтық қоғамның өкілдерін болсын бей-жай қалдыра алмайды.
Біз талқылап жатқан рухани келісімнің тақырыбы өте өзекті тақырып, себебі бүгінгі таңда біз болашақ туралы, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің қандай ортада өмір сүретіндігі туралы әңгімелеудеміз.
Рухани келісім мен Еуразия елдері халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастық Еуразия халықтарының алдында тұрған басты міндеттерге жауап береді, оларды екі негізгі бағыттарға біріктіруге болады: өткеннің сабақтарын ескеру мен ортақ болашақ үшін бірігіп жауапкершілікті құру. «Біздің өткеніміз» бен «біздің болашағымыздың» осы екі векторы «біздің бүгінгі таңымызда» білімді, мәдени және мәдениет арасындағы қатынастарды, ақпараттық және гуманитарлық ауысымдарды, сонымен қатар, біріккен үкімет аралық және үкіметтік емес жобаларды дамыту арқылы іске асырады. Дәл солар бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Біз көз алдымызда қоршаған ортаның қаншалықты қарқынды дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Қазіргі замандағы талаптар әлемдік жаңа тиімді механизмдерінің ұйымдастырылуын талап етуде. Және халықтардың арасындағы келісімді іздеу, басқаша айтқанда - халықтық дипломатия, қазіргі заманның басымдылықтарының бірі болып тұр.
Бүгін осы жерде, халықаралық конференцияда, мен Еуразия халықтарының ассамблеясының өкілі болып табыламын, ол Еуразия халықтарының ассамблеясының Алғашқы Съезінде Мәскеуде, 28 мамырда құрылған, оған 67 елден 2500 өкіл қатысты.
Еуразия халықтарының ассамблеясы - бұл жай ғана тағы бір қоғамдық халықаралық қозғалыс емес. Ассамблеяның құрылуы қоғамдық деңгейде біріктіретін үдерістерді күшейтудің қажеттілігінен туындаған. Мемлекеттердің арасындағы экономикалық өзара тиімді байланыстарды кеңейтумен қатар, еуразиялық серіктестіктің аясында халықтардың гуманитарлық - мәдени ынтымақтастығын қатар іске қосқан, үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекетін нығайту, ынтымақтастық пен келісімге бағытталған қоғамдық құрылымдарды құру маңызды. Бұл біздің сіздермен бүгінгі талқылап отырған мәселеміз.
Басты мәселеде біздің ойымыз бір жерден шығады. Біздің көзқарастарымыздың, ойларымыздың және мүмкіндіктеріміздің түрлілігін, өмірдегі іске асырудың тәсілдерінің әртүрлі екендігін ескеретін болсақ, бұл мәселе өте маңызды. Сондықтан бірінші кезекте, бізге бір-бірімізді түсіне білу керек және бір-бірімізді қабылдай білу қажет.
Ассамблея өзінің алғашқы қадамдарын жасауда, бірақ қазірдің өзінде көптеген елдерде халықтарды біріктірудің мұндай бастамасының қажет екендігін сеніммен айтуға болады.
Ұйымның құрған құжаттарының алғашқы қабылданғандарының қатарында - Еуразия халықтарының ассамблеясының декларациясы бар, ол жерде Ассамблеяның мақсаты жазылған:
«Бейбітшілік пен өркендеудің атынан халықтардың шығармашылығын бекітетін және құратын үшінші мың жылдықтың адамының ой-пікірін құру». Ол бүгінгі өткізіліп жатқан «Рухани жаңару - өркендеу мен келісімнің жолы» конференциясының атауымен үйлеседі.
Декларацияның ең басында эпиграф ретінде біз көбісіне таныс «Егер әлемнің барлық жігіттері» деген өлеңнің сөздерін аздап өзгертіп жаздық. Біз былай деп жаздық:
Егер әлемнің барлық адамдары
Бір-бірінің қолын алса....
Бұл сөздерде Еуразияның барлық халықтарына ынтымақтастықтың жалпы ұраны тасталған. Егер біз бір-бірімізді оймен де қолымыздан ұстасақ, бір-бірімізді қолдасақ біздің қолдарымыз қару алмас еді.
Рухани Келісімнің, бейбіт өмір сүрудің идеялары біздің континенттің және барлық әлемнің болсын халықтарына жақын және түсінікті болып табылады. Бірақ оларды күн сайын іске асырып, әр ісімізде нығайту қажет.
Барлықтарыңызға бейбіт болашақты құру үшін жақсы қарым-қатынасты, достық пен келісімді тілеймін!