Құрметті достар! Өткен жыл есте қалар естеліктерге бай болды. Жыл бойына ақырзаман болады деп қорқытты, табиғи апаттар орын алады деген қауесеттер де мол болды. Жыл бойына жер шарының әр түкпірінде сан алуан апаттардың орын алғаны да рас, әр оқиғаның артында біздің жүрегімізге сызат қалдырған естеліктер легі қалды, бірақ кездескен қауіп-қатерлерді біз батыл өткердік. Алдымызда Жаңа жыл! Бұл жыл біз басымыздан өткерген ауыртпашылықтардың орнын толтырар, жақсылықтарға толы жыл болсын. Біздің еліміздегі әрбір Отандастарымызға жаратқан иенің нұры жаусын, береке-бірлік, денсаулық, бақыт пен ізгілік серік болсын, аспанымыз ашық, жанымыз тыныш болсын. Жаңа жылдарыңызбен! Баршыңызға өз Армандарыңызбен өмір сүруді тілеймін. Құрметпен; Т. Мұхамеджанов