Баяндамашы Әлемнің соғыссыз өмір арқылы болалшаққа қадам жасауы, зорлықсыз, қорқынышсыз және қайғысыз болашаққа қадам жасауы әрине айтуға жеңіл болғанымен, іс жүзінде оңай емес. Бұл орайда эволюциялық бағыттағы ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.
Адамзаттың қолындағы алып күшті осы бейбіт өмірге бағыттауда қандай кедергілер бар?
Алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында адамзатттың алдында бейбіт өмірге үндеген жаңа бастамалар да күн тәртібінде тұр. Бұл субъектіге Бүкіләлемдік Қозғалыстың жаңа сапасы арқылы жетеміз. Бұл субъекті, яғни нысан Бүкәлелімдік Рухани Мәдениет Форумы болып табылады, және алғашқы жұмыстар легі де жүзеге асуда. Алға қойған мақсатта «Жаңа әлемге Рухани Мәдениет арқылы» деген ұран аясында ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда Қозғалыстың ауқымы кеңейіп, жетекші басшылары қалыптасты, өзінің адалдықпен шешім қабылдауымен жұмысы да жанданды. Бұл орайда, ең бастысы көптеген елдердегі және құрлықтардағы бастамалардың барлығы да, тек қана Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы шаңырағы астына бас түйістіруінде. Дегенмен, ірі бір күшке айналу үшін, сол арқылы әлемдегі бейбіт өмірге қатысты сан алуан сұрақтарға жауап берер күшке айналу үшін Қозғалыс мүшелері алдында тұрған жұмыстар аясы ұшан теңіз.
Мерейтойлық Конференцияның қорытындысы барысында арнайы қарар қабылданып, онда «Біз рухани мәдениеттен ынтымақтастыққа жеткізетін жалпы адамгершіліктік құндылықтарға немқұрайлы қарамайтын баршаларыңызды біздің қатарларымызға қосылуға шақырамыз, себебі біз бір ғаламшарда өмір сүреміз және біздің болашағымыз бір. Барлық ұлттық, саяси, діни, дәулеттік және басқа да айырмашылықтарға қарамастан, ең бастысы – біз адам баласымыз, және біз бір өркениеттің бөлігіміз. Жаһандық мәдени-адамгершіліктік, табиғи, техногенді, әскери және басқа да апаттардың қауіпі төнгенде бұл айырмашылықтар жойылып, артқа сырылады. Мәселе әлемдік адам қауымдастығын құтқару жөнінде болып отыр.
Біз мәдениет пен дәстүрлердің бар байлығы мен сан алуандығын сақтай отырып, адамзат өркениетін келешек ұрпаққа мұрағат етуіміз керек. Біз адамдардың жүректерін, ұлттар мен мемлекеттерді қосатын көпірлер салып, оларға жетудің жаңа жолдарын іздестіруіміз қажет. Әркім өзінің жанына көз салып, «Мен не үшін өмір сүрем? Қандай құндылықтарға бой ұсынам? Бұл өмірде қандай із қалдырғым келеді?» деген сұрақтарға шынайы жауап қатуы керек.
Мерейтойлық конференция барысында қатысушылар, 2013 жылы өтеді деп жоспарланған «Рухани Мәдениет арқылы Бейбітшілік барлық әлемге» атты әлемдік қозғалысқа түрткі болар екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының екінші сессиясын шақыру қажет деген тақырыпты да сөз етті. Осы орайда алдағы Форум барысын бейбіт өмірге үндеген қағидатқа сыйдыру, сол арқылы интеграциялық бастамаларды көтеру, халықтар арасындағы қауіпсіздікті сақтаудағы рухани келісім мен достық аясында жүргізу қажеттігі турады сөз болды.
Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындық барысында жаңа құжатты әзірлеу, оған Әлемге жаңа Үнлеу мәтіні даярланған заманауи соны Құжатын жария ету, Бейбітшіліктің жаңа Жолдауын жария ету, сол арқылы мыңдаған ғасырлық адамзат баласының өмір жолындағы өмір соқпағын ескеру қажеттігі де айтылды.
Мерейтойлық конференция барысында қабылданған қарарда Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Алқа мүшелері алдағы Форумға дайындық барысын жүзеге асырар жұмыс тобын құру, аймақтық штабтар құру, ғаламдық аумақтарға Форумның екінші сессиясының өтетін туралы ақпарат таратар баспасөз мәжілістерін ұйымдастыру туралы жұмыс бағдарламасын тұжырымдады.
Бүкілеләмдік Рухани Мәдениет Форумының өту барысын талқылаған сұрақтар барысында Форумының Алқа мүшелерін сайлау қажеттігі де осы мерейтойлық конференция барысында сөз болды.
Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының алқа мүшесі Ирина Дарнева Конференция барысында қабылданған қорытынды құжаттың салмақты құжат екендігіне баса назар аударды, ол ең бастысы бейбітшікке үндеген қозғалыстың қоғам үшін атқарып отырған жұмысының ең басты екеніне ерекше екпін берді.
Алқа мүшелерінің бастамашыл тобы Әлемдік Құжаттың жобасын әзірлеу барысындағы жұмыс тобының құрамына, Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының екінші сессиясына дайындақ барысында елеп ескерер қажеттіліктерді де сөз етті.
Тағы бір сөз болғаны, Алқа мүшелері Форумның ұйымдастыру жұмысын жетілдіру қажеттігіне де тоқталды. Оның ішінде халықаралық конференцияны жыл сайын дәстүрлі өткізіп тұруды ұйымдастыру туралы да айтты. Ең бастысы, конференция барысында кезекті Форум барысында қамтылар өзекті тақырыптар сөз болды.
Алқа отырысында 2010 жылы өткен Форумдағы «XXI ғасыр – рухани жаңару ғасыры» деген қағидатпен өткені де айтылды. Енді осыған сәйкес, форумға қатысушылардың әлемге осы қағиданы таратуының қажеттігі де ескерілді. Бұл үшін Форумға өзінің баспа орталығын, бүкіләлемдік рухани жалпыхалықтық басылымының қажеттігін, аймақтық газеттер мен ғаламдық желісін қалыптастыру қажеттігі де ескертілді.
- Біз әлі де болса, алуыны қиын шыңның етегінде тұрмыз, - деді отырысқа қатысушылар. Қазір біздің алдымызда бейбітшіліктің заңдарын жаңашыл бастамамен толықтыру қажеттігі де тұр. Ғаламшардағы ірі заңнамаларды айқындау, оның ішінде адамзаттық өркениетті біркелкі тұтас жүйе ретінде қарау қажеттігі де естен шықпауы керек. Бұл өзекті ақпаратты жалпыхалықтық тарату қажет. Бүгінгі ақпараттыө төңкерістерді бейбіт өмірді насихаттайтын үшкен күшке айналдыру керек. Ашық, жалпыхалыққа қол жетімді ақпарат қана әлемдегі жаңа қозғалысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай жаңашылдық арқылы ғана Рухани Мәдениет қағидаттарының жұмысын жүйелі ұйымдастыр мүмкін. Өміріміздің барлық қырының ашықтығы ғана этикалық жүйені қайта құруға мүмкіндік жасайды.
Алда болатын Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының жұмысын ұйымдастыру керек. Сондықтанда, Форумның жұмысын үйлестіретін құрылым құру, сол арқылы жұмысты бір ізділікпен дайындау керек. Кім не үшін жауап береді, кім қандай жұмыстар атқаруы керек деген сұрақтарда Алқа мүшелері көтерген баяндамаларды қамтыды.
«Келісім» Қорының Президенті Инна Ипполитовна Немировская - Кун өз сөзінде, әрбір қатысушының айтар ұсыныстары мен бастамаларының көп боларына тоқтала отырып, осы игі ойларды үлкен бір алып күшке айналдыру қажет деді. Осы бір жүйе біркелкі жүйе, толық және мықты күшке айналсын деді. Сонда ғана біздің бір жүйе туралы ойымыздың ауқымы кеңейіп, бір ортаға жинақталады деді өз сөзінде.
Өз кезегінде Ливан – Ресей үйінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, РҒА және РҒЕН академигі, профессор Сухейль Фарах әлеуметтануды зерттеу және әлеуметтік жүйедегі сыннан өтпей қалған тәжірибелерді ескеру арқылы жаңа тиімді жүйені қалыптастыру туралы бастаманы көтерді.
Израил жазушылар Ассоциациясының Президенті, Бүкіләлемдік Өнер және Мәдениет Академиясының вице - президенті, «Дәрігерлер ядролық соғысқа қарсы» құрылымының экс- президенті Эрнест Кахан өзінің баяндамасында Форумның алдында тұрған өзекті тақырыптардың легіне тоқталды. Сонымен қатар, форум барысында ұйымдастырушылар кездесулердің маңыздылығына, қоғаммен жанды кездесулер өткізу, адамдар арасындағы психолигиялық кедергілерді болдырмау қажеттіліктеріне зор талап тұрғысынан қарау қажеттігін ескерді.
Бұл ойларды Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Бари Алибасовта қолдап, сөз тұжырымдады.
- Біз өмірдің қандай қатыгез екендігін және қатыгез бола беретін түсінуміз керек. Осы түйсіктен кейін біздің бәрімізді қорқыныш билеп алған. Біз соны түсінген соң ғана қорқамыз. Бұл қорқынышты жоб қажеттігін бәрімізде түсінеміз. Жаңа ғана Эрнест Кахан бұл еріктілік туралы айтып өтті ғой. Расында да, бұл бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, қазір осы жерде айтылған орамды ойларды қазір біз өзімізбен бірге өз елімізге апарамыз, таратамыз. Әрбір халықтың, әрбір әлеуметтік топтың, тіпті шағын болса да, халықтар арасындағы ұжымдардың арасында қоғамдық пікір туғызу керек, сол арқылы гумандық пікірді тарату және зорлықсыз өмірді насихаттау керек. Өкінішке орай, мыңдаған жылдар бойына дінаралық және экономикалық соғыстар тоқтамай отыр. Міне, бүгінгі күнде біз пікірталастырулар мен ой бөлісулер арқылы бір бірімізді түсінуге қол жеткізіп отырмыз, естелік үшін ортақ суретке түсу, өзара сөйлесу міне осының барлығы да форумның қажеттілігін көрсетеді. Осы арқылы, із қорқынышты артқа қалдырып, бір-бірімізді жақыннан танимыз.
Бізге өзімізге жат болған нәрселерден қорқудың мүлдем қажеті жоқ. Біз әрине, барлық тұрғыдан сан алуанбыз, киім кию үлгімізде, ойымызды жеткізуімізде сан алуан. Бірақ біз ортақ тіл таптық. Астанаға қанша келіп жүріп, біз жаңа ортақ достар табамыз, олар туралы кейін өз отбасымызға айтып барамыз. Бірақ біз ешқандай баяндама арқылы емес, өзара тілдесу арқылы ғана өзіміздің арамыздағы қорқынышқа тола кедергіден аттап өте аламыз. Біздің тілдесуіміздің арқасында ғана біз ортақ мәмілеге келе аламыз».
Алдағы форум барысында жеке тілдесу мүмкіндігіне еркіндік беру қажеттігі де осы конференцияның барысында жиі айтылды. Алқа отырысынан кейін де, конференцияның жұмыс отырыстары төрт бірдей алаңда ұйымдастырылды, ол жерлерде пікірлестердің баяндамалары тыңдалып, ортақ іс қимылдар легі жасалды. Жоспарланған уақыттан тыс уақыттарда да пікірталас орталығынан кетіп қалмай, делегаттар бірімен бірі ой бөлісті.
Алқа мүшелері Форум аясында Рухани Мәдениетті әлемге тарату тетіктерін жетілдіруге тоқталды. ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов өз баяндамасында танымал Кеңес және Әзірбайжандық әнші, сазгер, актер, Ресей федерациясындағы Әзірбайжан Республикасының тұрақты және өкілетті елшісі Полад Блюль Бюль оглы екеуінің күні кеше ғана Ашхабаттағы ТМД елдерінің шығармашылық зияткерлер Форумынан келгеніне тоқталды.
- Қозғалыс бұдан тура 20 жыл бұрынғы көрінісіндей тұрақты даму үстінде, ол өз кезегінде әлемдегі бейбітшілікті сақтауға үндейді, - деген Олжас Сүлейменов өз сөзінде танымал парсы ақыны Низамидің «мемлекет» және «әділдік» деген қағидаларын мысалға келтірді. Сол арқылы ақын әрбір мемлекеттегі әділдікке берілер қажеттілікке тоқталды.
Осы сөздерінде мемлекеттік тұрақтылықты тек қана бейбіт өмір қалыптастыра алады деп сөзін түйіндеді.
Әлемнің көптеген елдерінде әндері танымал сазгер Полад Бюль Бюль оглы өз баяндамасында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына алғыс сөздерін білдірді. – Бұл қонақжай аймақ, оның елордасы Астана бүгінгі таңда бүкіләлемдік бейбітішлік пен келісімнің орталығына айналуы жайдан – жай емес. Біз бұл жерге жиналып, өзіміздің алаңдаушылығымызды білдіреміз. Дегенмен біз сияқты интелегенция өкілдері өздерінің халықының өкілі ретінде пікірін білдіреді, өз мемлекетінің атынан сөз сөйлейді. Тек сөйлеп қана қоймайды, ойын ашына жеткізеді. Мүмкін сонда ғана бүгінгі әлемді билеп отырғандарға біздің ойымыз жетер деген үмітте сөйлейміз.
Көздеген мақсатымыз біркелкі тұтас мемлекеттердің, халықтардың тағдырына алаңдаушылық білдіру.
Қозғалыстың алдында тұрған өзекті тақырыптарды сөз еткен конференцияға қатысушылардың дені Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының бастамасын тарату туралы ойларын білдірді. Бұл туралы Халықаралық Менеджмент Академиясының Академигі, Еуразия телевидение және радио академиясының Президенті, құрметті кинематографист Валерий Давыдович Рузинде сөз сөйледі.
- Біз өркениетті қоғамды мансұқ еткен әлемдегі бірліктің тек рухани Мәдениетке ғана иек арта алатынын түсінуіміз керек. Біздің бүгінгі форум барысында талқылап отырған әңгімеміздің өзіге де міне, осы туралы, біздің Форум бұл бағыттағы жетекші құрылымға айналуы крек. Бүгінгі қоғамда рухани мәдениет деген ұғым тек мәдениет саласында ғана көрініс тауып отырғаны өкінішті, ендігі уақытта ол мәдениеттерді салыстыра отырып бірін бірі толықтыруға қызметк еткені жөн. Мәдеиеттердің араласуы жоғары деңгейде болғаны жөн. Ақпараттар желісінде де, геомәдениттер де қамтылуы керек, тек қана геосаяси ақпараттар легімен шектеліп қалмай. Біздің бүгінгі атқарар жұмысымыз ол ақпараттық кеңістіктегі ортақ құндылықтарды қалыптастыру. Біз жақында ғана Ресейде «Мен өмір сүруді армандаймын, Ресей менің Отаным» атты жастар байқауын өткіздік, өте биік деңгейде болды деп айта аламын.
Сондықтан да, бүгінгі Форум барысында тура осындай байқауды халықаралық деңгейде өткізсек деген ұсынысымды білдіремін. Бұл байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз осы форумға жиналған көзқарастарымызбен ұштасып жатыр. Ендігі шара ол Форумның жұмыс аясын ұлғайту. Мүмкін, бұл мақсатта халықаралық медиа клуб құруда қажет болар деген ойдамын.