18 қазанда Алматыда «Рухани Келісім Конгресі» ХҚҚ және Еуразиялық гуманитарлық ынтымақтастықтың Мәскеу ұйымдастыру орталығының бастамасымен І-ші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің бес жылдығына арналған конфессияаралық дөңгелек үстел өтті.
1997 жыл
18 қазанда Алматыда «Рухани Келісім Конгресі» ХҚҚ және Еуразиялық гуманитарлық ынтымақтастықтың Мәскеу ұйымдастыру орталығының бастамасымен І-ші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің бес жылдығына арналған конфессияаралық дөңгелек үстел өтті.
Оның қатысушылары Меморандум қабылдады, онда тарихи діндердің өзара әрекеттесуі Еуразия халықтарының рухани мәдениетін қалыптастырудың маңызды шартына айналады, сондай-ақ ұлтаралық және этносаралық қақтығыстардың алдын алуға көмектеседі дегенге сенім білдірді.
Кездесудің маңызды нәтижесі теңдесі жоқ Еуразиялық конфессияаралық бейбітшілік орталығын құру болды. Ол Еуразияның «ыстық нүктелерінде», бас бостандығынан айыру орындарында жұмыс істеуге, әскери қызметкерлерге, мемлекетаралық қақтығыстардың мүгедектеріне - ардагерлеріне көмек көрсетуге бағытталды. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасының Президентіне, Еуразия мемлекеттерінің парламенттері мен үкіметтерінің басшыларына, тарихи конфессиялардың рухани жетекшілеріне, қоғамдық ұйымдар мен іскер топтарға үндеу жолдады.
Сол кезде Ресей Федерациясының Шешен Республикасында антитеррорлық операция жүргізілді. Конфессияаралық дөңгелек үстел Шешенстандағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша бірлескен хат қабылдады.
Рухани Келісім Күнінде Қазақстанда алғаш рет үлкен қайырымдылық шарасы өтті. Мерекелік дастарханға республика бойынша бір мезетте 60 мыңнан астам адам жиналды. Ал әр дастархан алдында жетекші дін өкілдері дұға оқыды. Бұл мерекелік дастарханға халықтың әртүрлі топтарының өкілдері қатысты, бірақ әлеуметтік қорғалатын санаттағы адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Оңтүстік астананың бас дастарханы бірқатар демеушілердің арқасында «Анкара» қонақүйінде 200 соғыс және еңбек ардагеріне арналып жайылды. Осымен Рухани келісім күніне орай қайырымдылық дастарханы дәстүрі басталды. Бұл күннің мақсаттарының бірі - қайырымдылық пен мейірімділіктің көптеген азаматтардың тұрақты қажеттілігіне айналуына ықпал ету болды.
18 қазандағы қайырымдылық акциялары жай ғана әдемі қимыл емес, шын мәнінде жақсылық, мейірімділік, жүрек серпінін жасау болып табылады. Ал егер шын пейілден жасалған болса, оны ризашылықпен қабылдаған адамның жан дүниесінде де жауап пайда болады. Осылайша адамдар арасында ерекше рухани байланыс туады.
Рухани Келісім Күні алғаш рет Қазақстанның жаңа астанасы Ақмолада (Астана) атап өтілді.
1998 жыл
17 қазанда Астанада «Қоғамның рухани жағдайы: нәтижелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Оның нәтижесінде мейірімділік, бірлік, достық ұрандарымен Рухани келісім күні 18 қазанды жалпыхалықтық мереке деп жариялау және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері қатарына қосу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентіне Үндеу қабылданды.