17 қазанда Рухани келісім күні қарсаңында Астанада қалыптасқан дәстүр бойынша «Әлемнің болашағы өркениеттер мен діндер келісімінде» атты дөңгелек үстел өтті.
2001 жыл
17 қазанда Рухани келісім күні қарсаңында Астанада қалыптасқан дәстүр бойынша «Әлемнің болашағы өркениеттер мен діндер келісімінде» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: «Біздің планетамыз және бүкіл адамзат жойқын қауіп-қатерлерге тап болып отыр, деп атап өтті. – Адам баласын жойқын соғыстар қаупінен азат етуден асқан асқақ мақсат жоқ. Діндер арасындағы қарым-қатынасты нығайту осы биік мақсатқа жетуге көмектесіп, рухани құндылықтарды ілгерілетуде іргелі рөл атқара алады. Конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі жолы - өзара құрмет пен барлық адамдарға деген жауапкершілікке негізделген диалог».
Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне аты берілген, көрнекті орыс ғалымы, Қазақстанда үлкен құрметке ие ойшыл Лев Николаевич Гумилевтің мынадай тамаша сөздері бар: «Барлық адамдарды өзіңе ұқсатуға ұмтыла алмайсың, бірақ олармен үйлесімділікте өмір сүруді үйрену керек.».
Біздің түсінігіміздегі рухани келісім қандай да бір түрде бірігуді, біркелкі болуды, қандай да бір ортақ дін құруды білдірмейді. Бірақ біз діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоюды емес, біріктіруші принципті іздеуде біртұтаспыз. Өйткені, барлық діндер дүние жүзіндегі адамдар үшін қарапайым және түсінікті ортақ қағидаларға негізделген: жақыныңды сүй, азап шеккенге көмектес, кедей мен бейшараны ая, мәңгілік өсиеттерді орында. Дәл осы рух кеңістігі адамдарды біріктіретін әмбебап сала болып табылады.
2002 жыл
Ақпан айында Мәскеуде Рухани Келісім Конгресінің үшінші сессиясы өтті. Ол Алматыда бейбіт идеяларды топтастыру, планетаның рухани орталығын қалыптастыру, оның халық өмірінің рухани саласына ықпалын тарату, әлемдік тәртіптің барған сайын маңызды мәселелеріне, бейбітшілікті ұйымдастыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
Сессияда рухани дамудың келешегін айқындайтын Декларация және басқа да бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.
Ұлтаралық және рухани-адамгершілік қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен бағдарламаларды жинақтау және жалпылау палатасы құрылды.
18-19 қазанда Астанада Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің 10 жылдығына арналған «Тарихи, мәдени және діни дәстүрлер – Еуразия халықтарының рухани келісімінің негізі» атты мерейтойлық сессия өтті.
Еуразия кеңістігіндегі барлық халықтардың ортақ мүдделері – халықтар арасындағы барлық тарихи қалыптасқан айырмашылықтарды құрметтеуге, сенім мен баршаға ортақ этикалық принциптерге негізделген бірлік жолдарын іздеу. Тарихи дәстүрлерді, басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу, өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы қарым-қатынастағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен руханият әлемін құра алады. Мемлекеттің рухани негіздерінің қауіпсіздігі оның тұрақты және орнықты дамуының ең маңызды аспектісі болып табылады және олардың тозуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бұзылуына, халықтың рухани саулығының күрт нашарлауына әкеліп соқтырады. Қазақстан халқының рухани дәстүрінің өзегі болып табылатын келісім қоғамды біртұтас азаматтық қоғамдастыққа топтастырудың факторы қызметін атқарады, оның әлеуетін жұмылдырады. Мерейтойлық сессияның негізгі қорытындысы осындай.