17-18 қазанда Астанада ЮНЕСКО-ның Толеранттылық қағидаттары Декларациясының қабылданғанына 10 жыл толуына арналған «Толеранттылық арқылы – рухани келісімге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2005 жыл
7 сәуірде Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасында Мемлекеттік Думаның Мәдениет жөніндегі комитетінің және «Мир через культуру» халықаралық қауымдастығының бастамасымен «Мәдениет терроризмге қарсы – терроризмге қарсы күресте қоғамның мәдени әлеуетін жұмылдыруды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбында парламенттік тыңдаулар өтті.
17-18 қазанда Астанада ЮНЕСКО-ның Толеранттылық қағидаттары Декларациясының қабылданғанына 10 жыл толуына арналған «Толеранттылық арқылы – рухани келісімге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Ақордада өзінің ресми резиденциясында «Рухани келісімге толеранттылық арқылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бір топ қатысушылары мен қонақтарын қабылдады.
«Қазақстан» және «Хабар» екі басты мемлекеттік телеарналарында Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенімен бірлесіп Рухани келісім күніне арналған төрт сағаттық телемарафон өтті.
Астанадағы Конгресс-холлда Рухани келісім күндеріне қатысушылар үшін әлемге әйгілі композитор Кшиштоф Пендерецкийдің «Иерусалимнің жеті қақпасы» №7 симфониясы орындалды. Оркестрді авторы – К.Пендерецкий (Польша) басқарды.
19 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» орталық республикалық газеттерінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұлты мен дініне қарамастан барша қазақстандықтарға жолдаған Рухани келісім күнімен құттықтауы жарияланды. Құттықтауда былай делінген:
«Толеранттылық пен диалогқа дайындық біздің рухымызда; қалаларымызда мешіт, православие шіркеуі, костел мен синагога қатар орналасқан; жеріміздегі бейбітшілік пен келісім – қазақстандықтардың өмірінің айқын ақиқаты мен шындығы.
Бірақ басқа елдерде орын алып жатқан қақтығыстар мен шиеленістерді ушықтыру үшін адамдардың ұлттық және діни сезімдерін пайдалану әрекеттерінің қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер жағдайында біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтап қана қоймай, оларды арттыруға тиіспіз.
Рухани келісім күні бірлік пен мейірімділіктің, ізгілік пен берекенің күндеріне айналсын!».
2006 жыл
16 қазанда Астанадағы Рухани келісім күндері КСРО халық әртісі Иосиф Кобзонның жеке концертімен басталды. Көрнекті әнші, нағыз мәдениет қайраткері, өз тыңдарманын жан-тәнімен сезінетін тұлға осы күні астананың Конгресс-холл залына келгендердің бәріне тамаша мереке сыйлады.
17 қазанда «Руханият пен мәдениет экстремизм мен терроризмге қарсы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің, Украинаның, Тәжікстанның, Германияның, Австрияның, Швейцарияның және басқа да елдердің ғылыми, шығармашылық және саяси элитасының өкілдері планета халықтарына тән мәдени және рухани құндылықтар заманымыздың сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне қарсы күрес факторы ретінде маңызды рөл атқаратыны туралы айтты. Конференцияға қатысушылардың сөз сөйлеулерінің лейтмотиві терроризм мен экстремизмге қарсы күресте күш біріктіру және біртұтас майдан құру қажеттігі жайлы идея болды, оның әлеуеті осы құбылыстардың таралуын тежеу үшін ғана емес, сонымен бірге оларды адамзат тәжірибесінен бірте-бірте жою үшін жеткілікті болады.
Конференцияда өнер, мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, жетекші конфессиялар жетекшілеріне, әлемдік рухани қоғамдастыққа, планетаның барша жарқын күштеріне «Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумын Өткізу – уақыттың өзекті талабы» атты Үндеу қабылданды.
Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумының халықаралық ұйымдастыру комитеті құрылды, оны үш тең төраға басқарады:
И.Д. Кобзон – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Мәдениет комитетінің төрағасы, КСРО халық әртісі;
Т.М. Мұхамеджанов – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, композитор, «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті;
В. Аугустат – «Мир через культуру – Еуропа» халықаралық қауымдастығының президенті, Линц қ. Халықаралық этика институтының директоры (Австрия).
18 қазанда Рухани келісім күнін мерекелеу аясында шетелдік делегация өкілдері Астанадағы діни орталықтарды аралады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде, Астана қ. әкімдігінде, Қазақ ұлттық музыка академиясында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мазмұнды кездесулер өтті.
Астанадағы Рухани келісім күндері Қ.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өткен гала-концертпен аяқталды. Концерт басталар алдында белгілі ресейлік жазушы-журналист Генрих Боровик «Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумын өткізу – уақыттың өзекті талабы» атты конференцияда қабылданған Үндеуді оқып берді. Атап айтқанда, «Қазақстанның астанасы бүгінде әлемдік рухани орталық ретінде танылып, осында форум өткізу руханият пен мәдениет мәселелерін жаңа деңгейге көтеріп, әлемдегі жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізеді» делінген.
29 қарашада Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Пушкин және Абай» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны «Мир через культуру» қазақстандық қауымдастығы мен Қазақстан Республикасындағы Росзарубежцентрдің өкілдігі ұйымдастырды және Қазақстандағы Пушкин жылы мен Ресейдегі Абай жылына арналды. Бұл ұлы ақындардың шығармашылық мұрасы да адамзат өркениетінің ортақ қазынасына жатады. Қазақстан астанасында оларға арналған конференция өткізу еуразиялық кеңістікті мекендеген халықтардың мәдени мұрасы мен тарихи жадының бірегей селбесуі мен бірлігін көрсетуге бағытталды.