19 қазанда халықаралық конференция Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумына дайындық жөніндегі халықаралық ұйымдастыру комитетінің отырысымен жалғасты.
2007 жыл
Қазақстанда Рухани Келісім Күнінің 15 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.
18-19 қазанда Астанада «Қазіргі әлемдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту жолдары» атты екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ресейлік делегацияны РФ Мемлекеттік Думасының Мәдениет комитетінің төрағасы, КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон, Еуропа елдерінің бірлескен делегациясын – «Мир через культуру – Европа» халықаралық қауымдастығының президенті, Халықаралық этика институтының директоры (Линц қ., Австрия) Вильгельм Аугустат басқарды.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары Александр Тягунов негізгі баяндамаларды жасады. Баяндамашылар Астанада өтуі жоспарланған Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумын құрудың маңыздылығын атап өтті.
19 қазанда халықаралық конференция Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумына дайындық жөніндегі халықаралық ұйымдастыру комитетінің отырысымен жалғасты.
Конференцияға қатысушылар мен қонақтар Астанадағы жетекші дәстүрлі конфессиялардың храмдарын аралады.
Кешкісін Қазақ ұлттық музыка академиясының орган залында КСРО халық әртісі И.Кобзонның Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттерімен шығармашылық кездесуі өтті.
2008 жыл
3 шілде мен 7 тамыз аралығында Халықаралық «Мәскеу – Астана – Бейжің» достық пен бейбітшілік олимпиадалық марафоны өтті. Марафон барысында бірқатар гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылды – экологиялық, этнографиялық, мәдени, спорттық, биомедициналық. Оның міндеттерінің бірі – Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумы туралы ақпарат тарату болып табылады.
20 қазан. – Астана әлемді рухани келісімді нығайтудың жаһандық процесіне бастап, жаһандық гуманистік диалогтың бастамашысы болды. Бұл жайында «Астана – әлемнің рухани орталығы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар айтты.
Конференцияға қатысушылар атап өткендей, бүгінде әлем өзінің болашағы өркениеттер диалогында екенін түсініп келеді. Алдағы Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумы «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджановтың атап өткендей, Астананың құндылықтарды орнықтырудағы тәжірибесінің руханият пен мәдениеттің болашағын ойлайтын әрбір адамға пайдалы болатынының тағы бір дәлелі болмақ.
Форумды дайындау жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Иосиф Кобзонның айтуынша, бүгінде адам тіршілігінің барлық өлшемдерінің нашарлауына әкеп соқтыратын жүйелі планеталық дағдарыс қарқынды дамып келеді.
– Қазіргі адамзаттың тұтынушылық өркениеті өзінің даму векторын өзгерткісі келмей, өзін-өзі жою аймағына енуде. Адамзат өз мүдделерін қорғауға деген бақыланбайтын ұмтылыстағы біртұтас халықтар әлемді сөзсіз жойылуға әкелетінін түсінуі керек. Өкінішке орай, әлем келе жатқан қауіптерді жете бағаламай отыр. Рухани надандықпен күресетін уақыт келді және мен бүгін мұны Астана қатты және анық еске салып отырғанына қуаныштымын, - деді И.Кобзон.
Конференцияға қатысушылар алдағы Форумның қорытындысы адамзат өркениетінің өмір сүруінің рухани-адамгершілік негіздерін тұжырымдайтын және осы проблеманы жеңудің негізгі бағыттарын нақты көрсететін «Рухани мәдениет арқылы бейбітшілікке» атты Декларация болуы тиіс деген тоқтамға келді.
Ғаламторда Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумының ресми сайты www. astanaforum.kz іске қосылды.