«Мир через культуру» ұранының мәні адам өмірінің барлық салаларында адамдар арасында шынайы мәдени, адамгершілік қарым-қатынастарды орнату арқылы бейбітшілік принциптерін бекіту болып табылады.
2014 жыл
12 шілдеде Мәскеуде «Мир через культуру» халықаралық қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Үндеу қабылданды. Үндеуде былай делінген:
«Мир через культуру» ұранының мәні адам өмірінің барлық салаларында адамдар арасында шынайы мәдени, адамгершілік қарым-қатынастарды орнату арқылы бейбітшілік принциптерін бекіту болып табылады.
Қауымдастық қызмет атқарған 25 жыл ішінде бұл негіздер жер шарының көптеген белгілі діни және рухани ұйымдарымен, көрнекті рухани көшбасшыларымен, саясаткерлерімен және мәдениет қайраткерлерімен тығыз байланыс орнатуға бағытталған бірқатар жобаларда көрініс тапты. Осы ұстанымның арқасында қауымдастық Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресін шақыру бойынша халықаралық конференциялар өткізуге, Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумын өткізуге бастамашылық жасай алды. «Мир через культуру» формуласы рухы мен оңды ұмтылысы бар адамдар үн қосқан өзіндік ұранға айналды.
…Жаңа уақыт, негізін өзгертпей, қоғамдастық қызметіне өзіндік түзетулер енгізуде. Бүгінгі күн тәртібіндегі басты міндет – Рухани Мәдениетті адамзат құндылықтарының бүкіл жүйесінің іргетасы, дамудың терең негізі, адамзат өркениетін өзгертудің шешуші факторы ретінде орнықтыру.
17-18 қазанда Астанада әлемнің 16 мемлекеті өкілдерінің қатысуымен «ХХІ ғасырдағы бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған қатысушылар атап өткендей, Астанадағы конференция өзекті әлеуметтік, рухани және мәдени мәселелерді талқылау үшін тамаша алаң болып табылады.
«Халықаралық қоғамдастықтың ыдырауы күшейді, халықтар арасында жаңа кедергілер қойылып, әлемдік күш орталықтары қайта құрылуда. Бұл үдерісте этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мәселелері қауіпті түрде саясиландырылады. Ал, дін атын жамылған радикализм мен экстремизм мәселесін айналып өтетін бірде-бір ел әлемде жоқ», - деп ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов өз баяндамасында атап өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық саясат пен этносаралық диалогты жүзеге асырудың тиімді институты ретіндегі бірегей тәжірибесіне тоқталды,
ДРМФ президиумының мүшесі Юрий Агешиннің (Ресей) сөйлеген сөзінің негізгі тақырыбы адамзаттың рухани мәдениетін қалыптастыру бойынша одан әрі практикалық қадамдар жасау қажеттілігі туралы болды. Ресей білім академиясының академигі, Ливан университетінің философия профессоры Сухейл Фарах (Ливан) Дүниежүзілік форум идеяларының одан әрі тағдыры үшін әр елдің жауапкершілігінің қажеттілігі туралы айтты. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, профессор, исламтанушы Валерия Порохова (Ресей) рухани заңдардың бірлігі мәселесіне, ислам және исламдық емес әлемді бітімге келтірудің күрделі тақырыбына тоқталды. Мэри Пэт Фишердің (Үндістан), сыртқы байланыстар депаратментінің басшысы Гобинд Саданның сөзі нақты ұсыныстарға толы болды. Ол форумның келесі сессиясын өткізу үшін қандай жағдайлар тиімді болатыны туралы өз пікірін білдірді. Ол сондай-ақ оң идеяларды ілгерілету үшін әлеуметтік желілерді, интернетті және баспа БАҚ-ты кеңінен пайдалануды ұсынды: Бейбітшілік әдебиеті мен мәдениеті жөніндегі халықаралық форумның вице-директоры, Дүниежүзілік үйлесімділік қауымдастығының мүшесі Сюзана Робертс (Аргентина) тұлғаның үйлесімді дамуы, этикалық сезімдер мен рух мәдениетін тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтты.
Атанас Ванчев (Франция) – «Әлем ақындары» халықаралық ұйымының вице-президенті, Мәдениет институтының президенті көптеген елдерде бар бейбітшілік елшілері миссиясы арқылы руханият пен келісім идеяларын насихаттау мүмкіндігін еске салды. Ғаламшардағы бітімгершілік процестерін одан әрі дамыту қажеттілігін және Дүниежүзілік экономикалық форумның екінші сессиясын ұйымдастыруға қатысуға дайындығын журналист, «Зеркало недели» газетінің тілшісі Наталья Вареник (Украина) шын жүректен және эмоционалды түрде білдірді. «Вечерний Тбилиси» газетінің бас редакторы Вадим Анастасиади (Грузия) жиналғандарды моральдық құндылықтарды белсендірек қорғауға және өз ұстанымын қаттырақ жариялауға шақырды.
Конференция Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толуына байланысты Үндеу қабылдады.
Қазақстан Республикасының Орталық коммуникациялар қызметінде ДРМФ президиумының мүшелері баспасөз мәслихатын өткізді.
2015 жыл
3-30 қаңтарда Мәскеу облысының Волоколамск қаласында «Ақ тырналарға айналды» атты рухани-ерлік акциясы өтті. Акция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және «Әскери даңқ қаласы» құрметті атағына ие болған Волоколамск қаласының 880 жылдығына, сондай-ақ Мәскеу үшін шайқасқан 28 батыр-панфиловшылардың ерліктеріне арналды..
Акцияны ұйымдастырушылар: «Ресей қазынасы» тарихи құндылықтарды жаңғыртудың Бүкілресейлік қайырымдылық қоғамдық қоры, Халықаралық Рухани Мәдениет Орталығы, «Мир через Культуру» халықаралық қауымдастығы, «Үнді диаспорасы» үнділердің аймақтық қоғамдық ұйымы, «Волоколамск Кремлі» мұражай-көрме кешені.
Акцияға Қазақстаннан «Рухани Келісім Конгресі» ХҚҚ төрағасы және Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумының тең төрағасы Төлеген Мұхамеджанов бастаған делегация қатысты.
Бір жыл ішінде «Мир через культуру» халықаралық қауымдастығы мен Рерихтердің халықаралық орталығы көркем және ғыоыми мекемелер мен тарихи ескерткіштерді қорғау туралы шарттың 80 жылдығына арналған «Рерих пактісі: тарих және қазіргі заман» атты 1-ші көрме жобасын жүзеге асырды. Ғылыми мекемелер мен тарихи ескерткіштер. Жобаның мақсаты – Рерих Пактісінің «Мир через культуру» соғысқа қарсы негізгі идеясы негізінде мәдениет пен бейбітшілікті қорғауда әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге үлес қосу болып табылады.
17 - 18 қазанда Астанада «Рухани мәдениет: өмір мен бейбітшілік стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысы барысында қазіргі қоғамның бұрыннан белгілі мәселелерін шешудің кейбір жаңа теориялық, ең бастысы практикалық жолдары, сонымен қатар өмірлік қажеттіліктерге жауап беретін шешімдерді табу – рухани құндылықтарды негізге алу заманауи тұлғаның Жаңа санасын қалыптастыру ұсынылып, қарастырылды.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына байланысты Үндеу қабылдады:
«Осы қоғамдық құрылымды құру арқылы Қазақстан түрлі халықтар мен мәдениеттердің үндесуі жолында маңызды қадам жасады. Ал «Рухани келісім жолында» ұранымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы уақыт сынынан өтті. Ассамблеяның арқасында көпұлтты Қазақстан жетекші орынға ие болды және бұл жағынан басқа елдерге үлгі болды, өйткені қазіргі уақытта көпұлтты мемлекеттер жер шарының түкпір-түкпірінде бар.
...Сондықтан, біз pax universalis атынан сөз сөйлей отырып, «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» идеясын үлгі етіп, басқа мемлекеттерде, мемлекетаралық одақтарда осындай халық жиналыстарын құруды ұсынамыз.
Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ үшін Халықтар ассамблеясының құрылуы халықтардың бірігуін бейбіт жолға бағыттайтын тамаша саяси және мәдени құрал болады. Бұл қадам бейбітшілікке қол жеткізудегі келесі кезеңге айналмақ».