Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қадірлі қонақтар!
Ең алдымен баршаңызға Астанаға қош келдіңіздер деймін!
Бүгінгі жиынның біздің елордамызда өтуі кездейсоқтық емес. Астана - өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мол үлес қосқан және халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ұдайы өтетін диалог орталығы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысында тұрған Қазақстан алуан түрлі ұлттар мен діндердің жарасым тапқан ортақ мекені болды.
Бұл жетістіктерімізді біз қадірлеп, мақтан тұтатамыз. Әрі әлем жұртшылығына түрлі халықаралық бастамаларымыз арқылы үлгі етуге ұмтыламыз.
Бұл бар болғаны 20 жыл ішінде қол жеткізген ірі жеңістеріміздің ең бастысы, құндысы.
Бір жарым айдан кейін Астанада біздің ел басшылық етіп отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті өтеді. 2011 жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалықтың тізгінін қолына алады. Осы екі беделді ұйымдардағы Қазақстан қызметінің басым бағыты - Шығыс пен Батыс арасындағы, Еуроатлантика және Еуразия кеңістігіндегі толеранттық пен мәдение-таралық өркениетаралық үнқатысуды ілгері-лету болып табылады.
2010-шы жыл Елбасының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарарымен Мәдениеттердің жақындасу жылы деп жарияланды. Осы орайда бұл қарардың жүзеге асуына сіздердің де зор үлестеріңіз бар екенін ықыласпен атап өткім келеді.