Бүгін Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қайырымдылық мекемелері, медресе мен аудан мешіттеріне Құран Кәрім кітабын үлестірді.
«Рухани келісім конгресі» жеке қор Президенті Төлеген Мұхаммеджанұлының ұсынысымен қордың вице-президенті Әнуар Қатқылбайұлы Алматы орталық мешітіне әртүрлі өлшемдегі қасиетті Құран Кәрім кітаптарын табыстады. 1214 дана қасиетті кітап сегіз қайырымдылық мекемесі мен "Әбу-Ханифа" медресесіне және сегіз ауданға үлестірілді. Іс-шараға имамдар мен дін қызметкерлері қатысты. Құран жаттайтын шәкірттерге, жалпы мешіт жамағатына мешітте қолдану үшін сыйға берілген сапалы қасиетті Құран Кәрім ұзақ жылдар қызмет етеді деп сенеміз.