БАРША ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІККЕ

І Әлемдік Рухани Келісім Конгресінің 20 жылдығына арналған,
мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференцияның үндеуі
Астана қ., 2012 жылдың қазаны
Адамзат алдында тұрған барлық мәселелер жиынтығында, адамзат өркениеті негізделетін басты буыны бар. Бұл сөзсіз бейбітшілікті сақтау және халықтардың бейбіт өмір сүруі.

Барлық материалдық және рухани эволюциялық даму кезеңдеріндегі басты мақсат – барша әлемдегі бейбітшілікті сақтау туралы ұғым. Бұл – нақтылай айтқанда – ғасырлар бойы ғаламшардағы барлық бейбітшілікті сүйетін адамдардың тілегі!
Қазіргі уақытта жаңа ғаламдық мақсат-мүдделердің қарама-қайшылықтары күннен күнге артуда. Әлемдік элитаның ғаламдық үдерістерді тиімді басқара алмайтындығына, болып жатқан қаржы - экономикалық дағдарыс дәлел. Әлемдегі жағдайды бөлшектеп, сараптап талдау адамзат әлемі әлеуметтік құлдырау шегінде тұрғандығын, аса қатты күш көрсетулер – әскери қарсылықтар бұл жағдайды қиындатып жатқандығын айқындайды. Осыған орай, өте нәзік әлемдегі бейбітшілікті сақтап қалу – әлемдік қоғамның алдында күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе.
Уақыт талабын ескере отырып, мерейтойлық конференция әлемдік даму кезеңінің ерекшеліктерін қарап, ақылдасып Екінші Әлемдік Рухани Мәдениет Форумының негізгі тақырыбының бірін «Барша әлемдегі бейбітшілікке Рухани Мәдениет арқылы» тақырыбын ұсынуда. Болатын Форумның жұмысын интеграция ойлары, достық пен рухани келісім негізінде қауіпсіз өмір сүруге ұмтылатын әлем ұлттарын біріктіру, бағытына қарай жұмылдыру.
Екінші Әлемдік Рухани Мәдениет Форумының негізгі тапсырмасы Әлемге сапалы жаңа құжатты дайындап ұсыну – заманауи Бебітшілік туралы Пакт, Бейбітшілік туралы жолдау сияқты, осы жоғары мақсатқа жету барысындағы адамзаттың ғасырлар бойы жинаған саналы тәжірибиесін жинақтау және іріктеу.
Халықаралық Конференция ӘРМФ Президиумына келесілерді ұсынады:
1. Әлемдік Рухани Мәдениет Форумының екінші сессиясына шығарылуы тиіс осы құжаттың нұсқасын дайындау үшін халықаралық жұмыс тобын құру.
2. Аймақтық бөлімшелер желісін құру.
3. ӘРМФ өткізуге байланысты планетаның ірі мегаполистерінде пресс-конференциялар өткізу.
4. Болашақта Форум қатысушысы болуы мүмкін заманымыздың танымал тұлғалар қолдаушылар қатарына тарту.
5. ІІ ӘРМФ жобасын жасауда инвесторларды іздеуге қатысу.
6. ӘРМФ мақсатын кеңінен танытып, тарату үшін интернет көздерін барынша пайдалану.