Біз тағдырдың берген сыйына ризамыз. Бүгінгі ғылымның, технологияның орынсыз қолданылуынан және қоғамдық ұйымдардың жауапкершіліксіз іс-әрекеттерінен өркениеттің дамуына үлесін тигізетін тірі жүйелерді жойып жіберу қаупі төніп тұрғанын түсінеміз. Біз мұхиттардың мөлдірлігін, климатты,ғаламшардың тазалығын, тропиктік ормандарды қатерлі топтың санатына енгізіп қойдық. Қауіпсіздікке ұмтылу ұстінде, мемлекеттер жаһанды яролық қарумен жойып жіберу қатерін туғызуда.
Біздің ойымызша, бұл мәселенің жарты шешімі – рухани мәдениетті жаңғыртуда жатыр. Рухани мәдениет жоғарғы құндылықтардың көрінісі болып табылады. Жүрекке және санаға дем беру үшін, үйлесімді жұмыс атқару үшін, біз негізгі сенімдерімізді сипаттаймыз.
Біз адамзаттың отбасы бірегей екендігіне сенеміз. Ұлтқа, нәсілге, дінге, жынысқа және этникалық сипаттамаға қарамастан, барлығымызды өлшеусіз өмірлік күш қолдайды. Дәл осы күш бізге махаббат және жанашырлық сыйлайды, өз-өзімізді тануға, табиғат әлемін қорғау мен әлдилеуге, сұлулықты көрсетуге, әділеттілікке жетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, осы киелі тірі күш әрбір адамда тән болуы үшін институттар құруға жағдайлар жасалады.
Әртүрлілік ұлттың және рухтың шығармашылық әлеуетін арттырады. Әрбір адам бірегей және оны дара тұлға ретінде құрметтеу керек. Әртүрлі ұлттар мен діндердің құрметке тұрарлық өзіндік көзқарастары бар. Бақша көркем болу үшін онда әртүрлі әдемі гүлдер болуы керек, үйлесімділікке жету үшін әртүрлі ноталар қажет, ал мәдениеттің баюы үшін әртүрлі көзқарастардың жиынтығы керек. Біз материалдық өнімділікке негізделген, өсіп-өніп келе жатқан жаһандық мәдениеттің бөлігіміз. Адамзаттың мақсаттарын қанағаттандыру үшін немесе тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жалғыз материалдық байлық жеткіліксіз. Біз сондай-ақ, адам баласының қасиетті құдіретін қастерлеуіміз қажет. Дәл осы рухани қайнар көзден біздің жоғарғы құндылықтарымыз пайда болады. Саулық пен бақыт осы рухани құндылықтардың тірлігінің жемісі болып табылады. Аталмыш құндылықтар адам баласының ары мен құқықтарының, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің, әрі әділеттілік пен заңның ұлықтылығының негізі болып саналады.
Әрбір адам өлшеусіз, ерекше тылсым күшке ие. Осы күшсіз адам баласының денесі құлдырайды. Бұл билікті сезім арқылы танып білу мүмкін емес, немесе оны ғылым яки технология арқылы басқару мүмкін емес. Ол әрбір адамға өмір және сана сыйлайды және бізді кез-келген шексіз болмыстың қайнар көзімен және әрбір жеке тіршілік иесімен біріктіреді. Осы билікке деген құрметсіз адам өмірі мән-мағынасыз өтеді.
Біз осы билікті өзіміз қалайтын қарым-қатынасты өзгелерге білдірген кезде құрметтейміз. Табиғат әлемімен үйлесімділікте және бір-бірімізбен сыйластық пен махаббатта өмір сүргенде құрметтейміз. Біз бір-бірімізге тәкаппарланып, үстемдік етуге ұмтылғанда, табиғат әлемін қолданғанда біз сияқты билікке ие келешек ұрпақпен санаспағанда, біз оған дақ келтіруіміз мүмкін.
Осы рухани құндылықтармен бірге біз тұлғаның бұдан да жоғарғы даму дәрежесіне, ұлттық тұрақтылыққа және жаһандық ынтымақтастыққа жете аламыз. Біздің балаларымыздың баянды болашағы үшін осы игіліктер келесі ұрпаққа берілуі тиіс.
Біз жүрекке дем беретін, әмбебап, рухани мәдениетте көрініс тапқан рухани құндылықтарды жеке өмірімізде және өзіміз өмір сүретін институттарда нұсқау ретінде қолданысқа енгізу жолында батыл қадамдар жасауға әзірміз.
Біз осы мақсаттарға жетуге бекем бел будық және Сіздерді біздің қатарларымызға қосылуға шақырамыз.