Агеев Александр Иванович - Ресей Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің экономикалық стратегиялар институтының бас директоры, Халықаралық болашақты зерттеу академиясының президенті (Ресей) | «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 17-18 қазан 2017ж.
Еуразия халықтары ассамблеясының мыңдаған жылдық тарихы бар және сөзсіз, болашағы зор. Өзімнің айтар сөзімде мен болашақтың қарсаңында деп аталатын жалпы қағидатпен біріктірілетін жеті тезисті атап өткім келеді.
БҰҰ жіктеуіне сай Еуразияға жүзден астам мемлекет кіреді. Бұл Еуропаның 48 елі, Азияның 50 елі және Солтүстік Африканың 7 елі. Еуразияда бүгінгі таңда 12 қолданыстағы өркениеттің 8 бар. Дәл осы жерде әлемдегі барлық өндірілетін энергияның оннан тоғызы, әлемдік ЖІӨ төрттен үші және шамамен әлемнің бестен төрт бөлігінің халқы осы жерде шоғырландырылған. Сонымен қатар, 2030 жылы барлық болжамдар бойынша, әлемдік экономикалық күштердің арақатынасы Батыс Еуразиядағы Наполеон соғысының кезеңіндегі - XIX ғасырдың басындағы қалыпқа қайтып келеді. Ол кезде әлемдік ЖІӨ 70% БРИКС қазіргі заманғы блоктарының елдеріне және 30% қазіргі заманғы Батыстың елдеріне тиесілі болды. ХХ ғасырдың ортасында бұлардың орындары ауысты. Қытайдың үлесі, мысалы, әлемдік ЖІӨ үштен бір бөлігінен 5% дейін түсті. Бұл алғашында Ұлыбританияның, сосын АҚШ әлемдік қаржы-экономикалық гегемониясын орнатуды білдіретін зор қозғалыс болды. Бұл қозғалыс біздің заманымыздың барлық әлемдік құрылымын, батыстағы қағидаттардың жаһандануының өсуін анықтап берді. Бірақ қазіргі таңда бұл әлемдік тәртіп тез құлдырап бара жатыр, осы ұрпақ үшін қалыпты жаһандану моделі бұзылуда. Осы үдерістің соңғы тарихи аналогы - 1914 - 1945 жылдарды қамтыды. Көптеген келіспеушіліктер мен хаос, абыржу мен құндылықтардың құлдырауы осындай қозғалыстармен ілесе келеді.
1990 жылдары түпкілікті бекітілген жаһанданудың моделі бір елдердің күшінің басымдылығы мен қаржы-экономикалық басымдылығына ғана қатысты болған жоқ. Осы модельдегі ең бастысы - қасиеттер мен өмірдің құндылықтарына деген немқұрайлық. Алып-сатарлық ойындарды қоздыру, монополия, бәсекелестік, жаппай қарызды және тұтынушылық ажиотажды өсіру қағидаттарының экономикадағы моделі адамдардың түйсігінің барынша босауына, яғни, адамның қуатының төмендеуіне алып келеді. Мінсіздікке немқұрайлы қарау, оның беделін түсіру, оған күле қарау, мәдениетін ауыстыру - осы экономикалық модельдің салтанатты түрде орнағандығын білдіреді. Сонымен қатар, мәдениет күрделілікті сақтаудың кеңістігі, адамның рухының жоғары және бірегей өнерінің жиналуы, өмірдің мәнін іздеу және оның нағыз құндылықтарын тану болып табылады.
Ғаламдық экономикалық модельдің дағдарысы антропологиялық, фундаменталдық келіспеушілікті шиеленістірді. Бұл жағдайда, күрделі жағдайда, еуразиялық эволюцияның болашағы бірнеше сценариймен сипатталуы мүмкін.
Бірінші сценарий - бұл «римдік тәртіпті» сақтауды жалғастыру, яғни, монополярлық әлемдік ахуал, бірақ бұл «төртінші Рим» өзінің әсерін әрең ұстап тұр. Бірақ екпінді сандық революция орта ғасырлардағы Ватиканға ұқсас немесе сол сияқты желілік жүйелерге ұқсас гегемонияның корпоративтік құрылысының құрылуына алып келуі мүмкін. Бұл әлемде көбісі жайлы деп ойлауы мүмкін.
Екінші сценарий Үлкен Еуразияның аумағында көптеген түрлі шағын жобалар іске қосылады деп болжайды. Каспий жанындағы одақ, «Иран тілдес ойкумена», «Үлкен Тұран», РИиК — Ресей, Үндістан, Қытай, Тынықмұхит одағы және т.с.с. Екі жақты және көп жақты кооперацияда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ сөз қазіргі таңдағы ауқымдағы белсенді мегажобалардың объективті ықтималдығын ауыстырудың тәуекелінде болып тұр. Жеке жобалардың бәсекелестігін өршіту күшін әлсіретуі мүмкін.
«Жаңа феодализм» деп аталатын тағы бір сценарий осы жер, осы халықты Ост-Инд компаниясының аналогы бойынша күшті мега корпорациялардың басқаратын жағдайын сипаттайды. Мұндай корпорациялар кеңістіктің қандай да бір сегменттерін қамтауы, оның ресурстары мен тұрғындарын пайдалануы және өзінің ережелерін енгізуі мүмкін. Жеке әскери компаниялар халықаралық құқық пен ұлттық тәуелсіздіктің талаптарынан мұндай ойыншыларды қорғауға қабілетті. Жалпы, мұндай сценарийде Еуразия корпоративтік ГУЛАГ-қа айналуы мүмкін. Оның ықтималдығы ішінара криптовалюталардың, сандық технологиялардың мүмкіндіктерімен күшеюі мүмкін.
Сценарийлердің палитрасына Үлкен Еуразияның өркениетін қалпына келтіруді болжайтын сценарий кіреді. Оның іске асырылуының мүмкіндігі жақсы. Тіпті қазір, бүгінгі таңдағы жаһанданудың жағдайында Қытай, Үндістан, Иран экономикалық модельдерді құруда, олар өздерінің мәдениеттерінің, өркениетінің ережелерін ескереді және оның өсуіне қарай, осы мәдениет экономикалық жаһандану мен экономикалық мақсатқа лайықтығының қағидаттары мен тәжірибесін ығыстыратын болады.
Дұрыс стратегиялық таңдауды қалай қамтамасыз ету керек, оған қалай көмектесу керек, қазіргі дағдарыс кезеңіндегі шығындарды қалай азайту керек?
Барлық елдердің бейбіт өмір сүруі үшін қандай да бір мегареттеушінің қажет екендігі анық. Дәл осы мақсатта 70 жылдан астам уақыт бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасы құрылды, бірақ бірқатар себептермен табыссыз жоба болды. Бірақ кіммен соғысып, кіммен татуласуды анықтайтын ғаламдық бюрократтардың елдерінде қандай да бір бюрократтық құрылымның болуы мүмкін емес екендігі анық. Даулы мәселелерді шешетін, қазіргі заманның мүмкіндіктеріне, дәстүрлеріне және тәжірибесіне жауап беретін және өзара табысты шешімдерді іздейтін алгоритмнің қажет екендігі анық. Бұл БҰҰ реформасына импульс беруі мүмкін, бірақ оның негізін қалаған кездегі қағидаттардың өз мәнін жоғалтпағандығы да түсінікті жай.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жаппай сана-сезімдерге, басқа активтерге және негізгі шикізат тауарларының бағасына біраз әсерін тигізетін және геоқаржыларды айналысқа шығаратын, түрлі банктік және биржалық құрылым болып табылатын мегареттеуші бола алатындығы түсінікті. Бүгінгі таңда Олимптен отын-энергетикалық алпауыттардың баға белгілерінің биржалық қорынан ығыстырып шығарған ақпараттық корпорациялардың да әлеуеті жоғары болып табылады. Тәжірибенің көрсетуінше басқа секторлардың корпорациялары өздерінің мақсаттарына қолжеткізеді, бірақ олар ұлттық тәуелсіздіктердің, ұқсастықтардың, келген өңірдің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мүдделерінің қағидаттарымен лайық бола бермейді.
Өркениеттіліктің, мәдениет бірегейлігінің ешқандай мәнге ие болмаушылығының гипотездік жағдайының орын алуы мүмкін. Мысалы, ұлттық валютаны ығыстыра отырып, қандай да бір криптовалюта салтанат құрады, инвестициялық ресурстар мемлекетпен емес, супер қуатты қандай да бір ойыншымен монополизацияланады деп ойлап көрейік. Нәтижесінде, Үлкен Еуразияның кез-келген нұсқасы дамыту мен консолидация үшін ресурстардың қарапайым тапшылығымен бетпе - бет келуі мүмкін. Бұл жерден шығатын нәтиже: Үлкен Еуразияны дамыту үшін диалогтың барлық тәсілдері, оның ішінде мәдениет саласында сындарлы болу керек. Бірақ сол уақытта олар идеалистік бола алмайды!
Себебі иерархиядағы құндылықтар материалдық құндылықтардан жоғары болуы тиіс. Даму қарапайым жолмен емес, күрделі өсу жолымен жүруі тиіс. Бұл жерден адамның эволюциясын басқарудың қабілеттілігін өсыруге мұқтаждық пайда болады. Бірақ осы жерде принципиалды айырық та кездеседі. мұны қалайша және кімге басқару қажет?
Сондықтан біздің шешуімізді қажет ететін маңызды сұрақ біздің пікір-таласымызда өзінің кескінін табуы тиіс - бұл бүгінгі таңда орын алған технологиялық мәселенің мәні болып табылады. Егер өркениетті Үлкен Еуразия әлемдік масштабтағы күрделі қоғам болатын болса, онда оны басқарудың эволюциясы да күрделі қағидаттарға жауап беруі тиіс. Бұл прагматикалық және мінсіздіктің талаптарына сәйкестік дегенді білдіреді. Осы кеңістіктегі тәртіп соғыстар мен даулардың қаупін ғана емес, адамзатқа бағытталған қауіпті де еңсеруі керек. Сонымен қатар, жақын болашақта Еуразия барлық әлемдік өркениеттермен тең құқылы бола отырып, Жердің шегінен тыс және жердің айналасындағы радиуста экспансияны жасауға қабілетті болуы керек. Біз ғарышқа қазіргідей форматта емес, одан да көп ауқымда шығуымыз керек. Бірақ алыс ғарышқа шығу үшін мүлдем басқа модель керек. Анығырақ айтқанда, ғарышты алғаш игерушілердің моралі жаппай емес болатын, мыңдаған не миллиондаған кандидаттардың арасынан ғарышқа шығу үшін ондаған және ғарыштық индустрияда және ғылымда жұмыс жасау үшін ондаған мың адамдарды іріктеуге болатын еді. Алыс ғарышты игерудің міндеттері үшін «адамдық жылулығы көп» адамдардың ауқымы кең болуы тиіс.
Сонымен қатар, ғарышқа бара отырып, біз атомның тереңіне қарай барамыз. Егер Цернаның жобаларында, Үлкен андронды коллайдерде, астрофизикада, әлемдік грид желісінің есептегіш жұмыстарында ғалымдардың коллаборациясын қарастыратын болсақ, оның теңдессіз екендігін байқаймыз. Ол жерде этникалық, ұлттық, өркениетті және басқа белгілері бойынша ешқандай айырмашылықтары жоқ, ол жерде дүниежүзілік кооперация қалыптасқан. Ол жерде түрлі мәліметтерді өңдеудің бірыңғай хаттамаларын құрудың күрделі міндеттері шешілуде. Бұл ортадағы мораль әскери қақтығыс аумақтарына, казиноға немесе өндірістегі және есірткіні сату аумағына қарағанда басқаша. Жоғары және төменгі моральдық стандарттар мен тәжірибелердің арасында компромиссті моральдық диапазон бар. Сонымен қатар, көптеген мәдениеттердің моральдық кодекстерінің ортағы көп, сондай-ақ олардың бір-бірінен айырмашылығы да бар. Адамгершілік белгілерінен тәжірибелік ауытқуы көптүрлілік береді.
Күнделікті өмірде жеті миллиард адам жасайтын миллирдтаған әрекеттер спектрлер бойынша құндылықтармен ынталандырылады. «Игі істер көп болсын» деп айтқан кезде, әлеуметтегі адамдық әрекеттердің, салыстырмалы түрде көп болғандығын айтады. «Жерде жұмақтың орнауын» немесе «Күн қаласының болуын» қалаймыз - бұл негізі жақсы өмірді қалау болып табылады. Жаңа қиялдардың арасында бұл арман Н. Кондратьевтің Шамми марғауы туралы ертегісінде айтылған, ол «Айнажда елін» іздеуді мақсат тұтқан, «ол жерде барлығы бақытты ғұмыр кешуде және алыс жаққа мұңмен қарамайды». Түрлі әлемдік мәдениеттерде бұл тақырып айтылып тұрады. Мысалы, индуисттік уақыт кезеңінде «Кали-юга» («Кали жынының ғасыры», «Махабхарата» эпосында - бұл барлық ғасырлардың арасындағы ең жаманы деп аталады) ұғымы бар, онда ең төменгі моральдық нормалардың басымдылығының ұзақ кезеңі сипатталады, онда «жақсылықтың үлесі» төрт кезеңнен құралған уақыт кезеңінде бастапқы көлемінен төрттен біріне дейін азаяды екен.
Бүгінгі таңда адамзаттың барлығы басынан өткерген технологиялық трансформация «сандық ауысу», Индустрия 4.0 және т.с.с. терминдерінде сипатталады. Осы ауысымдардың маңызды белгілері Ғаламтордағы заттардың түрлілігінің қарқынды өсіп жатқан популяциясы болып табылады. 2020 жылға жеті миллиард адамға 20 бастап 50 миллиардқа дейінгі түрлі құрылғылар қосылады, олардың өз мекенжайы, әрекет ету үлгісі (алгоритмдері), келісілген әрекет ету қабілеттері болады және олар техникалық заттардың түрлілігін құрайды. Сонымен қатар, жеті миллиард адамдардың ішінде сенімдіктің кеңістігі әзер орын алады, ал 50 миллиард жаңа болмыс пен адамдардың арасындағы сенім қандай болмақ немесе олардың қауымдастықтарының арасында қандай арақатынас орнамақ? Жаңа есептегіш мүмкіндіктері тез пайда болады, олар кез-келген субъектілердің кез-келген қадамдарын есептеуге және олардың әрекетіне әсерін тигізуге мүмкіндік береді. Сандық тұғырнамалар қоғамдық үйлесімділіктің жаңа механизмдерін және ақпараттық кеңістіктегі жаңа феномендерді құрады. Осының барлығы дамуға ғана мүмкіндік беріп қана қоймай, қауіптерді де төндіретін болады. Басқаша айтқанда, адамзаттың алдында жаңа, теңдессіз мәселелер пайда болады, олар ішінара «машиналардың көтерілісі» және «қараңғылық» және т.с.с. салада кинематографтармен және футурулогтармен қойылған.
Давос форумымен өткен жылы әлемге болашақтағы адамзаттың дамуының симптомдық сценарийі ұсынылды. Олар төртеу: «үлкен аға», «үлкен ана», «барлығы сатады», «барлығы қамқор болады». Олар екі категорияға бөлінеді. Бірінші критерий - жеке деректерді кім бақылайды. азаматтардың өздері мен әлде орталықтандырылған құрылымдар ма. Екінші критерий - құндылықтың қандай түрі адамдардың өмірін анықтайтын болады. Бұл жерде де дилемма орын алады: бұлар кез-келген әдіспен табысқа қол жеткізетін адамдар болады немесе бұлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық жауапкершілікті және оның мәнін түсінетін адамдар болады. Критерийлер мінсіз емес, әрине, бірақ «нақты». Бұл сценарийлер адамдар мен елдердің күнделікті жағдайдағы сценарийлері болып табылады.
Осы мәнмәтінде жасанды интеллекттің проблемасы ерекше назар аудартады. Бұл тақырып осыдан 40 жыл бұрын қиялға ұқсас болатын, ал бүгінгі таңда ең негізгі және сындарлы болып отыр. Сөз ұшқышсыздардың тез қарқынды дамып жатқан корпусында емес, осы болмыстың адамның құпиясын ашуға деген мәселеге жақындауында болып табылады. Жедел тез есептегіштерден бастап, жасанды интеллект өзін-өзі жобалауға дейін жетеді және мүмкін адамдардың сезімдерін, ойларын, образын түсіне отырып мәндердің кеңістігіне ене алатын болады. Сондықтан бағдарламашылардың қандай құндылықтарды басшылыққа алатындығы туралы мәселе жақын арада қиял емес, шындыққа айналуы мүмкін.
Техникалық үдерістің қандай мүмкіндіктерді беріп отырғандығын көре отырып, қауіптерді де ысырып тастауға болмайды. Осындай қауіптердің бірі сауаттылық сипатындағы өзгерістер болып табылады. Қазіргі таңда жастар, бала бақшадағы балалар түрлі білім мен дағдыларды игеруде. Бұл «Сауаттылықтың түрі» деп аталады. Өзінің сауаттылығын әліппемен және оқулықтармен ашқан адамдар шынайылықтың бейнелі-әсерін игеруі мүмкін. Ал роликтер мен клиптерді көріп өскен адам әлемді танудың, дүниені сезінудің және әрекеттің маңызды үлгілерінен айырылады. Бұл басқа әлеуметтік-психологиялық әсерлермен салыстырғанда басқа мәдениет болып табылады. Мәдениет қарапайым ақпаратпен алмасу арқылы берілмегендіктен, ол тек әр жеке жеке тұлғаның үздіксіз мәдени шығармашылығынан ғана орын алады: ол мәдениеттің мұрасын өзінің игілігіне айналдырады.
Мәдени мұрамен қатар енген талант өзінің эволюциялық дамуында қадам жасайды. Егер ұрпақтардың мәдени дамуында, жеке тұлғаларында, ұлттарында, халықтарында, өркениетінде мұндай ауытқулар болмаса, егер мәдени дамуының бірізділігінде үзілу болмаса, онда жайлы тұрмыс орнайды.
Айта кетер жай, Қазақстанның халқы 1990 жылдардың басында осындай қадам жасады. Мен Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кітап мемуарын оқыдым, онда 1991-1993 жылдардағы драмалық жағдай сипатталған. Бұл жағдайды тиімді қабылдау өте қиын: шынымен нақты орын алған коллапстан қалай шығу керек? Үлкен ел бір уақытта тәуелсіз атанды, бірақ ең маңызды тіршілік ету ресурстарынан айырылып қалды. Негізі, қадам жасау керек болды. Қазақстанның басшылығы мен халқы сол ерлікті жасады және ол ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің, күш беретін факторына, фактісіне айналды.
Болашақтың қарсаңындағы осы жеті шолуды аяқтай отырып, ең бастысын атап өту керек - эволюциялық қадамды тек күш-жігері бар адамдар ғана жасай алады. Еуразия халықтарының ассамблеясы осындай күш-жігерін өміріне қағида етіп ұстанған адамдарды арттыруы керек. Рахмет (Шапалақ.)