Адамдардың жалпымен қабылданған құндылықтары және жалпы адамзатқа Рухани мәдениеттің деңгейі арқылы

Эрик Фанкхаузер | «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 17-18 қазан 2017ж.

Елдің аса құрметті Президентіне, сонымен қатар, барлық көпұлттық халыққа, Қазақстанның мәдени қоғамдастықтарына және ұлттарына келесі сөздерді арнауыма рұқсат етіңіздер:

Швейцарияның азаматы және қозғалыстың белсенді қатысушысы ретінде мен 1992 жылдан бастап Қазақстанның дамуына және керемет құрылуына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болдым.  Осы факт Президенттің және барлық Қазақстан халқының жетістіктеріне ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ БІЛДІРУДІҢ негізі болып табылады, оны біз ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ МЕТРОПОЛИСІ - АСТАНАДА түрлі бейбітшілік бастамаларында бақылай аламыз!

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан саясаты, Әлемнің қаласы - Астананың өсіп жатқан әсерімен бірге, Қазақстанның ұлы халқының бағы бар екендігін көрсететін қуатты көрсеткіш болып табылады.

РУХАНИ МӘДЕНИЕТ адамзаттың табиғатында өзінің мәнін табады; ол ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАРЫҚҚА салынған жолға, ғарыштық өлшемдерге салынған жолға өзіндік көпір болып табылады. Бақытты және қуанышты өмір тек табиғаттың заңдарына ғана, көзге көрінбейтін әлемдік тәртіппен үйлесе отырып негізделуі мүмкін, оның күші барлық тірі жандар мен құрылымдарға әсер ете алады, және бұл сөзсіз, өзіне еліктірер күш. ЖАРЫҚ - білім мен түсініктің белгісі, сонымен қатар, ол қараңғылықтың диаметриальды қарама-қарсылығы болып табылады. Сол себеппен біз осы деңгейдегі үлкен жауапкершілікті сезінуіміз қажет.

Үйлесімділікті, бақыт пен қуаныш сезімін құру үшін жерде бейбітшілік орнатуға талпыну керек - адамзат осындай рухани- мәдени құндылықтарды қажет етеді. Сонымен қатар, адам үшін ең басты басымдылық ең үздік қасиеттерін ашу, оларды үйлестіру болып табылады. Біздің әлемді құтқару проблемасының шешімі адамдар жаңғыртатын мәдениеттің жоғары деңгейінде ғана сезілуі мүмкін, себебі күнделікті өмірде қолданылатын мәдени қағидаттар түрлі проблемаларды шешу үшін, оның жеке, жанұяның, қоғамның, нақты бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың проблемасы екендігінен тәуелсіз қажетті іргетасы болып табылады. 

Тек рухани мәдениеттің деңгейінде ғана адамдар Ортақ Құндылықтарын табысты дамыта алады және ынтымақтастықтың негізінде проблеманы шешу үшін біріге алады, тек Жоғары білімнің рухани және мәдени негізі арқылы ғана - жарқын болашақ үшін қажетті шарт ретінде және нәтижесінде адамзаттың мүддесі үшін бейбітшілік пен үйлесімділік.

Әлемнің жаңа қаласы - Астананың және барлық ҚАЗАҚСТАННЫҢ барлық құзыретті органдары мен ірі қайраткерлері Шығыс пен Батыстың арасындағы байланыстырушы, Орталық Азияның түйіні және дүниежүзінде бейбітшілікті сақтаудың негізгі элементі болуға ынталы.

Рахмет!