Төлеген Мұхамеджанұлы, Бүкіләлемдік Рухани Мәдени Форумның теңтөрағасы, «Мәдениет арқылы бейбітшілікке» Халықаралық Ассоциациясының президенті
Құрметті конференцияның қатысушылары!
«Рухани Келісім Конгресі» Халықаралық қоғамдық қорының және «Мәдениет арқылы бейбітшілік» халықаралық қауымдастығының атынан мен осы конференцияның барлық ұйымдастырушыларын, қатысушыларын және қонақтарын осыдан 25 жыл бұрын Рухани Келісім күнін бірге атап өту дәстүрінің негізін қалауға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Дәл 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында 1-нші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресі өтті. Алғаш рет адамзат тарихында бір үстелдің басына барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, рухани проблемасы толғандыратын белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері жиналды.
Конгресстің өткізілу күні жайдан жай анықталған жоқ. Осыған дейін жүз жыл бұрын Чикаго қаласында (АҚШ) осындай съезді ұйымдастырудың талпынысы жасалынған болатын, бірақ өкінішке орай, ол жалғасын таппады.
Алматыдағы Конгрестің негізгі ұраны келесі сөздер: «Ғарыш. Жер. Адамзат». Дәл осы қысқа сыйымды сөздерде мәнін тегіс қамтитын Конгрестің негізгі идеялары анықталған болатын, олар барлық дерлік континенттерден дүниені сезінуі мен дінге сенуі әртүрлі адамдарды біріктіре алды.
Республика Сарайында Конгрестің ашылуы кезінде жаппай дұға оқу ең ұмытылмас сәттердің біріне айналды, онда үш мың адам бір күмбездің астында, бір сәтте өздерінің жүректеріндегі шынайы сезімдерімен Жаратушыға жалбарынды. Олар Жерде бейбітшіліктің сақталуын, олардың дінге сенушілігі мен дүниетанымына тәуелсіз барлық адамдарға шыдамдылық пен даналықтың, бақытсыздыққа ұшыраған адамдар мен жетімдерге тағам мен баспананың берілуін тілеген тілектер үндесе шықты. Жалпы медитация кезіндегі біздің шабытымыз бен әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дәл сол кезде дәл осындай ұлы бастаманы қолдау үшін энергияны осы 25 жыл бойы беріп келе жатқан аура құрылды, сол бастама осы қозғалыстың басында тұрған адамдардың істерін жалғастыруға күш берді.
Бірінші Конгресті өткізудегі біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған рөлі баға жетпес. Ол кісінің қолдауынсыз бұл Конгресс мүмкін болмас еді. Ол жиналған уақытты еске түсіргеннің өзі жеткілікті. Қазақстанға тәуелсіздік мемлекет ретінде ол кезде бір жыл да толмаған еді. Сол кезде барлығының алдында елдің және әр жеке адамның қарапайым күн көрісінің өзі басты мәселе болатын, біздің жүрегіміздегі рухани өзектің, қоғамдық және рухани келісімнің - біздің құнды байлығымыз бен лайықты өмірдің маңызды шарттары екендігін түсіну үшін біздің Президентіміз сияқты данышпандыққа және көрегендікке ие болу керек болатын. Сондықтан Конгресті қабылдауды мүмкін емес деп санаған кезде, Н.Ә.Назарбаев оны өзінің қоластына алып, өкілдерді Қазақстанға шақырды.
«Дінді құрметтегені үшін! Алауыздықсыз бөлмеу үшін! Қайырымдылыққа қызмет ету үшін!» - бұл қағидаттар Рухани Келісім Конгресінің жұмысы үшін негіз болып табылды. Қабылданған Манифестте оның қатысушылары 18 қазанды жанжал мен қақтығыстарға мораторий күні, келісім күні, адамдардың арасындағы өзара түсіністікті орнату күні, қайырымдылық күні мен жақыныңа көмектесу күні болып қабылдансын деп ұран тастады.
Өткен ширек ғасырға көз тастай отырып, біз оған қорытынды жасаймыз және сол кездегі алға қойылған мақсаттардан ненің атқарылғандығын және нені атқару керектігін ойланамыз.
Біздің бастамамызбен қазақстанның күнтізбесіне әлеуметтік маңызды күн - Рухани Келісім Күні енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың толық қолдауымен елдің қоғамымен кеңінен тойланады. Президентіміздің өзі осы күні отандастарына құттықтау сөзін сөйледі, Рухани Келісім Конгресінің өкілдерін өзінің резиденциясында қабылдады. Мұндай бірегей мереке әлемнің басқа ешқандай күнтізбесінде жоқ, бірақ бұл күнді басқа елдердегі біздің ниеттестеріміз атап өтеді.
Рухани Келісім Күнін өткізе отырып біз ұзақ онжылдықтарға жоғалған қайырымдылық дәстүрін жаңғырттық. Ертеңгі күні мыңдаған еріктілер Астанада халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына азық-түлік жинақтарын жеткізеді. Және бүкіл елде сондай іс-шаралар жүргізіледі. 18 қазандағы қайырымдылық науқаны - бұл тек әдемі ишара ғана емес, шынымен де игіліктің, мейірімділіктің, жүрек қалауының белгісі. Және егер бұл шын жүректен жасалса, оны қабылдаған адамның жүрегінен де сондай мейірім табады. Осылайша, адамдардың арасында ерекше рухани байланыс орнайды.
«Рухани Келісім Конгресі» халықаралық қоғамдық қоры және «Мәдениет арқылы бейбітшілік» қауымдастығы жыл сайын маңызды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүргізеді, олар адамзаттың тіршілігінің рухани-адамгершілік проблемаларына бағытталған. Біздің күнделікті тіршілігіміз бен рухани дүниеміздің проблемаларының арасында, біз талқылаған тақырыптардың арасында «Әлемнің болашағы - өркениет пен діннің келісімінде», «Тарихи, мәдени және діни дәстүрлер - Еуразияның рухани келісімінің негізі», «Төзімділік арқылы - рухани ауызбіршілікке», «Рухани мен мәдениет экстремизм мен терроризмге қарсы» деген тақырыптар орын алды.
Өзіміздің идеяларымызды алға тарту үшін біз баспасөз конференциясы, БАҚ үнемі сөз сөйлеу және тіпті телемарафон сияқты байланыстарды халықпен байланысу үшін пайдаландық. Осы кезеңде мен әрқашан қолдағаны және тілектестік білдіргені үшін мен бұқаралық ақпарат құралдарына алғыс айтқым келеді.
Рухани Келісім Қозғалысының маңызды түрде Қазақстанның астанасында әлемдік және дәстүрлі діндердің съездерін өткізу сияқты ғаламдық жобаны жүзеге асыру үшін тірек дайындап жатыр дегенім артық айтқаным болмас. Астанада осындай бес съезд кең ауқымда өтті. Қазақстан «Мұсылман әлемі - Батыс» форматында өркениеттің диалогының бастамасымен сөз сөйледі.
Бүгінгі таңда Рухани Келісімнің жетістіктері нақтылана бастаған кезде, түсіністік байқалған уақытта, Рухани Келісімнің жетістігіндегі маңызды буын Рухани Мәдениет болып табылады.
Біздің қызметіміздің маңызды кезеңі Рухани Мәдениеттің Дүниежүзілік Форумы болды, ол іс-шара Астана қаласында 2010 жылдың 18 қазаны мен 20 қазанының аралығында өтті. Оған әлемнің 72 елінен 600 астам өкіл келді. Алғаш рет әлемдік тәжірибеде Форум рухани мәдениеттің екі қанатын біріктіруге шақырды: діни және зайырлы руханиды, оған материалдық мәдениетінен тыс адамның қызметіне байланыстының барлығын жатқызуға болады.
ВФДК қазіргі заманғы өркениеттің терең дағдарысы мен рухани мәдениеттің өркениетіне өтудің қажеттілігі туралы айтылды. Форум әлемдік қоғамның назарын рух пен өсиеттің ғаламдық дағдарысынан өтуінің тіршілікке қажеттілігін атап өтті. Ол адамдардың, адамның, Ғарыштың және Табиғаттың, мемлекеттердің, әлемдік қауымдастықтардың және халықтардың және Жоғарыдағы Әлемнің арасында үйлесімді қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін өзінің ішкі мүмкіндіктері мен физикалық мүмкіндіктерін шоғырландыруға шақырды. Сөйтіп Форум өзінің дамуының жаңа тарауында келесі ұранмен Алматыда Алғашқы Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің эстафетасын қабылдады: «Ғарыш. Жер. Адамзат».
Жеті жыл бұрын басталған Рухани Мәдениеттің Дүниежүзілік Форумында өткен кезең бойы жұмыс тоқтаған жоқ. ВФДК Президиуымы үнемі қызмет істеуде, оның жұмысын үш қосалқы төрағалар атқарады - Иосиф Кобзон (Ресей), Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан) және Вильгельм Аугустат (Австрия). Үш тілде - орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ВФДК Ғаламтор сайты жұмыс істеп тұр, оған әлем бойынша жүз мыңдаған адам кірді. 2010 жылы өткен Форумның материалдарынан қомақты том шығарылды. Танымал голливуд актеры мен режиссеры Арманд Ассанте бұл туралы документалдық фильм түсірді. Рухани Мәдениеттің Дүнижүзілік Форумы туралы ақпаратпен мен Женевадағы ядролық қарусыздандыру, Нью-Делидегі суфийстік Дүниежүзілік форумында, V Санкт-Петербургтегі халықаралық мәдениет форумында және басқа да ірі халықаралық іс-шараларда бөлістім. Осындай жұмыстарды менің әріптестерім - ВФДК қосалқы төрағалары да атқарып жүр. ВФДК президиумының мүшелері Қазақстан Халық Ассамблеясының сессияларында қатысуда, олар әрқашан біздің одақтастарымыз бен серіктестеріміз болып табылады.
2016 жылы Рухани Мәдениеттің Дүниежүзілік Форумы және «Мәдениет арқылы бейбітшілік» халықаралық қауымдастығы «Тізбекті реакция» ядроға қарсы ғаламдық науқанын таратудың идеясын ұсынды. Атомдық бомбаның қирататын күшінің негізінде радиоактивті элементтердің ядроларын бөлу реакциясының тізбекті қағидатының жатқандығын ескеретін болсақ, тізбекті реакцияға ерікті барлық адамдардың іс-әрекеттері бірігуі керек. Біздің бастамамыз көптеген беделді халықаралық мемлекеттік емес ұйымдардан қолдау тапты.
Қазақстанда «Ядроға қарсы әлем» науқанының халықаралық науқанын Шәкәрім Университетінің студенттері мен оқытушылары бастады. Ол 30 қыркүйекте Семей ядролық полигонындағы сынақтың құрбандарын еске алуға орнатылған «Өлімнен де күшті» монументінде өтті. Семейден кейін науқан Астанада өтті және одан әрі барлық елге тарады. Қазақстаннан «Тізбекті реакция» әлемге тарады. Еуропа, Азия, Африка және Американың гуманитарлық қоғамдық ұйымдары өздерінің елдерінде өткізді.
Ресейден, Америка Құрама Штаттарынан, Украинадан және басқа да елдерден әріптестер мен ниеттестер қызықты бастамаға ұсыныс білдіріп жатыр.
Бүгінгі таңда Астанада күннің бірінші жартысында Еуразия халықтары Ассамблеясының басты кеңесі президиумының отырысы өтті. Бұл еуразиялық бірігудің идеяларын дамытуда халықтық дипломатияның құралы ретінде Мәскеуде ағымдағы жылдың мамырында құрылған халықаралық қоғамдық қозғалыс. Және президиум отырысындағы бүгінгі күннің күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Еуразияның барлық халықтарының Рухани Келісім Күнін тойлау туралы мәселені қарастырды. Және бұл біздің 25 жыл бұрын бастаған қозғалыстың тіршілік ететіндігінің, күш жинағандығының және бедел жинағандығының, жаңа одақтастар мен ниеттестерді тартатындығының ең үздік дәлелі болып табылады.