2021 жылдың 18 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде, Рухани келісім күніне орай «Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өткізілуі жоспарлануда.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Діндерді зерттеу орталығы және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы.
Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, орталық мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, халықаралық ұйымдар өкілдері, АҚШ, РФ, Индия, Пәкістан, Ливан, Швейцария, Қырғыстан мемлекеттерінен халықаралық эксперттер және республикалық діни бірлестіктер мен дін саласындағы ғылыми-сарапшылардың қатысуы күтілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Бірлік пен келісімнің арқасында біз әлемде жоғары беделге ие болып, Тәуелсіз мемлекет құруда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бірлік пен келісімнің маңыздылығын ұғыну еліміздің үйлесімді және тұрақты дамуының басты факторы болып табылады».
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – Ерлан Сатыбайұлы Әбдіқасов;
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары-Оралов Асхат Раздықұлы;
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары – Бакиров Бауыржан Жәлелұлы;
4. Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы-Әлмұханов Нұрдәулет Иманәліұлы;
5. «Мир через культуру» Халықаралық Ассоциациясының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Рухани келісім күнінің бастамашысы – Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы;
6. ҚМДБ төрағасы, Қазақстанның Бас мүфтиі – Өтпенов Наурызбай Тағанұлы;
7. Астана шіркеу округінің архимандриті-Карамышев Сергей Леонидович;
8. Джиддадағы ИЫҰ жанындағы РФ тұрақты өкілі - Абдулатипов Рамазан Гаджимурадович (Ресей);
9. Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы, Бас хатшының бірінші орынбасары – Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы – Светлана Константиновна Смирнова (Ресей);
10. Дүниежүзілік діни лидерлер кеңесінің Бас хатшысы-Бава Джейн(АҚШ);
11. "Сомайя Видьявихар" индология және дінаралық диалогты зерттеу институтының төрағасы - Самир Шантилал Сомайя (Үндістан);
12. Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті, қару-жарақты бақылау және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі американдық заңгерлер қауымдастығы комитетінің тең төрағасы, БҰҰ жанындағы қарусыздану, Бейбітшілік және қауіпсіздік комитетінің ҮЕҰ вице – президенті-Джонатан Г. Граноф (АҚШ);
13. «Н. Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы -Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы;
14. Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры - Мұхаммед Зия ул-Ха(Пәкістан);
15. Қазақстанның католик епископтары конференциясының баспасөз хатшысы-Петр Пытлованы;
16. Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры, ISME Президиумының мүшесі, Рухани мәдениет және келісім форумының халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі – Бегалиев Мұратбек Акимович (Қырғызстан);
17. Ливан-Ресей үйінің төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы, РАҚ және РЖҒА академигі-Сухейл Наим Фарах (Ливан).