2010 жылы өткен II Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының идеясы мен құжаттары кең ауқымда қолдау тауып келеді. Өткен жылдағы оқиғалар легі Форумда жасалған дүние жүзіндегі рухани-адамгершіліктік ахуалдың сараптамасын дәлелдей түсті. Бүгін адамзаттың рухани-адамгершіліктік тоқырауы тереңдей түскені анық. Қазіргі заманғы ғылым табиғи апаттардың жиіленуі мен адамның өмір сүру тәртібі, басқа адамдармен, ұлттармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы арасында анық байқалатын байланыс бар екендігін дәлелдеп отыр.
Адамдардың қоршаған ортаға деген салғырт әрекеттеріне табиғаттың берген ызғарлы жауабы – адамнан өмірлік құндылықтарды, төніп тұрған қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған нақты әрекеттерді қайта қарастыруды талап ететін жалғыз ғана дабыл емес. Адамзат мұның әрі қарай жалғасуына жол бермеу керек екендігін, өз мүддесін қорғап, тек өз пайдасын ойлаған бірлігі жоқ халық әлемді құрдымға апара жатқанын түсіну керек.
Әлемдік қауымдастықты жұмылдырудың, ең алдымен, адамның рухани табиғатына негізделген тәрбиелеу мен білім берудің жаңа заманғы жүйелерінің сапалы, жетілген және тиімді әдістемелері қажет екендігі айқындала түсуде. Осындай әдістемелер мен жүйелердің пайда болуына қарай, адамзат алдынан төнген көптеген қауіп-қатерлерге төтеп беруге ғана емес, сонымен қатар, оларға қарсы қозғалып, кеселді игілікке аударуға жаңа мүмкіндіктер ашыла бастайды.
Дұрыс, анық, жұмылдырар сөздерден ынтымақтастық пен мәдениет арқылы бірігуге, Форумның алға қойған мақсатын іске асыру үшін нақты, айқын қадамдарға, бірлестікке ынтымақтастық, мәдениет арқылы, адамзаттың санасындағы Рухани Мәдениеттің шығармашылық санасының ең басты рөлін тануға көшетін сәт келді.
Біз рухани мәденениеттен ынтымақтастыққа жеткізетін жалпыадамгершіліктік құндылықтарға немқұрайлы қарамайтын баршаларыңызды біздің қатарларымызға қосылуға шақырамыз, себебі біз бір ғаламшарда өмір сүреміз және біздің болашағымыз бір. Барлық ұлттық, саяси, діни, дәулеттік және басқа да айырмашылықтарға қарамастан, ең бастысы – біз адам баласымыз, және біз бір өркениеттің бөлігіміз. Жаһандық мәдени-адамгершіліктік, табиғи, техногенді, әскери және басқа да апаттардың қаупі төнгенде бұл айырмашылықтар жойылып, артқа сырылады. Мәселе әлемдік адам қауымдастығын құтқару жөнінде болып отыр.
Біз мәдениет пен дәстүрлердің бар байлығы мен сан алуандығын сақтай отырып, адамзат өркениетін келешек ұрпаққа мұрағат етуіміз керек. Біз адамдардың жүректерін, ұлттар мен мемлекеттерді қосатын көпірлер салып, оларға жетудің жаңа жолдарын іздестіруіміз қажет. Әркім өзінің жанына көз салып, «Мен не үшін өмір сүрем? Қандай құндылықтарға бой ұсынам? Бұл өмірде қандай із қалдырғым келеді?» деген сұрақтарға шынайы жауап қатуы керек.
Біз ойымыз бен жігерімізді бір арнаға бұрып, миллиондаған адамдарға өзіміздің мүдделеріміз бен ұмтылыстарымызды жеткізуге бел будық. Біз көппіз, және біздің даусымыз дабыл сынды естілетін болады. Осы негізде Астанада 2013 жылы өтетін Екінші Форумның іргетасы қаланады. Біздің барлығымызда бірегей мүмкіндік бар, олай болса, сол мүмкіндікті рух пен ар-намыстың жеңісі жолында қолданайық.