Ұйымдастыру комитетінің отырысы
2012 жылдың 3-ші желтоқсанында Мәскеу қаласында Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Екінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу барысы талқыланған халықаралық ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Форумның бірінші сессиясы әлемдік қауымдастықта елеулі жаңалық ретінде тарихта қалды. Рухани Мәдениеттің басты құндылықтары арқылы адамдардың басын бір жерге шоғырлау - өмірлік іс-қимылдарымыздың басты жетекшісі болып табылады. Міне, осындай әлемдік қауымдастықтың жаңа құрылымның өздігінен құрылуы арқылы Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы тұрақты жұмыс жасамақ.
Алдағы күннің жоспарында келесі сессияға дайындық жұмыстарына байланысты ауқымды шаралар бар.
Бірінші кезекте СӨЗ - Рухани Мәдениет деген ұғымды халықаралық деңгейде бекіту қажеттігі айтылған болатын, бұл бастама әлемнің 72 елінің делегаттары қатысқан Форум барысында толық қолдау тапқан еді.
Ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өткен мерейтойлық конференция аясында өткен Алқа отырысында 2013 жылы өтеді деп жоспарланған Екінші Рухани Мәдениет Форумын «Әлемдік Бейбітшілікке Рухани Мәдениет арқылы» атты тақырыпта ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді. Осы орайда, алдағы Форум жұмысын бейбітшілікті насихаттаған, халықтар арасындағы ауызбіршілікке үндеген, қауіпсіздікке рухани келісім мен достық арқылы қол жеткізуді баса насихаттау туралы сөз болды.
Дәл осы сұрақтар Алқа отырысының басты тақырыптарына айналды, ал, алқалық отырысқа халықаралық Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының мүшелерімен қатар, Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының теңтөрағасы, РФ Мемлекеттік Думасының Депутаты Иосиф Давыдович Кобзон (Ресей); Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының теңтөрағасы, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов (Қазақстан), Кеңес және Әзірбайжан эстрадасының әншісі, сазгер, Әзірбайжан Республикасының РФ төтенше және өкілетті елшісі Болат ПоладБюль Бюльоглы; «Келісім» орталығының Президенті Инесса Ипполитовна Немировская; Ресей Федерациясы Президенті жанындағы жеке құқық Зерттеу орталығының атқарушы директоры, Ресейлік жеке құқық мектебінің проректоры, «Жаңа әлем» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, халықаралық «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» бірлестігінің алқа мүшесі Юрий Андреевич Агешин; жазушы, қоғам қайраткері, журналист, Артем Боровик атындағы қайырымдылық қорының жетекшісі Генрих Аверьянович Боровик; М.Горький атындағы әдеби институтының профессоры, ақын, философ, Ресейлік «Мәдениет арқылы Бейбітшілікке» ассоциациясының Президенті Эдуард Владимирович Балашов; «Бейбітшілік арқылы Мәдениетке» ХБ алқа мүшесі, «Ашық тілдесулер Орталығы» ААҚ-ының бақылау кеңесінің төрайымы Ирина Степановна Дарнева; Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, профессор Сергей Георгиевич Кара-Мурза; «Дельфис» журналының бас редакторы Наталья Александровна Тоотси тағы да басқалар қатысты.
Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының алқа отырысын Иосиф Давыдович Кобзон жүргізіп отырды.
Ол өз баяндамасында «Әлемдегі бейбітшілік дегеніміз ол соғыссыз әлем құру деген сөз. Бұл кең ауқымды мағынада қолданыталытын сөз легі. Бұл әлемдік қауымдастықтағы өркениеттік жүйедегі өзгерістерге құрылған және адамдардың қауіпсіздігіне жауап беретін ұғым.
Қорқыныш пен үрей, зорлық - зомбылық, жою, өлім, қайыршылық – және осының барлығы да адамзаттың күнкөрісіндегі қарама – қайшылықтарды тудырады. Осындай себеп-салдарлардан кейін сан алуан әскери қақтығыстар туындап, жер шарындағы экологиялық проблемалар мен терроризмнің қауіпі туындауы, ақпараттық қатерлер мен азық-түлік тапшылығы, адамдардың сана-сезіміне кері әсер ететін күштер, дінаралық қақтығыстар мен отбасындағы жанжалдар сынды бірқатар проблемалар орын алады. Біздің көзқарасымызша шынайы өмір – бұл тек соғыссыз өмір деген сөз емес. Бейбітшілік қорқыныш пен зорлық жоқ жерде ғана нағыз Бейбітшілік болып табылады» деп атап өтті.
Міне, осы сөздер алқа отырысына қатысушы барлық делегаттар тарапынан толық қолдауға ие болды және ұйымдастыру комитетінің отырысында төмендегі шешімге қол жеткізілді:
- Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Алқасын 2013 жылы өтетін Форум жұмысының 1-ші секциясын «Барлық әлемде Бейбітшілік» атты тақырыппен ұйымдастыру қажет, оның ішінде «Бейбітшілік үндеуі арқылы - Әлемдік бастамалар» - Әлем соғыссыз өмір үшін», «Экономикалық қауіпсіздік және әріптестік», «Экологиялық мәдениет», «Ақпараттық қауіпсіздік», «ұлтаралық саясат», «Дінаралық келісім» тақырыптарын қамту туралы келісті.
Қоғамның жоғары рухани мәдениеттін көтеру әрине бір сағатта мүлдем мүмкін емес. Сабырлық пен төзімдікті серік еткен, тұрақты шаралардың арқасында ғана біз жоғары мәдени құндылықтарға қол жеткіземіз. 2013 жылы өтетін Форумның басты қағидасы да «Бейбітшілікке Мәдениет арқылы» деген қағиданы ұстанып отырмыз және осы жол арқылы біз рухани ағаруға қол жеткізе аламыз. Сондықтан да, ұйымдастыру комитеті төмендегі екінші шешімге қол жеткізді:
- Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының алқасы 2013 жылы өтетін форумның жұмысындағы II-ші секциясына «Рухани ағарту-рухани дамудың қайта құру тетіктері» атты тақырыпта өрбімек.
II секция аясында «Білім және тәрибие беру», «Дін», «Ғылым», «Өнер» тақырыптарына пікірталастар өрбімек.
Ұйымдастыру шаралары барысында орын алған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, бұл тақырыптарда бөлек-бөлек секцияда қамту қажет деп шешілді.
Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Екінші сессиясындағы басты қол жеткізілетін құжат «Бейбітшілік туралы Келісім» атты халықаралық келісім болмақ. Аталмыш шешім қазан айында Астанада өткен Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Алқа отырысында қабылданды.
2010 жылы өткен Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Бірінші сессиясы барысында қол жеткізілген құндылықтарды қамти отырып, 2013 жылы өтетін Форумның тағы бір басты Құжаты «Мәдениет арқылы Жаңа өмірге» атты бүкіләлемдік қоғамдық бірлестіктің жұмысын кеңейту туралы айтылды.
Осыған орай, Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшелері төмендегі келісімдерге қол жеткізді:
- Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Екінші сессиясындағы басты құжаттардың жобасын дайындауға орай арнайы жұмыс тобын құру және оның құрамы анықталды: Мұхамеджанов Т.М., Кобзон И.Д., Глазьев С.Ю., Абдулатипов Р.Г., Агешин Ю.А., Дарнева И.С., Трунина Л.А., Балашов Э.В., Бикалова Н.А., Полякова И.И., В. Августат, М.П. Фишер, Мальцев Н.Н., ПоладБюльБюльоглы, СухейльФарех, (тізім әлі жабылмаған).
- Ұйымдастыру комитетінің алқа отырысында жұмыс тобы 2013 жылғы Форумда қабылданатын Тұжырымдаманы әзірлеуі және Бейбітшілік туралы Үндеудің мазмұнын дайындауы қажет.
- Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Алқа отырысына «Жаңа Әлемге Рухани Мәдениет арқылы» Бүкіләлемдік қозғалысының ұйымдастыру құжаттарын дайындауға кеңес берілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшелері төмендегі шешімге қол жеткізді:
- БРМФ-ның Алқасына Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Ресейдегі өкілдігі жанынан Халықаралық Рухани Мәдениет Орталығын бекіту ұсынылды.
- Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Екінші сессиясы аясында - Әлемдік Жастар Форумын ұйымдастыру туралы сұрақтар қарау қажеттігі айтылды.
- Форумның тұрақты демеушілеріне арналған үндеу-хатты дайындау және тарату.
Лариса Трунина, Халықаралық Рухани Мәдениет Форумы ақпараттық қызметінің жетекшісі,
«Бейбітшілік арқылы Мәдениетке» халықаралық ассоциациясының Алқа мүшесі.