Құрметті достар!   Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Президиумы 2015 жылғы 17-18 қазанда Астанада өтетін дәстүрлі конференцияға дайындығын бастап кетті. Конференцияның жалпы бағыты: «Жанның экологиясы». Бұл тақырып біздің досымыз Сесьто Кастаньоли ұйымдастырған Швейцариядағы кездесуде туындады және ғаламшарымыздың экологиясына арналды.

02.06.2015

Құрметті Достар!

Менде барлығымыз үшін көптен күткен, қажетті ақпарат бар. Біз ІІ Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумын ұйымдастыруға БРМФ Президиум мүшесі Светозар Дарневтен 500000 ресей рублі көлемінде алғашқы салым алдық. Осыған байланысты Светозар Дарневке барлығымыздың атымыздан жіберген хатымды жариялап отырмын.

Құрметті Светозар Павлович!

Сізге шын жүректен БРМФ қорына салған мол салымыңыз үшін алғыс білдіремін. Бұл айтылған сөз жасалған іспен дәлелденетіндігінің нағыз үлгісі. Сіздің іс-әрекетіңіз, біздің ойымызды бөлісетін іскер адамдар мен бизнес-құрылымдар үшін шабыттандыратын стимул болсын.
Үкімет пен бизнес-ұйымдарға жіберілетін хаттарға байланысты құнды ұсыныстарыңыз үшін рахмет. Сіздің ойыңызды ескере отырып, әріптесеріммен ақылдасып, хат мазмұнын қайта қарап, реттеп рождестволық және жаңа жылдық демалыстардан кейін хаттарды жіберуге дайындаймыз.
Сізді, Светозар Павлович және Ирина Степановнаны Жаңа жылдарыңызбен және Рождествомен құттықтаймын! Сіздің отбасыңызға бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен табыс тілеймін. Сіздің асқақ армандарыңыз бен сенімдеріңіз орындалсын!
                                                                                                                                                                                                             Құрметпен,

                                                                                                                                                                                      Төлеген Мұхаметжанов