Мерейтойлық Конференция ҮНДЕУІ
I Бүкіләлемдік Рухани келісім Конгресінің 20-жылдығына арналған Мерекелік Халықаралық конференцияның
ҮНДЕУІ
18 қазан – Рухани келісім күні – Бейбітшілік, Бірлік және Жанашырлық күні!
Бейбітшілікті көзіміздің қарашығындай сақтайық.
Жүректегі ізгілігім – жүрегіңмен қауышсын,
Үйімдегі құт-береке – саған-дағы ауыссын.
Отбасыма қонған бақыт – бағың болсын сенің де,
Елімдегі тұрақтылық – болсын сенің еліңде.
Төрткүл әлемдегі тыныштық – Бейбітшіліктің сақталуына мысқалдай үлес қосқан сенің, менің, әрқайсысымыздың еңбегіміздің жемісі.
Сенің шаңырағыңа, туыс-бауырларыңа, ата-аналарыңа ынтымақ берсін!
Жер бетіндегі барша адамзат баласы бейбіт өмір сүрсін!
Жақындарыңды жақсы көр, Жаратушыңды жүрегіңде сақта!