Рухани Келісім Конгресі және Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумы аясында ұйымдастырылған басты шаралар КҮНТІЗБЕСІ

Рухани Келісім Конгресі және Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумы аясында ұйымдастырылған басты шаралар

КҮНТІЗБЕСІ

 

1992 жыл

18-21 қазан, Алматы қаласы.

 Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумы

Конгресс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен өтті. Аталмыш шараға әлемдік озық діндер өкілдері, танымал рухани тұлғалар, ағартушы ғалымдар қатысты. Олардың қатарында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Алмания,  Аустрия, Италия, Швейцария, Үндістан және ТМД елдерінің өкілдері болды.

«Біз дінаралық сыйластық үшін! Алауыздықсыз өмірүшін! Ізігілікті мақсат ете қызмет ету!» атты қағидалар Конгресс жұмысының басты ұстанымы болды.

I Конгресс барысында қабылданған Манифест 18-ші қазанды  Рухани Келісім Күні деп атап өту туралы ұсынысты ортаға салды, бұл арқылы қарама-қайшылықтар мен алауыздықтарды болдырмау, адамдар арасында  кешірімге үндейтін және біріне бірі көмек қолын созар ізігілік күні ретінде атап өту туралы ұсыныстар орын алды. Міне, осы уақыттан бері 18 қазан Қазақстанда әлеуметтік  басты мерекелердің бірі ретінде  Рухани Келісім Күні ретінде атап өтілуде.

Халықаралық «Рухани Келісім Конгресі» қоғамдық қоры құрылды.

 

1993 жыл

6 – 12 желтоқсан,  - Нью-Дели – Ришикеш  (Үндістан)

Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің екінші сессиясы

 

1997 жыл

 

18 қазан, Алматы қаласы.

«Рухани Келісім Конгресі» ХҚҚ-ының және Еуразиядағы  гуманитарлық әріптестікті ұйымдастыру комитетінің ұсынысымен Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумының Бірінші Конгрессінің бес жылдығына арналған дөңгелек үстел болды.

Еуразиядағы тарихи конфессиялардың  рухани  басшыларына  арналған Үндеу қабылданды.

 Еуразиялық дінаралық бейбітшілік орталығы  құрылды.

 Тұңғыш рет Қазақстан астанасы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Рухани Келісім Күні атап өтілді.

Республиканың барлық аймақтарында  қайырымдылық дастарханы бір мезетте жайылып, оған 60 мыңнан адам қатысты. Міне, осы уақыттан бері Рухани Келісім Күні аясында қайырымдылық дастархандарын ұйымдастыру дәстүрге айналды. 

 

 

1998 жыл

 

17 қазан,  Астана қаласы.

«Қоғамның рухани жағдайы: қорытындылар мен болашақ бағдарлар».

 Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентіне арналған Үндеу қабылданып, онда 18 қазан Рухани Келісім Күнін жалпыхалықтық мереке ретінде атап өту, ізгілікке, бірлікке, достыққа үндеген бұл мерекені Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелері санатына қосу туралы жазылған болатын.

 

1999 жыл

 

18 қазан, Астана қаласы.

«Үшінші мыңжылдық табалдырығында тұрған қоғамдағы рухани келісім проблемалары» атты дөңгелек үстел.

 

2001 жыл

17 қазан, Астана қаласы.

«Болашақтағы бейбітшіліктің кепілі- өркениеттегі келісім мен дінде» дөңгелек үстел.

 

 

 

2002 жыл

 

18 – 19 қазан, Астана қаласы.

Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің 10 жылдығына арналған мерекелік сессия «Тарихи, мәдени және дәстүрлі діндер – Еуразиядағы халықтардың рухани келісімінің кепілі».

 Халықтар арасындағы  және діни-танымдық қатынастарды жетілдіру бағдарламасы және халықтық ұсыныстарды қамту және жинақтау Палатасы құрылды.

 

2003 жыл

 

Ақпан,  Мәскеу қаласы, (Ресей)

Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің үшінші сессиясы

 

 

2005 жыл

 

7 сәуір, Мәскеу қаласы.

Ресей Федерациясы Федералдық Кеңсесі Мемлекеттік Думасындағы Мемлекеттік Дума жанындағы мәдениет комитетінің және Халықаралық «Мәдениет арқылы бейбітшілікке» ассоциациясының қатысуымен «Мәдениет терроризмге қарсы – терроризммен күресті қоғамда ұйымдастырудағы заңнамалық қамтамассыз етуді жұмылдыру» атты парламенттік тыңдау болды.

 17 – 18 қазан, Астана қаласы.

Халықаралық «Ұлтаралық достық  арқылы - Рухани келісімге» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталмыш шара ЮНЕСКО-ның достастық туралы қағидаларының қабылдануының 10-ы мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

 18 қазан, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасының Президені Ақордадағы өзінің ресми резиденциясында Халықаралық  ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың бір тобын  қабылдады.

«Қазақстан» және «Хабар» мемлекеттік арналарының қатысуымен Рухани келісім Күніне арналған төрт сағаттық телемарафон өтті.

 

Астанадағы Конгресс – Холл ғимаратында Рухани келісім күнінің делегаттарының қатысуымен танымал сазгер Кшиштоф Пендерецткийдің «Семь врат Иерусалима» атты симфониялық поэмасының қойылымы болды. Оркестрге К.Пендерецкий (Польша) дирижерлік етті.

 19 қазан.

«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың барлық қазақстандықтарға арналған  Рухани келісім күніне арналған құттықтауын жариялады.

 

 

2006 жыл

 

17 қазан, Астана қаласы.

«Руханият және мәдениет экстремизм мен терроризмге қарсы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

 Өнер және мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, танымал діндер басшыларына, әлемдік рухани қауымдастыққа арналған «Бүкіләлемдік Рухани Мәдени  Форумының өтуі уақыт талабына сай» атты Үндеу қабылданды. 

 Үш теңтөрағалардың басшылығымен Бүкіләлемдік Рухани Мәдени  Форумының Халықаралық  ұйымдастыру комитеті құрылды:

И.Д.Кобзон – Ресей Мемлекеттік Думасы мәдениет Комитетінің төрағасы, КСРО Халық әртісі;  

Т.М.Мұхамеджанов – Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сазгер, Халықаралық «Рухани келісім Конгресі» қоғамдық қорының президенті;

 В.Аугустат – халықаралық «Еуропа – бейбітшілікке мәдениет арқылы» ассоциациясының президенті, Линц қаласындағы  Халықаралық  этика институының директоры (Аустрия).

 

18 қазан.

Астана қаласындағы Конгресс-Холлда Ресей Мемлекеттік Думасынан келген делегацияны бастап келген КСРО Халық әртісі И.Д.Кобзоннның жеке кеші өтті. Концертке  Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаев қатысты.

 

2007 жыл

18 қазан, Астана қаласы.

Халықаралық «Қазіргі замандағы дінаралық және ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту жолдары» ғылыми-практикалық конференциясы.

 

 

2008 жыл

 

3 шілде– 7 тамыз.

Халықаралық «Мәскеу-Астана-Бейжің» достық пен бейбітшілік Олимпиадалық марафоны өтті. Марафонды ұйымдастыру барысында бірқатар гуманитарлық бағдарламалар – экологиялық, этнографиялық, мәдени, спорттық, дәрігерлік-биологиялық бағыттар түгел қамтылды. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумы туралы ақпаратты тарату болатын.

 20 қазан, Астана қаласы.

Халықаралық «Астана – әлемнің рухани орталығы» ғылыми-практикалық конференциясы.

 Ғаламторда Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумының www.astanaforum.kz дербес сайты ашылды.

 

2009 жыл

 

16 қазан, Астана қаласы.

Халықаралық «Жоғары адамгершілік пен руханилық – дағдарыстағы әлемнің тұрақтылығының басты тетігі» ғылыми-практикалық конференциясы.

 Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумына дайындық туралы танымдық кітап жарық көрді.

 

2010 жыл

 

18 – 20 қазан, Астана қаласы.

I Бүкіләлемдік Рухани Келісім Форумы.

Форум жұмысына әлемнің 72 елінен 500-ден астам делегаттар қатысты. Тұңғыш рет форум жұмысына барысында рухани мәдениеттің екі қанатын: діни руханият және заманауи руханиятты қатар ұстау қажеттігі айтылды. Бұл арқылы адамзат баласының материалдық мәдениеттен тыста дамуы қажеттігі сөз болды.

БРМФ жұмысы 8 секциядан тұрды:

  1. Рухани Мәдениет: қәзіргі таным және оны өркениеттің дамудындағы

үлесін арттыру.

  1. Биліктің әлеуметтік-танымдық заманауи жауапкершілігі.
  2. Рухани мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
  3.   III мыңжылдықтағы білім беру. Отбасы, мектеп, қоғам.
  4. Әлемдік азаматтық қауымдастықтағы ауқымды стратегиялық

бастамалар: азаматтық ноосферадағы этика-экологиялық Конституция.

  1.  Әлемді танудағы басты философиялық қағидалар, әлемдік танымдар.
  2. Танымал діндер: Рухани Мәдениетпен ара қатынасы және әріптестігі.
  3. Инновация: жаңа бастамалар мен тұжырымдамалар. Өнер өмірдің қайта түрлеуінің  тетігі.

  Форум барысында «Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы  XXI ғасырды Рухани Жаңарту ғасыры деп жариялайды» мәлімдемесін жариялайды.

БРМФ-ның қортындысы «Жаңа әлемге рухан  мәдениет арқылы» Декларациясы қабылданды.

 Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы  аясында ұйымдастырылды:

-  «Номад» халықаралық кинофестивалі;

-  «Дала әуендері» қазақ ұлттық музыкасынан концерт;

-  Карл Орфтың  «Кармино Бурано» кантаты орындалды;

-  БРМФ дегелаттарымен мен меймандарының қатысуымен гала-концерт;

-  «Өткен күндер естелігі бізбен  бірге» атты көрме жұмысына 39 ел қатысты.

 

20 қазан, Астана қаласы.

Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының 100 адамнан тұратын делегациясы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының XVI сессиясына қатысты.

 

2011 жыл

 

Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті.

 I   Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы туралы толыққанды Жинақ жарық көрді.

 «Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы. Астана, 18-20 қазан 2010 жыл» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

                                                                                            

30 наурыз - 1 сәуір, Женева қаласы, (Швейцария)

БРМФ теңтөрағасы Т.М.Мұхамеджанов  Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының қарусыздану және жаппай қыру құралдарын таратпау туралы жұмысының қорытындысы туралы семинар барысында баяндама жасады.

 

 

3 қазан, Нью-Йорк (АҚШ)

Астанадағы I  Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы туралы Арманд Ассанте  және Еркен Ялгашевтың «Даламен сырласу» атты деректі фильмінің халықаралық тұсаукесері.

 18 қазан, Астана қаласы.

«Рухани Мәдениет - әлемді жаңартудың кілті. (Рухани Мәдениетті бағындыруға  20 жыл») халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

 

2012 жыл

 

Наурыз, Тампа қаласы, Флорида (АҚШ)

«Гаспарилла» халықаралық кинофестивалінде «Даламен сырласу» фильмі қысқаметражды деректі фильмдер арасынан көш бастап, Бас жүлдені иеленді.

 

18 қазан, Астана қаласы

1992 жылы Алматыда өткен Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының 20 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.