Бізде керемет жаңалық бар: біздің досымыз Арманд Ассанте «Гаспарилла» Халықаралық кинофестивальінде Үздік қысқа метражды документалды фильм жүлдесін жеңіп алды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Біз Сіздерді Халықаралық «Гаспарилла» кинофестивальінің баспасөз хабарламасымен танысуға шақырамыз. «Гаспарилла» Халықаралық кинофестивальінің баспасөз хабарламасы Әлемге танымал актер Арманд Ассантенің «Даламен сырласу» фильмі Тампа қаласында (Флорида) өткен «Гаспарилла» Халықаралық кинофестивальінде Үздік қысқа метражды документалды фильм жүлдесін жеңіп алды.
Өзі сценарий жазып, өзі режиссер болған Арманд Ассантенің 27 минуттық әсерлі фильмі «Даламен сырласу» деп аталады. Ол Digital Domain-де ұсынылды.
Оның өз пікірі бойынша фильм неліктен қазақ халқы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясына негізделген және сол елдің Парламент Сенаты Депутаты Төлеген Мұхамеджанұлы басқаратын ірі жаһандық бейбітшілік бастама, «Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумын», өткізуші ел болуға лайық екендігін түсіндіреді.
Форум халықаралық қауымдастықты кезіп жүрген өзекті мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттер арасында өркениетті диалог құрып келе жатқан әртүрлі елдердің жетекші ойшылдары, жазушылары, ғалымдарының, сонымен қатар, суретшілерінің басын қосты.
Форумда АҚШ-ты төрт американдық таныстырды: Джонатан Гранофф, Жаһандық қауіпсіздік Институтының негізін қалаушы, Бава Джейн, БҰҰ-на қарасты Бүкіләлемдік Діни көшбасшылар кеңесінің бас хатшысы, Роберт Чейз, «Халықаралық түйісу» ұйымының директоры және алқалық шіркеудің бірқатар діндерінің негізін қалаушы, және соңғы екі жыл бойы Қазақстаннан документалды фильм түсірерлік әсер алған Арманд Ассанте.
«CineBistro» театрының дәрісханасында Ассанте: «Қазақстанның соңғы үш жүз жыл бойы, әсіресе, соңғы 80 жыл бойы басынан кешіргенінің барлығы бұл мемлекеттің толеранттылық пен бейбітшілік бастамасының туын көтерген ел ретінде бүкіл әлемге және күллі ғаламшарға өнеге болуына әсерін тигізді. Олардың президенті соңғы 20 жыл бойы ғажайып шараларды жүзеге асыруда – дағдарысқа ұшыраған елге басшы болып –қазіргі уақытта оны халықаралық тұлғалар барлық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде мойындайтын елге айналдырды. Ол Қазақстанға Кеңес Одағынан мирас боп қалған, көптеген сынақтар нәтижесінде апатты әсер қалдырған әлемдегі көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналды жойды. Ол Ресейден қазақ халқының даусы естілгендігін талап еткен өңірдегі алғашқы тұлға болды.»
Бастапқыда Ассанте 2007 жылы 21-ден аса халықаралық фестивальдерде жүлделерге ие болған өзінің «California Dreamin'» фильмімен Қазақстанға кинофестивальге шақырылған болатын. Жұмыс күнтізбесіне байланысты Ассанте бұл шараға қатыса алмады, алайда қазақстан-американдық продюсер Еркен Ялгашевтің жұмысынан әсер алып, сол жылы Қазақстанға барып қайтты.
Ассанте оның халқымен және мәдениетімен әуестенді.
«Қазақтар – көшпенділер мәдениетінің шынайы өкілдері. Мені таң қалдырған – олардың қажымас қайраты, олар қатаң жағдайларда өмір сүріп үйренген, олар тамаша жайдарман көңіл мен қонақжайлылыққа ие. Бүгінде Қазақстан Орта Азиядағы ең мықты әрі жедел қарқынмен дамитын экономикасы бар.
Жеке мен үшін – бұл таңғажайып мемлекет. Мен онда осымен он рет қайта оралып отырмын, және әлі барамын да. Мен Еркен Ялгашев пен Төлеген Мұхамеджанұлына мені өздерінің отанымен таныстырғаны үшін және менің фильм бойынша серіктестерім болғандары үшін алғыстармын.»
«Гаспарилла» Халықаралық кинофестивалі