Mary Pat Fisher | «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 17-18 қазан 2017ж.
Жақында негізі қаланған Еуразия халықтарының ассамблеясында біз бір жобамен жұмыс жасауды бастадық, онда Еуразияның барлық елдерінен адамдар рухани, гуманистік және шабыттандыратын, бір-бірімізден аға-әпкені көруге көмектесетін қысқа бейнефильмдерімен бөліседі. Біз мұны жақсы бастама деп ойлаймыз. Бірақ ең басынан бастап біз үлкен проблемамен қарама-қарсы келеміз - ол басқа мәдениеттің адамдарының түсінуі қиын мәдени ерекшеліктер.
Бізге Оңтүстік Азиядан бейне жіберді, онда ер кісі өрілген төсекте отырған қарт анасының табанын шайып жатыр. Сосын біздің таңданысымызға қарай, ол табанын жуған суды ішеді және сол сумен өзінің беті мен қолын жуады. Сосын олар анасымен бір-біріне деген үлкен махаббатпен құшақтасады. Оңтүстік Азияның көрермендері үшін бұл өте әсерлі көрініс. Біздің Ассамблеяның мүшесі Германиядан келген Лиз Аугустат әсер алғаны соншалық, бірден өзінің анасына телефон шалып, оның денсаулығын сұрады. Лиздің жүрегі мейірімді және интернационалдық мәселелерге көзқарасы кең. Бірақ ол Германиядағы басқа адамдарға осы бейнесюжетті көрсеткен кезде, көбісі оны біртүрлі деп таныды, ал кейбіреулеріне тіпті жиіркенішті болып көрінді.
Екінші жағынан, егер біз Үндістандағы Гоа жағажайындағы шешініп жүрген еуропалықтардың немесе орыстардың бейнесюжетін көрсетсек, Оңтүстік Үндістандағы дәстүрлі көзқарастағы көптеген адамдар мұны дұрыс түсінбес еді, себебі олардың мәдениетінде қарапайым киініп жүру керек. Егер мұндай айырмашылықтарды түсінбесе, олар жалпы адамзаттың жанұясында бір-бірінен бауыр мен әпкесін қалай тани алады?
Осы проблеманың шешімдерінің бірі - басқа мәдениет туралы көбірек білу, бұл біздің сыртқы ерекшеліктерімізге үлкен түсіністікпен қарау үшін қажет. Сондықтан мен табанды жуу туралы бейнеге қысқаша кіріспе сөз жаздым: «Табанды жуу - бұл Оңтүстік Азияда үлкендерге махаббатын, құрметін және мейірімін білдірудің дәстүрлі тәсілі болып табылады. Осы бейнеде баласы анасына өзінің құрметін білдіру үшін одан да көп нәрсені жасады». Лиздің ойынша, оның отандастары осы қысқаша сипаттаманы оқи отырып, бейненің мазмұнына төзімділік білдіруі мүмкін.
Дәл осындай тәсілмен, біз Оңтүстік Азияның консерваторлық тұрғындарына салқын және бұлтты елдердегі адамдарда күнге деген махаббатының ерекше екендігін түсіндіре алатын едік - күнге деген талпынысы соншалық, олар мүмкіндігінше барлық денесін сол күннің шуағына бөлеуге тырысады. Гобинд Саданада - мен тұратын Үндістандағы конфессияаралық қауымда, салқын елден келген кейбір қонақтар бақта қысқа киімде күннің шуағына бөленгісі келеді. Біз оларға жазық шатырдың үстіне шығуға кеңес береміз, бұл олардың ешкімге көрінбеуі үшін және олардың сыртқы келбетінің ешкімді кемсітпеуі үшін қажет.
Үлкенге деген сыйластық Батыс үшін үйреншікті әдет емес, бірақ Оңтүстік Азияда ол түсінікті жағдай, себебі ол ол жердегі тұрғындардың мәдениетіне сіңген әдет. Күннің шуағына бөленуге ынтызарлық - адамның мұқтаждығы, себебі дене «Д» дәруменін қажет етеді, бірақ жыл бойы дерлік күннің ыстығы проблема туғызатын және көлеңкені сүйетін адамдарға өзінің денесін күнге қоятын адамдарды түсіну қиын. Сондықтан бізге біртүрлі көрінетін әрекеттердің себептері туралы білу үшін тереңнен қарау керек сияқты.
Неге біз адамдарды кінәрат тақпай, болмысын сол қалпында қабылдай алмаймыз? Дхарманы қорғау үшін Діни ұстаз Гобинд Сингхпен негізделген - Хальсаның қасиетін сипаттауда, - Діни ұстаз басқаларды сынау - Хальсаның мүшесі бірінші кезекте бас тартуы тиіс әдеттердің бірі болу керек деген. Біз болсақ, керісінше, адамның киген немесе кимеген киімі, кейбір адамдар сөйлеген дауысының қаттылығы, бізге ұнамайтын музыка, кейбір адамдардың қатаңдығы сияқты кішігірім мәселелерге ренжиміз.
Егер кеңінен қарайтын болсақ, онда келесіні байқауға болады, яғни, адамдардың тұтас қауымы өздерінің әдеттерінен ерекшеленетін басқалардың әдеттеріне түсініспеушілік танытады. Үндістанда туылған, АҚШ және Австралияда тұратын Сикхилер, мәдениетсіз адамдар лаңкестікпен байланыстыратындықтан, олар жеккөрушілік пен қылмыстың нысанына айналды. Адамдар олардың атына кір келтірді, олардың бас киімін «жөргекке» және «шүберекке» теңеді, оларға шабуыл жасап, бастарынан сәлделерін жұлып тастауға әрекет етті. Бұл адамдар Діни ұстаз Гобинд Сингхтің өзінің оқушыларына Құдайға құлшылық етіп, тақуалар сияқты, шаштарын қимай, бірақ оны ақырындап сәлденің астына жасырып, адамдарға көмектесе отырып, бейбіт өмір сүруге шақырғанын білді ме екен. Сәлде оларды басқа адамдардан ерекшелендіретін белгіге айналды, ол әркім оларды танып, оларға қиын жағдайда көмек сұрауы үшін жасалған.
Біз өзіміздің мәдениетіміздің ерекшеліктері туралы біліп қана қоймай, өзіміздің эгомызды тәрбиелеуге және үйретуге талпынуымыз керек. Ол үшін терең рухани тәжірибе керек. Біз өзіміздің осал жерлерімізді танып, басқалардан кемшілік іздегенше, өзіміздің кемшіліктерімізбен, олармен күресуіміз керек. Біздің арамыздағы айырмашылық соншалықты алыс болмауы үшін, өзіміздің эгомызды тыныштандыруымыз қажет. Егер адамдардың әрекеті бірінші қарағанда бізге қорлағандай болып көрінсе, қорғаныс бекінісін иелене отырып, жағдайды шиеленістіргенше, қалыпты жағдайда олармен тіл табысқан қайда жеңіл.
Одан да терең шешім - бұл барлық ерекшеліктерімен бірге сол адамды құшағына алып қабылдау қарапайым төзімділіктен де артық болып табылады. Бұл да рухани тәжірибені және рухани түсіністікті қажет етеді. Барлық пайғамбарлар бізге бір-бірімізді жақсы көруді үйретті. Біздің ұстазымыз Баба Вирса Сингх «Құдай бізді мұнда бір-бірімізді талқыласын деп емес, Құдай бізді бір бірімізді жақсы көрсін, бір біріне қызмет етсін деп жіберді», - деді.
Бесінші сикх Діни ұстазы, Діни ұстаз Арджун Дэв, былай деді:
«Жаратушы сенің туындыңда өмір сүреді,
Ал туындың - Жаратушыда.
Одан басқа ешкім болмаса,
Біз кімді жаман дей аламыз? (Діни ұстаз Грантх Сахиб, 1381 бет)»
Діни ұстаз Грантх Сахиб, индуисттік және мұсылман әулиелерінің әнұрандарынан құралған сикхтердің, сонымен қатар, сикх Діни ұстаздарының қасиетті әмбебап жазбасы, біздің Құдайға түрлі нысандарда, сонымен қатар, ешқандай нысансыз да құлшылық ете алатындығымызды көрсетеді, себебі барлық жолдар бір Құдайға алып келеді. Біз өзіміздің жүрегімізден әрқайсысына орын ата аламыз, егер біз Құдайдың әр адамда өмір сүретіндігін түсінсек. Суфизмнің ұстазы шейх Фаридтің Діни ұстаз Грантх Сахибынан алынған өсиетінде келесідей әсерлі өлең жолдары бар:
«Әдепсіз сөздерді айтпа -
Нағыз Әмірші барлығында өмір сүреді.
Ешкімнің жүрегін жаралама -
Біз бәріміз қымбатпыз.
Барлық адамның жаны асыл,
Оларды ренжіткен дұрыс емес.
Егер өз Сүйіктіңе ынталы болсаң,
Ешкімнің жүрегін жаралама (Діни ұстаз Грантх Сахиб, 1384 бет)»
Біз осы асылдарды, сыртқы жағын ғана қарап қоймай, әркімнің жүрегінен махаббат көзімен іздеуіміз керек. Неғұрлым көп адамды шын махаббатпен құшақтай алсаңыз, соғұрлым өміріңіз бай болады. Сол кезде қайда қарасаңыз да, асылдарды көретін боласыз. Мәдениеттің ерекшеліктері біртүрлі емес, өте қызықты болып көрінетін болады.
Біз «Біздің әлемдегі жанұямыз» бейнежобасын бастадық, себебі өздерінің адамгершілігін қалай көрсетсе де, өзіміздің бауырларымыздың түрін барлық жерден көргіміз келеді. Құдай барлығына және әрқайсысына бата береді. Бір бірімізге Құдайдың көзімен қарайық!