Журналистер назарына!

17-18 қазан күндері Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.  Шараны ұйымдастырушылар; Қазақстан халқы Ассамблеясы және Рухани Келісім Конгрессі.

17 қазан, жұма күні
Сағат  14.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы Президиумы мүшелерінің баспасөз конференциясы болды.
Баспасөз мәжілісіне Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы, Бүкіләлемдік Рухани Мәдени Форумның теңтөрағасы, «Мәдениетке бейбітшілік арқылы» Халықаралық Ассоциациясының президенті;
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі;
Абдулатипов Рамазан Гаджимурадович (Ресей), Дағыстан Республикасының Басшысы;
Вильгельм Аугустат (Аустрия), Бүкіләлемдік Рухани Мәдени Форумның теңтөрағасы, «Мәдениет арқылы әлем-Еуропа» Халықаралық Ассоциациясының президенті, Этика институтының директоры;
Джонатан Гранофф (АҚШ) – Жаһандық қауіпсіздік Институтының президенті;
Агешин Юрий Андреевич (Ресей Федерациясы) – РФ Президенті жанындағы жеке құқық зерттеу орталығының атқарушы директоры, Ресей жеке құқық мектебінің проректоры қатысты.
Сағат 15.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» халықаралық Конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Аргентина, Австрия, Германия, Грузия, Ливан, Израил, Үндістан, Иран, Испания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Швейцария сынды елдердің өкілдері  қатысты.
 
18 қазан, сенбі
11.00-де Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындық жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті. Қорытынды құжаттар қабылданды. Шара «Astana Marriott Hotel» мейманханасы, Астана қ, Достық көшесі 2 өтті.
13.00 – де Рухани Келісім Күніне арналған мерекелік қайырымдылық түскі асы болды.
Сағат 18.00 – де «Астана Опера» опера және балет театрында Рухани Келісім Күніне арналған концерт өтті. Бағдарламада – В.Моцарт «Реквием».