«Жыл адамы - 2012»
Төлеген Мұхамеджанов халықаралық «Жыл адамы-2012» сыйлығының «Мәдениет» номинациясы бойынша сыйлығының иегері атанды.
Сыйлықты салтанатты тапсыру рәсімі 2012 жылдың 7 қарашасында Кремльді поляк отарлаушыларынан құтқарудың 400 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Салтанатты шара Мәскеудегі Құтқарушы Христің Храмында өтті.
Халықаралық «Жыл адамы - 2012» сыйлығы
Орыс биография институтының Экономикалық стратегиялар институтымен бірлесіп ұйымдастыруымен, федералдық телеарналар мен БАҚ - тардың қолдауымен Халықаралық «Жыл адамы -2012» сыйлығының жеңімпаздары анықталды, іріктеу барысында стратегиялық маңызды салалардағы жетістіктері зерделенді. Оның ішінде, ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік, қайырымдылық, ағартушылық салалары басты назарда болды.
2012 жылы «Жыл адамы» байқауын марапаттау рәсімі он екінші мәрте болып өтті. Өткен жылғы лауреаттар қатарында Мәскеу және Бүкілресей Патриарзы Алексей Екінші және жазушы Александр Солженициын, академик Жорес Алферов пен Лео Бокерия, кинорежиссерлер Владимир Бортко мен Карен Шахназаров, тағы да басқа танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар және ірі өнеркәсіп басшылары болған еді.
2012 жылы Ресейде ғана емес бүкіл әлемде ірі экономикалық оқиғалар орын алды. Ресей Екінші бүкіләлемдік сауда ұйымына ресми мүше атанды, біртұтас экономикалық кеңістік құрылып, ортақ дамудың ірі күшіне айналды.
Сонымен қатар, өткен жылы бірқатар тарихи оқиғаларда орын алды: олардың ішінде Романовтар әулетінің 400-жылдығы, 1812 жылғы Отан соғысының 200 жылдығы, Петр Столыпиннің 150 жылдығы, тағы да басқа саяси және әлеуметтік экономикалық шаралар бар. Биылғы жылы Ресей Императорлар Үйінің басшысы Мария Владимировна Княгинаны марапаттау туралы сараптамалық кеңестің шешімі шықты. Кедендік Одақты құру туралы оңтайлы шешімдері үшін «Жыл адамы» атағына РФ Президенті В.В.Путин, Беларус Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтар лайық деп танылды.
2012 жылы Сыйлықтың ауқымын кеңейту «Жыл ұйымы» номинациясын енгізу туралы шешім қабылданған еді. Оның ішінде Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінің танымал өнеркәсіп ошақтары мен ұйымдарының
кандидатурасы қаралды. Сыйлықты тапсыру рәсімі Мәскеудегі Құтқарушы Христ Храмында салтанатты жағдайда ұйымдастырылды, ақпараттық қолдау қоғамдық «Ресей газеті» арқылы жүзеге асты.
Биылғы марапаттау рәсімі 2012 жылдың жетінші қарашасында Кремлдің полшалық отарлаушылардан азат етілуінің 400-жылдығымен байланыстырылды, бұл тарихи оқиға Романовтар династиясының мерейтойымен тұспа тұс келді.
Ұлттық «Жыл адамы» сыйлығы лауреаттарының қорытынды тізімі Сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсынуымен танымал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сауалнама жүргізу негізінде анықталды. Таңдау барысында үміткерлердің кәсіби жұмысы, қызмет көрсету аясы, Ресейдің стратегиялық дамуындағы орынына (қайырымдылық, демеушілік, ағартушылық және т.б.) баса назар аударылды.