Құрметті достар!   Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының Президиумы 2015 жылғы 17-18 қазанда Астанада өтетін дәстүрлі конференцияға дайындығын бастап кетті. Конференцияның жалпы бағыты: «Жанның экологиясы». Бұл тақырып біздің досымыз Сесьто Кастаньоли ұйымдастырған Швейцариядағы кездесуде туындады және ғаламшарымыздың экологиясына арналды.

02.06.2015

II. Мемлекеттің қоғамдық және моральдік жауапкершілігі

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ
ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Елімізде білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, соған байланысты тұжырымдар мен білімге  байланысты  заңдар да қабылданып, жүзеге асуда. Алайда кәсіптік білім-тәрбие беру саласында оқушылардың  имандылық тәрбиесін қалыптастыру мен үшін маңыздырақ. Жалпы имандылықтың мәні, тәрбиелік маңызы  туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ұлы педагогтар: Әл–Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбергенов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин А.Мұхтар т.б. өз шығармаларында  құнды ой–пікірлер  мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен.
Жалпы, ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар: діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Сондай-ақ, әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.
Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды.
Жалпы, дін мен дәстүрдің өзара байланысы аса қажет. Қазақ халқының  күнделікті  тұрмыс тіршілігі,  әрбір іс-әрекеті  Исламмен астасып жатыр деуге толық қақымыз бар.  Мәселен, қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі - шілдехана. Баланың дүниеге келуі - тек бір ғана отбасының   емес,  бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған. Бала - өмірдің  қызығы.  Атам қазақтан: «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деген аталы сөз қалған. Сондықтан да, ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа» деп аталады. Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша «қалжа» делінеді. Атаулары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа» қойы ер балаға екі, не,  бір қой соятын болған. Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға қарағанда қомағайлау болатындықтан, (анасын көбірек емеді)  екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар, бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып,  ыстық сорпа ішіп,  өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына  тигізер әсері көп. Ата-бабаларымыз босанған әйелді 40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Асыл дініміз Исламда да әйел босанған уақыттан бастап, 40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни, етеккірі кезінде намаз оқымайды, ораза ұстамайды, күйеуіне жақындаспайды. Тағы бір  мәселе - ақиқаға сойылатын малдың үкімі жайында. Сойылатын қойдың барлық жағынан алғанда семіз әрі күтімді болуы  тиіс.
Қазақтың ең үлкен дәстүрлерінің бірі - шілдехана тойы  да Ислам дінімен тығыз байланысты. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады. Осы тұста шілдехана сөзінің қайдан шыққандығына тоқтала кетсек. Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил - «40», хана - «той» деген мағынаны білдіреді. Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні ел жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Діни тұрғыдан айтар болсақ, босанған әйелге 40 күн аяқталған соң  намаз оқып, ораза тұтуы, қажылыққа баруы, Құран кітабын ұстауға, күйеуімен жақындасуына рұқсат етіледі. Біздің қазіргі қоғамда, әртүрлі діндер мен түрлі өркениеттер тоғысқан тұста мұндай елдік, діндік дәстүрлер толыққанды сақтала бермеуі мүмкін. Немесе дінді ұстанғансып, ділдік дәстүрлерімізден қалып қоятын жағдайларға жол беріліп жатады. Керісінше, салт-дәстүрлерді ұстандым деп, діни  қайшылыққа да орын берілетін кездер аз емес.
Жалпы, жоғарыда айта өткендей, дәстүрдің дінімізбен, діліміз дәстүрімізбен өзара астасып  жатса нұр үстіне нұр.Осындай біздің дәстүрлеріміз көп жылдар бойы сақталып келген тәлім – тәрбиенің үздіксіз процесі. Бұл үздіксіз процес кәсіптік білім беру мектептеріндегі оқушылардың иманы берік болып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге үйретеді.
Тұлғаның имандылық, рухани–адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру  барлық кезеңдерде де өзекті мәселе  болып келген. Оның  өнегелі  үлгілерін  жастар тәрбиесінде пайдалану  қажеттілігі мен теориялық–педагогикалық негіздері  Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, келесі ғалымдар еңбектерінде жалғасын тапты. (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А. Сухомлинский, А.С.Макаренко, Б.С.Гершунский, И.П.Подласый, Н.Е.Щуркова т.б.). Заманымыздың арқалы ақындары Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова. Т.Айбергенов т.б. еңбектерінде  имандылық, құрмет пен сыйластық, қадір–қасиет,  кішіпейілділік, адамгершілікті ту етіп жырлаған.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі  басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту, соның ішінде менің тоқталатыным кәсіптік білім беруде оқушылардың имандылық тәрбиесін қалыптастыру.  Кәсіптік білім беру мектептеріндегі оқушылардың өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазірігі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және  өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіруге тәрбиелеу маңызды шара. Адамның тәндік, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуын рухани дамудың өлшемі ретінде алуға болады.
Жалпы даму  дегеніміз – адамның  тәндік, жандық және рухтық сипатының біртұтас  үйлесімділікте  өрбуі, яғни дүниедегі адам болмысының көздеген мақсаты. Егер әр түрлі ғылым салалары, мәселен, тәнтану, физиология, психология, әлеуметтану адам дамуының мүмкіндігін, оның тетігін анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы жүзеге асырылатынын сипаттап, көрсетеді. Даму  күрделі, қозғалмалы үрдіс болғандықтан, тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәжірибесі өзара
Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың  өзегі болып табылады. сабақтасады.   Ал рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну  және  өзін – өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру болып табылады.     
Тәрбие бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа  жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамды дамытады. Тәрбие барысында адамның дамуына басшылық жасалады, оны тәрбие арқылы жеделдетуге  немесе өзгертуге болады. Нәтижелі тәрбие тұлғаны дамытады.       Осы орайда  ХХI ғасырдың  алғашқы жылдары діни –имандылық  мәселелеріне байланысты  А.Елемесова «Абай мұрасындағы  рухани имандылық тәрбие» (2010ж.), Н.С.Әлқожаева  «ХХI ғасыр Екінші жартысындағы  ағартушылар мен мұраларындағы имандылық  идеяларының дамуы» (2001ж.) тақырыптарында кандидаттық  диссертациялар қорғап, ұлы демократ - ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларындағы  имандылық идеяларды  жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын көрсетті. Бұл еңбектерді педагогика ғылымындағы жаңа бағыт, тың арна деп қабылдауңа болады. Ислам дінінің  мән–мазмұнын,  оның тәрбиелік қырларын  қазақ халқының салт - дәстүрлерімен  сабақтастыра зерттеген ғылыми–педагогикалық еңбекке  педагогтар қауымы  бүгінгі күні  өте зәру. Балабақшаға, мектепке,  жоғары оқу орындарына  арналған рухани имандылық  тәрбие берудің  нақты бағдарламалары, оқу - әдістемелік құралдары әлі жасалынған жоқ. Бұл мәселе жөнінде  Ресейдегі  оқу – тәрбие ісі көш ілгері. Мысалы, Ресей  үкіметі сыныптан тыс уақытта православие  мәдениетін  тәрбие жұмысына  пайдалануды жоспарласа, Татарстан  әлдеқашан   Ислам дінінің қағидаларын  мектептің  оқу – тәрбие ісінде пайдаланады себебі, «…біздің дініміз біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті,тәрбиелі  ел болып өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. Адам баласының иманжүзділігі, өзінің  жеке басының тәрбиелілігі жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну- өте бір психологиялық, ол –сенім,бір нәрсеге сену... Бірақ адам баласының миында бір-ақ сенім бар. Олай дейтініміз-миды бөлшектеп тастауға болмайды. Бұл –дінге байланысты, сенімге байланысты, яғни Аллаға сену. Жалпы, Алла  әрқайсымыздың жүрегімізде деген мәселе. Адамның арына, ұлтына сену керек. Осыдан барып басқа сенім көрсеткіштері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену... Діннің  қуаты, күшті жері –адамның  бойында сенім  деген сезімді тәрбиелеу» дейді ғалым – ұстаз Арын Мұхтар Ғалиұлы «Бес анық» еңбегінің  ішіндегі дін туралы ой толғамында.
Имандылық тәрбиесі – ұлағатты іс.
Бүгінгі мақалада ғалым – ұстаз Арын Мұхтар Ғалиұлының  «Бес анық» еңбегінің ішіндегі дін туралы ойтолғамына тоқталғалы отырмыз. Өйткені,  осы еңбегінде  ол дінді ұлттық рухқа тікелей қатысты бар, ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн  беруші,тәртіпке салушы  ерекше күш бар нәрсе деп қарастырады. Әсіресе, діннің ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға тәрбиеге үлкен әсерін тигізетіндігін  айта келе «Дінсіз ұлт халық болмайды» деп тұжырымдайды және ол еліміздің  тәуелсіздігіне, халқымыздың  азаттығына  байланысты туындаған  ой, ойлау еркіндігі мүмкіндігін ескере отырып дін туралы төмендегідей пайымдаулар жасайды.
«Ислам діні –    Жалпы өзінің толғамдарының  атауын Шәкәрім  ізімен «Бес анық» деп атап, оған «дінді» қосуынан Шәкәрімнің «Үш анығымен» байланыстылығын аңғаруға болады.
Шәкәрім мен М.Арынның имандылық, иманжүзділік, сенім ұғымдары бір- бірімен үндесіп жатыр.
Шәкәрім өлеңдеріндегі ойшылдық, философиялық пікір танымдары «Үш анық» деп аталатын қолжазба-көшірмелерінде жатса, М,Арын діни танымнан, наным сенімдерден алатын тәрбие туралы  ой толғай отырып өзімнің  шариғатқа қатысты пікірін былайша өрбітеді... «Адамаралық қарым-қатынаста жалпы заңдылықтар болуы керек. Өйткені, қауымдасып, қоғамдасып өмір сүргеннен кейін белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынбаса болмайды».
Негізінен, Мұхтар Ғалиұлы да діннің даму деңгейін, тарихы мен теориясын терең талдайды. Оқып көрейік: «Мың бір хадисте ғылымды.білімді бірінші орынға қойған. Онда білім екі түрлі болады: біреуі жүректегі білім, ол өте пайдалы; екіншісі, тілдегі білім, ол жүрекпен қабылданбаған, оны шын мәніндегі білім деуге болмайды».