2010 жылы өткен II Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының идеясы мен құжаттары кең ауқымда қолдау тауып келеді. Өткен жылдағы оқиғалар легі Форумда жасалған дүние жүзіндегі рухани-адамгершіліктік ахуалдың сараптамасын дәлелдей түсті. Бүгін адамзаттың рухани-адамгершіліктік тоқырауы тереңдей түскені анық. Қазіргі заманғы ғылым табиғи апаттардың жиіленуі мен адамның өмір сүру тәртібі, басқа адамдармен, ұлттармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы арасында анық байқалатын байланыс бар екендігін дәлелдеп отыр.
Адамдардың қоршаған ортаға деген салғырт әрекеттеріне табиғаттың берген ызғарлы жауабы – адамнан өмірлік құндылықтарды, төніп тұрған қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған нақты әрекеттерді қайта қарастыруды талап ететін жалғыз ғана дабыл емес. Адамзат мұның әрі қарай жалғасуына жол бермеу керек екендігін, өз мүддесін қорғап, тек өз пайдасын ойлаған бірлігі жоқ халық әлемді құрдымға апара жатқанын түсіну керек.
Астана, 17-19 қазан 2011 жыл
Бұл Астана қаласында Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына қатысушылардың бірінші мәрте бас қосуы емес. Осы орайда, неге Қазақстан? неге Астана? деген заңды сұрақтар туындайды. Біреулер үшін бұл сұрақтың жауабы жеңіл болып көрінуі мүмкін, өйткені Қазақстан аяғынан тез тұрып кеткен тәуелсіз ел, мұнай мен көгілдір отыны, жер асты байлықтары жетерлік мемлекет, дәл осындай іргелі отырысты ұйымдастыруға мүмкіндігі жетерлік. Алайда, мұнай, газ немесе тағы да басқа құндылықтарға өзге іргелес елдер де ие, бірақ ең бастысы – Астана болашаққа өзгеше қызығушылықпен ұмтылуда. Енді тағы да өзімізге «неліктен?» деген сұрақ қояйықшы. Және былай жауап берейік: себебі халықтың рухани жаңаруы жаңа Қазақстанның дамуының басым бағытына айналды. Есіме, осыдан 18-20 жыл бұрын танымал саясаттанушы досыммен болған пікірлатас түседі, онымен біз бір класста оқыған едік. Қазіргі таңда танымал саясаткерге айналған ол досым екеуміз кезінде оның сыныптасы болған мемлекеттік және қоғамдық тұлға туралы пікірталастырдық.
Сонда менің досым, табиғатынан бойына дарыған талантты, ақыл мен парассаты сол адамға қарапайым білімділіктің жетіспей жататындығын айтқан еді. Бұл жерде оның алға тартқаны: «Пушкиннің кім екенін 6 немесе 7 жасында таныған адамның рухани бейнесі Пушкинді 15-жасында оқып білген қатарластарының рухани бейнелерінен ерекшеленеді». Келісейік, бұл құрылысы бойынша даулы, ал мағынасы бойынша талассыз пікір. Бұл жерде мәселе Пушкиннің, Руставель мен Бернстің, Абай Құнанбаев пен ақын Жамбылдың шығармашылық мұрасында емес, адамның адам болып қалыптасуы үшін оның бойына сәби кезінен бастап білімділікке, оқуға, рухани кемелдікке құштарлықты тәрбиелеуде. Міне, содан кейін ғана… Ал енді оқыған, жан жақты дамыған адамның инженер, ұстаз, дәрігер немесе мемлекет қайраткері немесе жалпы кім болатыны маңызды ма? Әлде ол өзін футболға, күреске, теннис немесе спорттың басқа түріне арнайтын шығар, рухани дамыған адам өзінің жетістіктерімен бірқатар адамдардан озады.
Мүмкін бүгінгідей электрондық технологиялар дамыған заманда Пушкин мен Руставелиді сырып қойып, жаңа білім технологияларын енгізуге ден қою керек дейтін шығар. Грузияда осы жылдан бері бірінші классқа барған балаларға ағылшын тілін оқыту қолға алынды. Осы бағдарлама аясында тек Тбилисиге ғана емес, Грузияның түкпір-түкпіріне осы елде ұстаздық мамандықты игеруге мыңдаған ағылшын тілді еріктілер келуде. Ел Президенті Михаил Саакашавили бірінші классқа барған әр балаға компьютер сыйлауға уәде берген болатын және бұл уәде орындалуда. Бір сөзбен айтқанда, білім беру саласында жаңа бастамалар орын алуда. Бұдан не шығарын алдағы уақыт көрсетеді. Бұл эксперименттер өзінің жемісін болашақ ұрпаққа береді деп сенейік. Қалай десекте, бұл реформалар біздің болашақ ұрпаққа Руставели мен Абай, Пушкинмен танысуды ұмыттырмаса болғаны, Пушкиннің «Қайырымдылық қағидасын мен өз қаламыммен ояттым» деген жыр жолдарын, әлемнің кез келген еліндегі мейірімді адамдары қолдар еді, оның ішінде жақында ғана 150 жылдығын атап өткен грузин Важа Пшавелади келісер еді деп ойлаймын. Балалық шағымнан менің жадымда оның «Қонақ пен қожайын» атты поэмасы жатталып қалыпты. Дастанда кистин деп аталып кеткен Джокола атты шешен ұлтының өкілі орманда адасып кеткен Звиадауриді кездестіріп, оның бойынан шешендердің қас жауы, кезінде өзінің бауырын өлтірген жауынгер-грузинді текетірес жағдайға қарамастан оны өз бауырындай көріп, өзінің туған бауырын өлтірген дұшпаным емес мейманым деп қарап, үйіне қонаққа шақырған сәттері бар еді. Бірақ бұл оқиға туралы Джоколаның ауылдастары біліп қалып, Звиадауриді ұстап алып өлтіретін болады. Сонда Джокола қандас дұшпаны болса да мейманынын қорғап, былай депті; «Үйіндегі қонағын байлап тастаған адамды тірі адам деп ойлайсыңдар ма? Мені ұятқа қалдырып, салтты аяққа тастайсыңдар ма? Маған Пайғамбарымыз Мұхамммед берген сенімді алға тарта отырып айтайын; мейман күту біздің салтымыз! Егер оны ұмытып кеткен болсаңдар онда сендер де менің дұшпаным боласыңдар! Таудың асқақ ұлының салтты өзгертер күні жоқ, бұл менің қонағым!» деген екен. Екеуі де өлімді еңселерін көтеріп тұрып бірге қарсы алады, бірақ өздерінің өмірлік қағидаттарын сақтап қалады. Бүгінгі таңда бізге тау халқының міне осындай батырлық, өжеттілік пен тектілігі жетіспей жатады.
Осыдан бір жыл бұрын мен Астанада өткен 13-ші халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде қазылық етіп қайтқан болатынмын. Бұл ойлар мені тағы да бастапқы пікіріме әкеліп соқтырады; бүгінгі Қазақстандық шынайылылық меніңше ең басты құндылыққа, елдегі рухани бейнені қалыптастыруға және жас буынды тәрбиелеудегі руханилыққа бағытталған. Фестиваль өткен үш-төрт күннің ішінде мен көптеген әсерлер алдым. Қазылық етуші тұлға ретінде, қазақстандық әншілер мен муызканттардың өнерін тамашаладым, сазгерлерін, фольклорін тыңдадым. Бұл таланттылардың ішінен ең таланттысын көрсететін ерекше шара болды. «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен Қазақстандық оқушылар мен студенттермен танысқан фестиваль кездесулері әлі есімде. Менің назарымды аударған адамдардың бойындағы білімдарлық, ел болашағына деген ұмтылысы болды. Былтырғы жылы өткен Форум барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Көп ұлтты қазақстандық мәдениетті дамытудың бастауы мемлекеттік саясаттың басыңқы бөлігі болып табылады» деген болатын. Бұл әрине даусыз пікір. Менің Нұрсұлтан Әбішұлының бейнесі туралы пікірім сонау кеңестік кезеңнің өзінде-ақ қалыптасқан болатын, әрине бұл 1980-жылдардағы кеңестер одағының қалт-құлт еткен шағы болатын. Егер Кеңестер Одағын құлата білген танымал саясаткерлердің аттары жарияланатын болса бұл тізімде ол кісінің де есімі болар еді. Өйткені, ол кісі сол кездегі кейбір кеңестік елдердің басшыларының ішіндегі өз елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен өз елінің батыр ұлдарының бірі бола білді. Ол Кеңестер Одағынан егемендігін алған жеңісімен тоқтап қалған жоқ, ол қантөгісті болдырмай, оның алдын ала отырып тәуелсіздігін ала білді. Міне, бұл тарих. Менің бүгінгі Нұрсұлтан Әбішұлы басқарып отырған Қазақстанмен таныстығым оның Орталық Азиядағы іргесі берік ел екендігі туралы пікірімді нақтылай түсті. Оның ішінде қазақстандық қоғамның рухани даму барысы, оның мемлекеттік діңін қатайта түседі. Менің бұл баяндамамның қаншалықты бүгінгі тақырыпқа жақындығын айтпаймын, бұл менің журналистік бақылауымның нәтижесі деймін. Бірақ көңілімнен шыққан ашық ойларым осы. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Қатысушылардың баяндамаларын тыңдап және талқылағаннан соң, «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» Халықаралық конференциясы Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының (БРМФ) идеялары мен құжаттары кең ауқымда қолдау тауып келетіндігін атап өтеді. Өткен жылдағы оқиғалар легі Форумда жасалған дүние жүзіндегі рухани-адамгершіліктік ахуалдың сараптамасын дәлелдей түсті. БРМФ-ның жұмысы мен нәтижелеріне деген қызығушылық кеңінен таралып келеді. Оның қатысушылары мен жақтастары әлемнің 72 елінде, барлық континенттерде тұрады. Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форум мақсатына байланысты оңай емес, болашаққа жоспары бойынша еліктіргіш келетін жолдың бастамасы болды.
Дұрыс, анық, жұмылдырар сөздерден ынтымақтастық пен мәдениет арқылы бірігуге, Форумның алға қойған нақты, айқын істеріне көшетін сәт келді.