«Мир через культуру» ұранының мәні адам өмірінің барлық салаларында адамдар арасында шынайы мәдени, адамгершілік қарым-қатынастарды орнату арқылы бейбітшілік принциптерін бекіту болып табылады.
30 наурыз - 1 сәуірде Женевада (Швейцария) ДРМФ тең төрағасы Т.М.Мұхамеджанов қаруды бақылау, қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелеріне арналған семинарда Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумының қорытындылары туралы баяндама жасады.
16 қазанда Астанада «Жоғары адамгершілік пен руханият – әлемді дағдарыстан кейінгі қайта құрудың негізгі тетіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
19 қазанда халықаралық конференция Дүниежүзілік Рухани Мәдениет Форумына дайындық жөніндегі халықаралық ұйымдастыру комитетінің отырысымен жалғасты.
17-18 қазанда Астанада ЮНЕСКО-ның Толеранттылық қағидаттары Декларациясының қабылданғанына 10 жыл толуына арналған «Толеранттылық арқылы – рухани келісімге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
17 қазанда Рухани келісім күні қарсаңында Астанада қалыптасқан дәстүр бойынша «Әлемнің болашағы өркениеттер мен діндер келісімінде» атты дөңгелек үстел өтті.