2021 жылдың 18 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде, Рухани келісім күніне орай «Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өткізілуі жоспарлануда.

18.10.2021

Жаңалықтар

12 Қыркуйек Мәскеуде Э. Балашов, Ю.Агешин, Л. Трунина, Т. Мухамеджановтың қатысуы бойынша жұмыс Мәжілісі өтті. Конференцияның тақырыбы, негізгі баяндаманың сұрақтары, сонымен қатар Ресейден келетін делегация құрамы талқыланды. 

28.06.2012

09.02.2012

Ақпанның 7-9 аралығында Тегеранда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығы басшысының арнайы өкілі, сенатор Төлеген Мұхамеджанов ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің биыл Астанада мамыр айында өтетін аталған алқалы жиынға ресми шақыру хатын Ислам білімі институтының Президенті Сейед Мохаммад Хаменеиге, Исламдық мазхабтарды жақындату Әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мохаммад Әли Тасхириге, Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының Президенті Мохаммад Бағер Хорамшадқа табыстады. Иран тарапы шақыру хаттарды үлкен ықыласпен қабыл алды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф пен Қазақстанның Ирандағы Елшісі Бағдат Әмреев қатысты. Сонымен қатар, қазақстандық делегация 25-ші халықаралық Ислам бірлігі конференциясына қатысты. http://www.din.gov.kz/kaz/novosti_i_sobytija/?cid=0&rid=80

Біз Астанада, қалыптасқан дәстүр бойынша, 2012 жылдың 18 қараша күні I Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің 20-жылдығына арналған торқалы конференцияны өткізуді ұсынамыз. Онда өткен кезеңнің қорытындыларын шығарып, біздің қозғалыстың болашақ міндеттерін анықтау мәселелері сөз болады. Аталмыш конференция 2013 жылға белгіленген Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындықтың маңызды қадамы болмақ. Біздің көзқарастарымызға қосылатын және оларға жақын барша қауымды Астана қаласына шақырамыз. Біз бұрын соңды болмағандай бірлікте болуымыз керек, себебі біздің қатарымыз әлі ойдағыдай толыққан жоқ. Біздің әрқайсысымыздың алар орнымыз бөлек, әрқайсымыз өзіміз ойлағаннан да құнды, бағалырақпыз. Біз неғұрлым көп, неғұрлым әртүрлі, бір-бірімізге ұқсамайтын, бірақ бір мақсатпен, бір міндетпен біріккен болсақ, соғұрлым жұмысымыз жемісті болмақ. 20 жыл бұрын басталған ізгі іс өзіне лайықты жалғасын тауып, жарқын болашақта жүзеге асуы үшін қолымыздан келетіннің барлығын жасайық!

Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1992 жылдың 18 қарашасында Алматыда 1-ші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтті. Адамзат тарихында алғашқы рет руханилық мәселесіне немқұрайлықпен қарамайтын барлық діндердің өкілдері, рухани қоғамдық ұйымдар, танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосты. Конгресті өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Жүз жыл бұрын осындай съезд өткізу идеясы Чикаго қаласында (АҚШ) ойластырылды, бірақ, өкінішке орай, бұл іс-шара кейіннен жалғасын таппады.

1. 2012 жыл, қазан айында өтетін I Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің 20-жылдығына арналған торқалы конференциясы мен 2013 жыл, қазан айына жоспарланған Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумының тақырыптар кешені мен күн тәртібіне ұсыныстар енгізу. 2. Конференция мен форумның құрылымы. 3. Конференция бюджетіне қаржылық жобалар ұсыну. Өздігінен қаржыландыруға көшу қажеттілігі. 4. Екінші Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумына дайындық. Жаңа серіктестер мен жақтастар іздестіру. Қатысушылар тізімін қалыптастыру. 5. Интернет-кеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу.

1. Абдулатипов Рамазан Гаджимурадович (РФ) – Дағыстан Республикасының басшысы 2. Robert J. Chase JR (АҚШ) - Intersections International негізін қалаушы және директоры 3. Jonathan G. GRANOFF (АҚШ) – Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті, Америка қаруландыру мен ұлттық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі заңгерлер қауымдастығы комитетінің теңтөрағасы, БҰҰжанындағы қарусыздандыру, бейбітшілік және қауіпсіздік комитетінің ҮЕҰ вице-президенті. Ядролық саясат жөніндегі заңгерлер комитетін, Бүкіләлемдік қауіпсіздік жөніндегі заңгерлер альянсын қоса алғанда, көптеген консультативтік кеңестердің мүшесі. 4. Ernesto KAHAN (Израиль) – Израиль Жазушылар қауымдастығының президенті, Бүкіләлемдік Өнер және Мәдениет Академиясының вице-президенті (АҚШ), «Дүниежүзінің барлық дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» ұйымының экс-президенті (ұйым Нобель сыйлығының 1985 жылғы лауреаты), Әлем әдебиеті мен мәдениеті Халықаралық Форумының (ИФЛАК). 5. Ali Akbar Mohammad Ali TASKHIRI (Иран) – Иранның жоғары көшбасшысының ислам әлемінің халықаралық істері жөніндегі кеңесшісі, ислам ғылымдары саласындағы маман және Ислам мазхабтарын жақындастыру жөніндегі Бүкіләлемдік Ассамблея Кеңесінің мүшесі. 6. Mohammad Reza Rezvan Talab (Иран) – Ғылым министрінің орынбасары, Ғылым министрінің Ғылыми алқасы құрамына тарту жөніндегі орталық директоры, Тегеран университетінің Ғылыми алқасының мүшесі.  7. Смирнова Светлана Констаниновна (РФ) - Ресей Халықтары ассамблеясы Кеңесінің төрайымы. 8. Wilhelm AUGUSTAT (Австрия) – Әлем мәдениет арқылы – Еуропа президенті, этика институтының ректоры 9. Jens Stachura, Germany (Алмания) – «PAX UNIVERSALIS» бүкіләлемдік желісінің президенті - дүниежүзіндегі бейбітшілік үшін жалпымәдени одағы. 10. Enrique Gaspar Rodriguez (Испания) - «Nexos-Alianza» қауымдастығының президенті. 11. Sesto Giovanni Castagnoli (Швейцария) – Бүкіләлемдік Рухани форумның президенті. 12. Mary Pat Fisher (Үндістан) – Гобинд Садан сыртқы қатынастар департаментінің жетекшісі және Гобинд Садан Салыстырмалы Дінтануды Тереңдетіп оқыту институтының қызметкері.  13. Susana Roberts (Аргентина) - вице-директор, IFLAC (Әлем әдебиеті мен мәдениетінің Халықаралық форумының вице-директоры) Аргентина және Оңтүстік Америка, Бүкіләлемдік үйлесімділік қауымдастығының мүшесі. 14. Сухейль Наим Фарах (Ливан) - Ливан-Ресейлік үйінің төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. 15. Athanase Vantchev de Thracy (Франция) – «Әлем ақындары» халықаралық ұйымының президенті, Solenzara Мәдениет Институтының президенті, Бразилия академиясының мүшесі, Болгария академиясының мүшесі, Француз академиясының лауреаты. 16. Бегалиев Мұратбек (Қырғызстан) – Қырғыз консерваториясының ректоры, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик 17. Анастасиади Вадим Георгиевич (Грузия) - «Кешкі Тбилиси» газетінің бас редакторы. 18. Вареник Наталья (Украина) - Журналист, корреспондент, «Апта айнасы» газетінің редакциясы. 19. Агешин Юрий Андреевич (РФ) - Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Жеке құқық зерттеу орталығының атқарушы директоры. 20. Трунина Лариса Александровна (РФ) – «Жаңа ел» қоғамдық қозғалысының үйлестірушісі, Халықаралық рухани мәдениет орталығының ақпараттық қызметінің жетекшісі. 21. Порохова Валерия Михайловна (РФ) – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі,профессор, дінтанушы-ғалым. 22. Немировская Инесса Ипполитовна (РФ) – «Келісім» орталығының жетекшісі. 23. Алибасов Бари (РФ) - музыкалық продюсер. 24. Полякова Ирина Ивановна (РФ) – «Әлем мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығы президиумының мүшесі. 25. Дарнева Ирина Степановна (РФ) - член Президиума МА "Әлем мәдениет арқылы" ХҚ Президиумының мүшесі, «Ашық қатынастар аясы» ААҚ қадағалау кеңесінің төрайымы. 26. Дарнев Светозар Павлович (РФ) - "Монолит" ұжымдық серіктестігінің Директорлар кеңесінің төрағасы. 27. Матвеев Егора Дмитриевич (РФ) – Еуразиялық телевидение және радио академиясының вице-президенті. 28. Сапрыкина Анастасия Николаевна (РФ) -